«География әлемі» атты шоу
сайыс сабағы 7
сыныптар
Сабақтың
мақсаты: 1.Оқушылардың дүниежүзіндегі
құрлықтары және оның бөліктері, географиялық орны, жер бедері,
табиғат зоналары, халқы мен елдері туралы түсініктерді
қалыптастыру
2.Оқушылардың алған
білімдерін, пәнге деген қызығушылығы мен құштарлығын, ойлау
қабілеті мен сөйлеу тілін, әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасай
білуін дамыту.
3. Ой-өрісі ғана емес, рухани
және әлеуметтік жағынан өздерін-өздері дамытып, тәрбиелеуге
дағдыландыру
Сабақтың
көрнекіліктері: магниттік тақта, АКТ,
Д.Ж.физикалық картасы, Сөзжұмбақ, Тікелей ұяшықтар
плакаттары Сабақтың
барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2.
Таныстырылым кезеңі 3. «Кім жылдам?» кезеңі Сұрақ-жауап 4. «Менің
елім» кезеңі 5. «Сөзжұмбақтар сайысы» кезең 6. «Мағынаны ажырату»
кезеңі 7. «Ситуациялық сұрақтар» кезеңі Топ спикерлер жарысы
8.Қорытынды. Марапаттау 2. Мұғалімнің кіріспе
сөзі.
Ақыл –адамды аздырмайтын
ем, Шолғыншысы--ой
Білім—таусылмайтын кен.
Жолдасы—кәсіп,
Адамның басшысы --ақыл
Қорғаны—сабыр,
Жетекшісі –талап
Қорғаушысы--мінез
Шоу сабағымызда географиядан
алған білімдеріңізді қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап
беріңіздер. Алған білімдеріңізді осы сайыс сабақтың кезеңдерінде
көрсете аласыздар.
Сайысқа
7б
және
7в
сынып оқушылары қатысады.
Сайысты бағалап, әділдігін айтатын қазылар алқасы таныстырылады.
1.Инновация завуч Ниязқұлова Шайзада апай
2.Әлеуметтік –педагог
Нұрмаханова Мария апай
3.Бейімдік завуч Беденова Баян
апай
4.География пән мұғалімі
Өсербаева Қарлығаш апай
1тур Таныстыру кезеңі
5 ұпаймен бағаланады. Әр топ өздерінің топ мүшелерін
таныстырып өтеді
«Қыран» тобы және «Бәйтерек»
тобы 2 тур «Кім жылдам»
Сұрақ—жауап кезеңі
Топ мүшелеріне сұрақ қойылады.
Дұрыс жауап 5ұпай 6 құрлық
бойынша
1топқа: 1. Криктер дегеніміз
не? Кеуіп қалған
арналар
2.С.Америка материгіндегі
Солтүстік мұзды мұхитының алабына жататын өзеннің
аты Маккензи Ұзындығы
4740км. 3. Жанартаулық аралдардың ең
үлкені Гавай
аралы 4.Акваланг дегеніміз
не? Су астында дем алуға
арналған аппарат 5.Африканың ылғалды экваторлық
ормандар зонасында қандай өзен бар?
Конго
өзені 6.Жер шарында қай елде қалайы
белдеуі бар? О.А.
Боливияда 7. Фернан Магелланның саяхаты
қай жылдары жер шарын айналып өтті?
1519-1522жылдары 8.С.Америкадағы ең биік ағаш
секвоя АҚШ-тың қай штатында өседі? Калифорния 9.Аустралиядағы кенгурулардың
ірісін немесе кішісін қалай атайды?Сұр кенгуру немесе
Валлаби10.Кордильера тауына алтын
іздеушілер келіп, аптап ыстыққа шыдамай шөлден қайтыс болатын
кезеңді қалай атайды?«Алтын дүрбелеңі» немесе
«Өлім аңғары» 2топқа: 1. Панама каналы қай жылы
салынды? 1914жылы 2.Солт. Американың
оңтүстігіндегі шеткі мүйісі Марьято
мүйісі 3.Венесуэла,Мексика,Куба,Перу,эквадор жерлерінің биіктік
белдеулерін зерттеген кім? А.Гумбольдт 4.Котопахи тауы қай елде
орналасқан? Эквадор
елінде5.Африкада өсетін вельвичия
өсімдігі қанша жыл өмір сүреді? 2000жыл 6.Хамада дегеніміз
не? жергілікті халық тасты
шөлдерді айтады
7.Аустралиядағы ең биік тауының
аты Косцюшко тауы
2228м.
8. Аустралияның байырғы
тұрғындары аборигендер мен
папуастар
9. Миссисипидің оң жақ саласы
Миссури өзенін үндістер қалай атаған?
Тұнбалы
өзен
10.Д.Ж. ең ұзын бұғаз қалай
аталады? Мозамбик бұғазы 3 тур.
«Менің елім» кезеңі 3 түске боялған 9 ұяшықтар
берілгенӘр жауап 5 ұпаймен
бағаланады.
Қызыл түсте — Ел астаналары
Сары түсте — Қазақ хандығына 550жылдығы
Көк түске — Қазақ ақындары
Қызыл түстің сұрақтары: 1.Судан елінің
астанасы Хартум
2.Грекия
астанасы Афина 3.Исландияның
астанасы Рейкьявик
Сары түстің сұрақтары:1. Соңғы
президент сайлауы қашан болды? 1999жылы
2.xv ғасырдағы қазақ ханы кім
болды? Жәнібек
хан
3.Атаға бөлінгендер адыра
қалды, көпті қорлаған көмусіз қалды, хан азса- халқын сатады, халық
азса- хандыққа таласады,- деп айтқан кім?
Төле
би
Көк түстің сұрақтары: 1.Қазақ
халқының «Үш
бәйтерегі»
Бейімбет Майлин, Сәкен
Сейфулин, Илияс Жансүгіров
2.
«Абай
жолы»
романы қанша елдің тілінде
аударылды? 30
3.Оралхан Бөкейдің ең үздік
шығармасы қалай аталады?
Тортай мінер
Ақбозат
4 тур. «Сөзжұмбақтар
сайысы» кезеңі Әр жауап
5ұпай
Өздері алдын-ала дайындалған
Солтүстік Америка мен Африка құрлықтары туралы сөзжұмбақтарын қарсы
топтар бір-біріне жасырады.
5 тур. «Мағынаны ажырату»
кезеңі « Ішіне, сыртына» әдісі Жауап 5 ұпаймен
бағаланады.
Бірнеше берілген термин
сөздерді Гондвана мен Лавразия құрлықтарына ажыратып жазып
шығыңдар
Лапландия, «Мұз бен от
елі»,
Аустралия,Еуропа,Арктика,
Мадагаскар,Тянь-Шань, Қазақстан, Үнді мұхиты, Кордильера,Сингапур,
АҚШ, Дежнев мүйісі,Амазонка өзені, Ниагара сарқырамасы, Ла-Плата
жазығы, Атакама шөлі, Аргентина, Ніл өзені, Виктория көлі,Чад
көлі,Қойөгіз, Оттава, Гренландия аралы, Намиб шөлі, Тунис
елі,Бентли ойысы,Мичиган көлі.
Гондвана құрлығы Лавразия
құрлығы
6. «Ситуациялық сұрақтар»
кезеңі Топ спикерлер жарысы 5ұпаймен
бағаланады
1топқа: Ертеде қойшылар ағаш
тостағанға ет пісіріп ішкен. Оны қалай түсіндіруге
болады? Жауабы: Тасты қыздырып
салып отырған
2топқа: Сіздер бейтаныс жерге
кемемен жүріп жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әр
түрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Олар
сіздерге «кенгуру»
деген сөзден басқа сөз айтқан
жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап
берді. Жауабы: Аустралия
материгі. Жергілікті тұрғындар халық тілінде «кенгуру» сөзі
«түсінбедім» деген мағынаны білдіреді.
1топқа: Сіздер бұл материкте
оқымысты ғалым қызметкерлерінен басқа адамды
кездестірмейсіңдер.Бірақ, ешқайсысы зәулім ғылыми институттарда
жұмысқа бармайды және қарапайым вагон үйлерде тұрады. Бұл қай
материк және қай халық? Жауабы: Антарктида материгі
және зерттеушілер.
2топқа:
Италияда «ит
үңгір»
деп аталатын үңгір бар. Оның
түбінде ұдайы көмір қышқыл газы тұнып тұрады. Үңгірде адам еркін
жүре береді, ит болса, ұзамай-ақ сенделіп барып құлайды.
Неге?
Жауабы: Газ жерден 1метрден
артық биікке көтерілмейді. Ит сондықтан
құлайды.
Қорытынды.
Сөз кезегін әділ қазылар
алқасына беремііз
Жеңімпаздарды
марапаттау
5 тур. «Мағынаны ажырату»
кезеңі « Ішіне, сыртына» әдісі Жауап 5 ұпаймен
бағаланады.
Бірнеше берілген термин
сөздерді Гондвана мен Лавразия құрлықтарына ажыратып жазып
шығыңдар
Лапландия, «Мұз бен от
елі»,
Аустралия,Еуропа,Арктика,
Мадагаскар,Тянь-Шань, Қазақстан, Үнді мұхиты, Кордильера,Сингапур,
АҚШ, Дежнев мүйісі,Амазонка өзені, Ниагара сарқырамасы, Ла-Плата
жазығы, Атакама шөлі, Аргентина, Ніл өзені, Виктория көлі,Чад
көлі,Қойөгіз, Оттава, Гренландия аралы, Намиб шөлі, Тунис
елі,Бентли ойысы,Мичиган көлі.
Гондвана құрлығы Лавразия
құрлығы