400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

География апталығының қорытынды кеші сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
География апталығының салтанатты қорытынды кешіне арналған сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі КММ












Қорытынды кеш

География апталығының салтанатты қорытынды кеші














Жетекшісі:Төлеуғажина П.А

Тексерген:Балтабаева А.Д














2022-2023 оқу жылы

Мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстар жүйесі арқылы пәнге деген жағымды қызығушылықты қалыптастыру.

Міндеті:мектеп оқушыларының географиялық білімдері мен дағдыларының сапасын арттыру,мектеп оқушыларының жалпы мәдениет деңгейін көтеру.

Көрнекілігі: әдемі безендірілген сахна,плакаттар,карталар,шарлар.

Әнұран орындалады

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,ұлағатты ұстаздар,ата-аналар және оқушылар!Бүгінгі біздің география апталығының қорытынлы кешіне қош келдіңіздер!

Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді

Берекелі ,кең байтақ,жалпақ елді

Көрінер көкжиектен далам енді

Кім танымас айтсаңшы айтыңдаршы

Қазақстан егемен менің елімді

Кім танымас тербелген тал бесікті,

Болашаққа айқара аштық кең есікті

Барша ел аузын ашып тамсанумен

Дей келе «Туған жер» атты ән шашуымен ортаға Жамбылова Еркежанды шақырамыз!

Жүргізуші : Менің елім - Қазақстан Отаным

Жырлар жазып,өзіңді әнге қосамын

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел

Арта берсін,абыройың,атағын

Қазақстан – Есіл мен Ертіс маған

Қазақстан – Көкшетау ер қыстаған

Қазақстан – Қабанбай,Бөгенбайлар

Дей келе осы апталықта өткен іс шаралардың марапатауларымен жеңімпаздарымызды мадақтасақ!

(Ортаға мектеп оқу ісінің меңгерушісімен,апталықтың жетекшісі келіп оқушыларды марапатайды.)

Жүргізуші:

Табиғаттың құпиясы тұңғиық.

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,

Білген сайын сырын оның жүреміз

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлейік қасиетін

Әділдікке әрқашан бас иетін

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп

Халқың айтқан орында өсиетін

О табиғат сырың да терең екен,

Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.

Дей келе ортаға 9-10 сыныптардың орнынды КВН әзіл ойындары!

Жүргізуші:

Ей замандас ең алдымен досыңды ұқ,

Досың жер, су, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп осылардың сыйлығын,

Осыларды қорлау деген не сұмдық?

Жер ешкімге жазбайды деп арызды,

Барын сарқып сала беру парыз ба?

Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер.

Не берсе де беретіні қарызға.

Дей келе ортаға керемет күйімен Есенгелды Даулетты шақырамыз,қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары бүгінгі біздің география апталығымыздың соңғы кеші өтті.Қорытынды кешіміз осымен өз мәресіне жетті,назарларыңызға рахмет, келесі кездескенше!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
26.04.2023
798
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі