Материалдар / география ғылымының дамуы

география ғылымының дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар.Тақырыбы: География ғылымының дамуы. География пәнінің мұғалімдеріне әсіресе жас мамандарға өте қажет. Себебі қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілігін жетілдіріп үлгермеген қаншама әріптестеріміз бар. соларға қосымша көмек болар еді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
775
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар
Күні:07.06.2017жСынып: 7 «Б»Мектеп: ОҚО үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектеп-интернатМұғалімнің аты-жөні: Балчикова А.А.Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:Ауа райы және метеорологиялық элементтер
Оқу мақсаты:Ауа райы ұғымын түсіндіреді.Температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды.Температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштерін өлшеп, метеорологиялық құрал-жабдықтарды қолданумен тіркейді.Жергілікті жер мүмкіндігі бойынша температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық графикалық материалдарды жасайды.
Сабақтың мақсаты:Барлық оқушылар: Ауа райы ұғымын түсінеді.Оқушылардың басым бөлігі: Температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтай алады.Кейбір оқушылар: Ауа райы және метеорологиялық элементтер жайлы өз идеяларын айта алады.
Бағалау критерийіТүсіну:- оқушылар метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың маңызын түсінеді; Қолдану:- табиғат құбылыстарын үйрену арқылы олардан тапсырмалар құрастыруы, географиялық есептер шығару;Талдау:- метеорологиялық элементтер мен табиғат құбылыстарының өзінжік қасиеттерін талдайды;Жинақтау:- оқушылар элементтердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табады және сол арқылы халық шаруашылығын дамытуына байланысты өздерінің ұсыныстарын береді;
Тілдік мақсаттар Мәтінмен танысады, оны оқиды және сол арқылы метеорологияның элементтерінің ерекшеліктерін және маңыздылығын зерделейді. Метеорологиялық элементтер – ауа райын сипаттайтын элементтер: температура, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын, жел және т.б.Гигрометр- ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал.
Құндылықтарға баулуЕлімізде болып жатқан табиғи оқиғалар мен құбылыстарды жан-жақты үйрене отырып, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Пәнаралық байланысФизика – табиғат құбылыстарын белгілі бір заңдылық бойынша үйренуде.Математика – кейбір метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін салыстырғанда және есептегенде.
Алдыңғы білімАуа райы дегеніміз не? Климат дегеніміз не? Әлемде және Қазақстанда болып жатырған метеорологиялық құбылыстардың келіп шығу себептері, Ауаның темпера-турасы, жауын-шашын түсетін ең көп түсетін орындар


Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар
Сабақтың басы9минҰйымдастыру кезеңі: «Гүлмен тілек» әдісін (мақсаты: тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру, тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады, қолданылуы: оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі) қолданып 4 топқа бөлемін. Миға шабуыл әдісі арқылы Атмосфераға байланысты терминдердің атауын айту және оны тапқызу.







Стикерлер, АКТ
Сабақтың ортасы30минМағынаны тану әдісі. . Ауа райы - Атмосфераның жай күйін ұдайы өзгеріске ұшырататын көптеген физикалық үрдістер табиғатта болып тұрады. Жер бетінің белгілі бір жерде, белгілі бір аймақта болып тұратын атмосфераның жай күйін ауа райы дейді. Ауа райының сипаты: ауа температурасы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын, жел және т.б. бұларды метеорологиялық элементтер дейміз. Ауа райын болжау. Ауа райын зерттеудің практикалық мәні жоғары. Ауа райының болжамы барлық шаруашылық түріне қажет. Ауа райын болжаумен метеорологияның бір бөлімі – синоптикалық метеорология айналысады.Жер бетіндегі метеорологиялық стансалардың деректері бойынша ауа райы картасы жасалады. Ауа райын бақылау атмосфераға зонд шарларын, радиозонд, ұшақ және арнайызымырандарды ұшыру арқылы да жүргізіледі.

АКТ мен жұмыс жасау. 1 топ Суреттерді көру арқылы сипаттама береді.

Кестені толтыру. 2 топ

3 топ оқушылар Венн диаграммасын орындайды. Температура Ұқсастығы Қысым



География пәніне электронды оқулық

7 сынып География А. Егорина. С.НүркеноваАлматы. Атамұра 2017 жыл



Барометр, гигрометр флюгер































Акт мен жұмыс жасау





Интерактив тақта слайд, оқулық







Кесте, тірек сызбалар











Венн диаграммасытірек сызбалар
Сабақтың соңы6минСабақтың соңында оқушыларға проблемалы сұрақтар қойылады:- Егер сен ауылшаруашылық қызметкері болсаң метеорологиялық құбылыстарды білу сен үшін маңыздылығы неде деп ойлайсың?Дискриптор:Әр дұрыс жауап 1баллоқушылар метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың маңызын түсінеді; - табиғат құбылыстарын үйрену арқылы олардан тапсырмалар құрастыруы, географиялық есептер шығару;- метеорологиялық элементтер мен табиғат құбылыстарының өзінжік қасиеттерін талдайды;- оқушылар элементтердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табады және сол арқылы халық шаруашылығын дамытуына байланысты өздерінің ұсыныстарын береді;







стикерлер
СаралауБағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?Пәнаралық байланыстар.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелеріАКТ-мен байланыс
Сабақ барысында оқушыларды қолдау әрдайым орын алып отырадыОқушылардың жеке қабілеттеріне қарай А, В, С деңгейіндегі тапсырмалар Кері байланыс және критерий арқылы олардың жетістіктерін бақылап отырамынФизика, математикапәндерімен байланыс орнатылады.Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады.Сабақ барысында құндылықтар дамытып отырады.
РефлексияСабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағалау.

Қандай екі нәрсе табысты болды(Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)1.Кітаппен жұмыс жасауда, тапсырмаларды топпен талқылау кезінде табысты болды2.Термин сөздерді атап оны жаттайды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.АКТ мен жұмыс жасауда2.Сыни тұрғыдағы жаңа әдіс-тәсілдер.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?1.Сыни тұрғыдағы ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды беру мен әдістерді пайдалану2.Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ