Материалдар / География ғылымының салалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География ғылымының салалары

Материал туралы қысқаша түсінік
География ғылымының салалары туралы түсінік алады
Авторы:
15 Қараша 2023
458
11 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: «География ғылымының салалары».

Бөлім:

1. Географиялық зерттеу әдістері

1.1 Зерттеу және зерттеушілер

Педагогтің аты-жөні:

Жанатова А.И.

Күні: 04.09.2023ж


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

География ғылымының салалары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.1.1- география ғылымының салаларға бөлінуін графикалық түрде көрсетіп түсіндіреді

8.1.1.2 -география ғылымы салаларындағы маңызды зерттеулерді анықтайды

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін

Білім алушылар география ғылымының салаларға бөлінуін графикалық түрде көрсетіп түсіндіреді

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар география ғылымы салаларындағы маңызды зерттеулерді анықтай отырып, география ғылымының салаларға бөлінуін графикалық түрде көрсетіп түсіндіреді

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3.Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Кітап

2 топ: Дәптер

3 топ: Қаламсап

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.География ғылымы қандай салаларға бөлінеді?

2.География ғылымының басты ерекшкліктерін ата?

3.География ғылымы деген ұғымды қалай түсінесің?








Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу 31 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағаланады.




Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-Тапсырма: География ғылымының салаларға бөлінуін графикалық түрде көрсетіп, түсіндіріңдер. Жұмысты Word қосымшасында SmartArt графикалық элементтерінің көмегімен және оқулықтағы «География ғылымының салалары» кестесінің мәліметтерін қолданып орындаңдар.

2-Тапсырма: оқулық мәтініндегі маңызды зерттеу бағыттарымен танысып, шығып әр бағытқа сәйкес келетін география ғылымының салаларын анықтаңдар. Жұмыс нәтижесін кесте түрінде рәсімдеңдер.


Дескриптор: Жалпы - 5 балл

1.Берілген тапсырманы оқулықта берілген кестенің мәліметтерін қолданып орындайды

2. Кестеге талдау жасайды

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Жеке жұмыс

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

3-Тапсырма: Әртүрлі дереккөздерді пайдаланып, қазіргі заманғы маңызды географиялық зерттеу жобалары туралы таныстырылым (презентация) әзірле.

Дескриптор: Жалпы - 5 балл

1.Тапсырма бойныша

таныстырылым (презентация) әзірлейді

ДК экраны

8-ынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

image5.png

Үйге тапсырма

География ғылымының салалары. Оқу.Қосымша материал дайындау




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!