Материалдар / География халықаралық тест 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География халықаралық тест 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиада
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2021
955
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орта ғасырлар тарихында еуропа елдері үшін V-X ғасырл ар ал Азия елдері үшін ІІ-ХІ ғасырлар ерте орта ғасырлар дәуірі деп аталды. Бұл дәуірде адамзат баласы тарихының дамуында көптеген тайпалар құлдық қоғамды аяқтап, жаңа қоғамдық қатынас феодализмге енді. Ерте орта ғасырларда ірі жер иеліктері дамыды. Феодалдық қоғамның негізгі байлығы жер болды. Ерте орта ғасырлық мемлекеттер өмірге келді. Солардың ішінде Франктер империясы мен Византия империясы құрылды. Азияда Араб халифаты дүниеге келді. Ислам діні таралып, Азия елдерінде мұсылмандық кең етек алды. Ислам дінін уағыздаушы Мұхаммед пайғамбар ислам дүниесіне зор әсер етті.

 

Шығыс Еуропа елдерінде ерте ортағасырлық дәуірде славян тайпалары бірікті. Батыс, Оңтүстік және Шығыс славян тайпалары ІХ-Х ғасырлар аралығында өз мемлекетерін құрды. Шығыс славян тайпаларының жерінде Киев Русі мемлекеті, Батыс славян тайпаларының жерінде Морав, Чех мемлекеттері, оңтүстік славян тайпалары жерінде – Балқан түбегінде Бірінші Болгар патшалығы құрылды. Бұл славян мемлекеттері дүние жүзі халықтары тарихынды айтарлықтай із қалдырды.

 

Ерте орта ғасырлар кезеңіндегі мемлекеттердің саяси құрылымы ерте феодалдық монархия болды. Ірі жер иелер імен дін басшылары феодалдардың мүддесін қорғап, үстемдік жасап отырды.

Мемлекеттік аппаратта король, герцог, барон, кінәз бен боярлар феодалдық сатыны құрады.

 

Ірі жер иеліктері феодалдық поместьелер болды. Ерте орта ғасырлыр кезеңінің бір ерекшелігі – монархиялық империялар қандай күшті болғанымен, феодалдық қоғамның заңды дамуы – бытыраңқылықты бастан кешірді. Оның себебі, біріншіден, барлық феодалдық мемлекеттер байлық үшін, билік үшін әр уақытта бақталастықта болды. Екіншіден, феодалдық қоғамда тұйық табиғи шаруашылық дамыды. Мемлекеттер елді басқару мен шаруашылықты ұйымдастыру ісін өз мәнінде жүргізе алмады. Бұл тарихи процесс Франктер, Византия, Киев Русі мемлекетерінің әлсіреуіне және құлауына әкелді.

 

V-Х ғасырлар аралығында шаруалардың жіктелуі күшейді. Яғни шаруалар кедейленіп, жерін ірі феодалдар тартып алған, жерсіз шаруалар көбейіп олар феодалдарға еріксіз кіріптарлыққа түсті. Еріксіз шаруалар Еуропа және Азия елдерінде ірі феодалдарға қарсы күреске шығып отырды.

 

Феодалдық қоғамның дамуы өндірістік күштердің дамуына, өндірістік қатынастың күшеюіне әкелді. Еуропа елдерінде жерге жеке меншік үстем болды. Азия елдерінде жерге иелік негізінен мемлекеттік меншік арқылы дамыды. Ерте орта ғасырлар кезінде феодализм дамып, феодалдық қоғам өз дамуының жоғарғы сатысына өтті.

 

IV ғасырда Рим ипериясы әлсірей бастады. Оның бірнеше себептері болды. Ең басты себеп – құлдар еңбегінің тиімсіздігі еді. Құлдар өнімді көп өндіруге мүдделі болмады. Еңбегіне ақы алмай тек тамағы үшін ғана ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған құлдар қасақана еңбек құралдарын бүлдіріп, зиянкестік жасады, жұмыстан жиі бас тартты.

 

Билік басындағыларды, әскерді азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыру үшін халыққа салынатын салық мөлшері жылдан-жылға өсе берді. Сөйтіп өкіметке қарсы тек құлдар ғана емес, қарапайым қала халқы мен шаруалардың да наразылығы күшейе түсті.

 

Құлдар мен қарапайым еңбекші халық шіркеуге де сый-сыяпат, зекет ретінде алым-салықтар төлеп тұрды. Тойымсыз дінбасыларға деген наразылық қалың бұқара арасында күпірлер қозғалысын туғызды.

 

Қатты күйзеліске ұшыраған Батыс Рим империясына герман тайпалары – вандалдар, весготтар, осготтар, ағылшын-сакстер, франктер және тағы басқалар шабуылдарын күшейтті. Бұл тайпалардың қоғамдық даму деңгейі біркелк емес еді. Кейбіреулері отырықшылық өмір сүріп, егіншілікпен шұғылданса, екіншілері мал шаруашылығымен айналысып, қоныс аударып отырды.

 

Герман тайпалардың негізгі шаруашылық ұясы қауым болды. Қауым мүшелері тапқа бөлінбей, жерді бірлесіп өңдеді. Германдықтарда мемлекет болмады. Қауымдарды сайланып қойылатын көсемдер басқарды. Тайпалар өзара соғысып, бірін-бірі бағындырып отырды. Соғыс кезінде батырлығымен көзге түскен тайпа көсемі әскербасы болып сайланатын.

 

Герман тайпаларын шығыстан ғұндар ығыстырған соң олар Батыс Рим империясыны басып кірді. 410 жылы Аларих бастаған вестготтар Римді басып алды. Вестготтар қаланы үш күн бойы тонады. Бірақ олар Римде тұрақтап қала алмады, азық-түлік қоры таусылды, оның үстіне Империя тұрғындары варварларға қарсы күресін тоқтатқан жоқ еді. Сол себепті вестготтар Оңтүстік Галлияға өтіп кетті. 418 жылы оңтүстік-батыс Галлияда Вестгот корольдігі пайда болды.

 

Б.з.б. 50-жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне қоныс аударды Ал IV ғасырдың 70 жылдары ғұндардың Батысқа қарай жаппай көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.

 

Ғұндар Еуропаға келіп, рулық қоғамда өмір сүріп отырған герман тайпаларын батысқа қарай ығыстырды. Осы ғұндардың Одакр (Әдекер) деген батыры герман тайпаларының әскерін басқаратын. Сол әскермен ол 476 жылы құл иленуші Батыс Рим империясын басып алып, құлдықтың жойылғандығын жариялады.

 

Сөйтіп 476 жыл құл иеленуші қоғамның жойылып, феодалдық қоғамға көшу жылы деп саналады. Ғұндар күшті Рим әскерін озық технологияның арқасында жеңді. Ол технология – ер-тоқымның үзеңгісі болатын. Ал Рим әскері ол кезде үзеңгіні пайдалануға көшкен жоқ еді.

 

486 жылы Солтүстік Галлияда құрылған Франк мелмекетін меровей руының көсемі Холдвиг басқарды. Хлодвиг барлық франк тайпаларын қол астына біріктіріп, Римнің қарамағындағы көрші Галлияның құнарлы жеріне жорыққа аттанды. 486 жылы Суассон қаласының маңында франктер римдіктерді талқандап, Солтүстік Галлияны басып алды. Бұдан соң Хлодвиг вестготтардан Галлияның оңтүстігін де жаулап алды. Сөйтіп Рим империясынң осы провинциясының орнына өзінің корольдігін құрды.

 

Хлодвиг король деп жарияланды. Король сарай ел басқарудың орталығына айналды. Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы-граф тағайындалып қойылды.

 

Франктердің пұтқа табынушылығы олардың Галлиядағы билігін нығайтуына көмектесе алмады. Сондықтан Хлодвиг 489 жылы өзінің жасақшыларымен бірге христиан дініне енді. Алғашында бұл дінді қабылдағысы келмеген франктер оған Хлодвигтен қорыққаннан кірді.

 

511 жылы Холдвиг өлгеннен кейін оның мұрагерері жер мен билік үшін өзара күрес жүргізді. Меровингтер әулетінен шыққан корольдердің билігі әлсіреп, майордомдардың (латынша «үйдің үлкені, басшысы») ықпалы күшейе түсті. Сарай шаруашылығын басқаратын майордамдардың қызметі баласына мұра болып қалатын ең жоғарғы қызметке айналды.

 

Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билігін жүргізді. Оның кезінде араб тар Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Бірақ оларды франктер 732 жылы Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Кал Мартелді күшті атты әскер құруға итермеледі. Атты әскер қатарына қабылданғандар майордомнан шаруаларымен бірге жер үлестерін алды. Алғашында жер жауынгердің меншігінде мәңгілік емес еді, кейін жер үлестері әкеден баласына мұра ретінде берілетін болды.

 

Карл Мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс – феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.

 

741 жылы Карл Мартел өлген соң майордомдық оның баласы Қортық Пипиннің қолына тиді. Ол Меровингтерді құлатып, король атағын алуды аңсады. Пипиннің корольді құлатып, өзін король деп жариялануына болатын еді. Бірақ ол таққа заңды жолмен отыруды дұрыс деп ұйғарды. Бұл мақсатқа жету үшін ол құдай атынан сөйлеуге құқы бар Рим папасын пайдаланды.Италиядағы Лангобардтық корольдіктен қысым көріп жүрген Рим папасы франктердің көмегіне зәру еді.

 

751 жылы папаның келісімі бойынша, франк ақсүйектерінің Суассондағы жиналысында Пипин ресми түрде франктер королі деп жарияланды. Ол 768 жылға дейін корольдік етті.

 

Қортық Пипин папаның жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарды. Ол Италияға Лангобард корольдігіне екі рет жорық жасап, жаулап алған жерін Рим папасына сыйлады. Ол жерде 756 жылы Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргі Ватикан мемлекеті сол «Пипин сыйлығының» жұрнағы болып табылады.

 

Қортық Пипин франктер мемлекетіндегі жаңа әулеттің негізін қалады. Бірақ ол Пипиннің емес, оның әкесі Карл Мартелдің атымен Каролингтер әулеті деп аталды. Ол әулеттің ең атақты королі Ұлы Карл болды. Ол 768-814 жылдары билік құрды.

 

Ұлы Карл Испанияға, Италияға, герман тайпаларына жорықтар жасады. Сакстер Карлдің күштеуімен христиан дінін қабылдады. Ұлы Карлдің билігінің соңына қарай Франк корольдігі өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады.

 

Қиын кезде көрсеткен көмегі үшін 800 жылы папа Римде Карлге тәж кигізіп, император деп жариялады. Сөйтіп Батыста жаңа империя өмірге келді.

 

Қарудың күшімен және Ұлы Карлдің беделімен ғана құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүре алмады. Ол өлген соң 843 жылы оның балалары мен немелері Верден қаласында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Кіші ұлына империяның батысы, ортаншысына – шығыс бөлігі, ал ең үлкен немересіне Италия тиді. Сөйтіп империя үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнында Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!