География лидері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

География лидері

Материал туралы қысқаша түсінік
География лидері сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«География лидері» атты сайыс сабақ

Қазіргі теледидарда көрсетіліп жүрген XXI ғасыр лидері интеллектуалдық шоудың ізімен жүретін ойын сабақ.

Сайыс  сабағының мақсаты: ойынға қатысушылар арасынан лидерді анықтау,оларды тез ойлауға ,алғырлыққа,тапқырлыққа,ізденуге баулу. Сайыс VI кезеңнен  тұрады.

I кезең «Бәйге»

II кезең«Құрастыр »

III кезең  «Тапқырлар»

IV кезең "Ғажайып ондық»

V кезең"Толысу"

VI кезең"Қорытынды"

Әділқазылар мен таныстыру .

Халық айтса қалт айтпайды ,

 Әрқашанда нанымды ,-дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар .

Қазылар алқасы:

География  пәнінің мұғалімі:Карагулова.Г.Б

Тарих пәндерінің мұғалімдері:Төлепбергенов .А,Әліпбаев.Н

Қатысушылар:

Сатмуллдин Самрат,Алтынбаева Айдана,Жалғас Бекасыл

Жумагазин Адилхан,Мейрамбекова Қазына,Тоқтар Ақдана

Білім деген биік шың.

 Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың

 Қиындықтан өткізер , деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

I кезең «Бәйге»

20 Сұрақ (әр дұрыс жауапқа 10ұпай)

1.Қазіргі жер шарындағы халық саны ?

 Жауабы :6млрд

2. Қай елдің халық саны 1 млрд 300 млн адам?

 Жауабы :Қытай

3. Үндістер байырғы қай елдің халқы ?

Жауабы : Американың

4.Дүние жүзінде кең таралған тіл?

Жауабы :ағылшын

5.Қой өсірудің негізгі аймағы?

 Жауабы :Аустралия

6.Халқы тек бір ұлттан тұратын мемлекет?

 Жауабы :Жапония

7.Барлық мередиандар түіскен материк ?

Жауабы :Антарктида

8.Жер бетінің қанша пайызын дүние жүзілік мұхит сулары алып жатыр?

Жауабы:71

9.Африка неше мұхитпен шектеседі ?

Жауабы:2

10.Аустралия материгінде ғана мекендейтін жануар?

Жауабы: кенгуру

11. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км кв?

Жауабы:361 млн кл кв

12. Африка материгі неше мұхитпен шектеседі?

Жауабы:2 мұхитпен

13.Тынық мұхитының Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болатын жойқын жел атауы ?

Жауабы:тайфун

14. Толысу мен қайту құбылысы ненің әсерінен болады?

Жауабы: Айдың тартылыс күшінің әсерінен

15. Мадагаскар аралы қай мұхитта орналасқан?

Жауабы:Үнді мұхитында

16. Ұлы географиялық ашылудың басталған кезеңі

Жауабы:ІX – ғасыр

17. Орталық Азияға бірінші өтіп, оның батыс бөлігі-Қашғарияның табиғат жағдайлары, халқы, тарихы жайында мәлімет жинаған ғалым кім ?

Жауабы:Ш.Уәлиханов

18. Қай материкте 16 ел ғлыми стансаларын орнатып, оны табиғаттың жан-жақты зерттейді?

Жауабы:Антрактидада

19.Ауданы аралдарымен қосып есептегенде 30,3млн км;-ты құрайтын материк?

Жауабы:Африка

20 Жапония елі қай материкте орналасқан?

Жауабы:Еуразия

1 кезеңнен  кейін ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.

II кезең

 «Құрастыр» Бұл кезеңде тақтаға алфавит бойынша 25 әріп беріледі. Сол әріптерден география пәніне байланысты  сөздер құрау.(10 сөз)

а б в г ғ д е ж з и к л м н о ө ұ ү п р с т ш х я

ІІІ кезең « Тапқырлар»

Бұл кезеңде  тұрған қағаздын үстіндегі су толтырылған стаканды ауызбен жеткізу.

(3ші  кезеңнен кейін ұпайы аз 2 оқушы шығады)

IV кезең. "Ғажайып ондық".Бұл шартта 10 ұяшықта пәнге байланысты сұрақтар жазылған. Ұпайы жоғары оқушы бастайды. Дұрыс жауап 5 ұпай.

1-ұяшық.

Орталық Азия мемлекеттерін атаңыз?

Жауабы: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан.

2-ұяшық.

Бұл материктің шеткі нүктелері мынадай:

Солтүстік нүктесі Мэрчисон

Оңтүсттік нүктесі Марьято

Батыс нүктесі Принц Уэльс

Шығыс нүктесі Сент Чарльз қай материк?

Жауабы: Солтүстік Америка

3-ұяшық.

Ең жас эра?

Жауабы: кайназой

4-ұяшық.

Құлау биіктігі 1054 метрден асатын сарқырама атауы?

Жауабы: Анхель

5-ұяшық.

Оңтүстік Американың ең  үлкен  аралы?

Жауабы: Отты жер аралы, көлемі 47000 км кв;

6-ұяшық.

Ауа қысымын өлшейтін құрал?

Жауабы: барометр

7-ұяшық.

Ыстық су мен бу атқылап тұратын бұлақ?

Жауабы: гейзер

8-ұяшық.

Үндістер мен негрлердің некелесуінен тараған ұрпақ атауы?

Жауабы: самбо

9-ұяшық.

Орталық Азия шөлі?

Жауабы: Гоби

10-ұяшық.

Индонезияның ең үлкен аралы?

Жауабы: Калимантан

 V кезең"Толысу"

Бұл кезеңде  әділ қазы алқалары екіге бөлініп сайысқа қатысушыларға топ жанкүйірлері ретінде сұрақ қойяды.Барлығы 2 сұрақ, дұрыс жауап 10 ұпай.

1 сұрақ.1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасында қандай өзгерістер болды? (ТМД ға мүше болды)

2 сұрақ.1992 жылы 2 наурызда қазақ елінде қандай өзгерістер болды?

ҰҰ ға кірді)

VI кезең."Қорытынды"

 Сайыс өз мәресіне жеткен соң, әділ қазы алқалары барлық  ұпайларды  есептеп, жеңімпаз оқушыны анықтайды.

Осымен біздің бүгінгі "География лидері" сайысымыз аяқталды. Бүгінгі жеңімпаздарымызды  құттықтаймыз! География пәніне қызығушылығын одан  әрі арттыруға көмек болды деп есептеймін.

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2025
157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі