400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

География пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер

Сабақтың тақырыбы: Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер

Сабақтың мақсаттары:


Білімділік:   Оқулықтың тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін арттыру, график сызба білуге үйрету.

Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, БҮҮ кестесі


Сабақтың көрнекілігі:  Климат картасы, суреттер, оқулық, кескін карта

Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, оқушыларды түгендеп, зейіндерін  жаңа сабақ аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді




ІІІ. Жаңа сабақ.

Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:

  1. Экваторлық белдеу – қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.

  2. Тропиктік белдеу – жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте құрғақ

  3. Қоңыржай белдеу – жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады. Мұнда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғада біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады.

  4. Арктикалық және антарктикалық белдеу – жыл бойы арктикалық ауа массалары әсер етеді. Жыл бойы ауа температурасы төмен болады. Полюске жақындаған сайын табиғат жағдайы қолайсыз сипат алады.

Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан. Олардың аттарындағы «суб» сөзі латынның «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді.

Өтпелі климаттық белдеулер: субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық.

ІV.Жаңа сабақты бекіту:

 

 

  1. Жер шарындағы климаттық белдеулерді көрсетіңдер

  2. Олардың қайсылары солтүстік және оңтүстік жарты шарларда қайталанып отырады

  3. Өздерің тұрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым болатынын, ауа райы сипатының белгілерін және оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңдар.

  4. Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, климат қалыптастырушы факторлар және Жер шарындағы климаттық белдеулер туралы таныстық, білдік

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Жер шары картасынан 13 климаттық белдеуді кескін картаға салу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 шілде
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі