География пәні нен 2 тоқсанға арналған ТЖБ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

География пәні нен 2 тоқсанға арналған ТЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәні нен 2 тоқсанға арналған ТЖБ
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.

Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.


«География» пәнінен 2 – тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

  1. Геосфералардың ластану деңгейлерін сипаттаңыз;

  1. Ластану түрлері: _________________________________________________[1]

  2. Шекті мөлщердгі концентрациясы:__________________________________[1]

  3. Атмосфераның ластану индексі:_____________________________________[1]

  1. Мәтінмен жұмыс

а. Мәтінді оқып, геосфералардағы экологиялық жағдайдың басты екі факторын анықтап, инфографика түрінде көрсетіңіз; [1]

Қоршаған ортаның ластануы– адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Су ресурстарының «мұхит – атмосфера – жер – мұхит» системасындағы айналым процестерiнде тамаша бiр қасиетi — өздiгiнен қайта қалпына келу қабiлетi. Табиғатта тұщы суды материктерден мұхиттар мен теңiздерге, олардан қайтадан керi қарай қайта алып келетiн алып ”механизм„ үнемi жұмыс iстейдi. Гидросферадағы өздiгiнен тазару процесi заттардың айналымымен байланысты. Өздігінен тазару дегеніміз табиғи физикалық, химиялық және биологиялық процестердің нәтижесінде гидросферадағы ластағыштардың табиғи түрде ыдырауы. Табиғаттағы сулардың өздігінен тазалануы заттардың алмасуы арқылы жүреді. Тұщы сулардың өздігінен тазалануы онда тіршілік ететін бактериялар, балдырлар және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер және омыртқасыз жануарлар сияқты организмдердің тіршілік процесіндегі әрекеті арқылы жүзеге асады. Сондықтан табиғатты қорғаудың міндеті – судағы осы тіршілік қатынастарын сақтап, бірқалыпты ұстау болып табылады. Кез келген су айдыны өзіне ғана тән тірі организмдері, өсімдіктері жіне микроорганизмдері бар күрделі тіршілік жүйесі. Табиғи жағдайда суға бактериялар немесе химиялық қоспалар түсетін болса өздігінен тазалануы тез жүреді де су тазалығы бастапқы таза қалпына келеді. Мұхиттар мен басқа да су қоймалары суының тазалануы планктондардың сүзгіштік қабілеттеріне байланысты келеді. Мысалы, осы планктондар арқылы өздігінен Байкал көлінің жылына 60 км3 суы тазаланып отырады.

  1. Картаны қолданып тапсырмаларды орындаңыз;

«The Eco Experts» Эксперттер ұйымының ғалымдарының бірлескен тобы әлемнің барлық елдерінің экологиялық деректерін талдап, жағдайды көрнекі түрде көрсету мақсатында графикалық карталарды жасады. Ол үшін Халықаралық энергетикалық агенттік пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректерін пайдаланды. Мұндай факторлар:

1. халықтың жан басына шаққандағы энергияны тұтыну;

2. Жан басына шаққандағы қазба отынының жануынан көміртегі диоксиді шығарындыларының көлемі;

3. әртүрлі зиянды заттардың ауаны ластау жағдайы;

4. ауаның ластануымен байланысты 100 мың тұрғынға шаққандағы өлім саны;

5. Жаңартылатын энергияны дамыту.

  1. Осы факторлардың ластану деңгейінің артуына байланысты картаны талдау.

Картадағы токсинді ластану индексін пайдаланып аймақтарды ластану деңгейі бойынша топтастырыңыздар. [5]

https://telegraf.com.ua/ekologiya/3192034-uchenyie-nazvali-samyie-zagryaznennyie-stranyi-mira.html


b.Аймақтардың ластану деңгейін қандай әдіс арқылы анықтауға болады?

[1]

  1. Берілген мәліметтерді қолданып, тапсырманы орындаңыз.

Антропогендік әсерлер:

    • карьерлер мен террикондардың пайда болуы;

    • мұнайдың теңіздерге тасымал кезінде төгілуі;

    • парниктік әсерлер;

    • жануарларды броконерлерлік жолмен аулау;

  1. Гидросфераға әсер етуші антропогендік факторды анықтаңыз______________[1]

  2. Аталған фактордың салдарын анықтаңыз__________________________________

___________________________________________________________________[1]

  1. Аталған фактордың биосфераға әсеріне баға беріңіз ________________________

___________________________________________________________________[1]

  1. Аталған фактордың гидросфераға әсерінің екі шешу жолдарын ұсыныңыз _____

_____________________________________________________________________

___________________________________________________________________[2]


  1. Озон қабатының жұқаруы ғаламдық экологиялық проблемасына талдау жасаңыз;

Жұмысты бастамас бұрын географиялық заңдылықтарды еске түсіріңіз: Тұтастылық заңдылығы, Энергия және зат алмасу заңдылығы, Ырғақтылық заңдылығы, Зоналылық заңдылығы.

  1. Ғаламдық экологиялық проблеманың пайда болу себептерін атаңыз__________

___________________________________________________________________[1]

  1. Ғаламдық экологиялық проблеманың салдарын түсіндіріңіз_________________

___________________________________________________________________[1]

  1. Ғаламдық экологиялық проблеманы шешуге қатысып жатқан халықаралық ұйымдар мен келісімдерді анықтаңыз_____________________________________

___________________________________________________________________[1]

  1. Қазақстанның экологиялық картасына талдау жасаңыз

  1. Қазақстанның экологиялық шиеленісті аймақтарының ластану деңгейін шартты белгі арқылы көрсетіңіз; [1]

  1. Қазақстанның экологиялық мәселелері жоғары екі ауданды анықтаңыз________

___________________________________________________________________[1]

  1. Қазақстанның экологиялық мәселелері жоғары екі ауданының пайда болу себептерін талдаңыз___________________________________________________

___________________________________________________________________[2]

  1. Қазақстанның экологиялық мәселелерінің болашақта өзгеру мүмкіндігіне болжам жасаңыз_______________________________________________________

___________________________________________________________________[2]

  1. Картамен жұмыс;

  1. Қазақстан аумағының шөлейттену деңгейінің картасын талдаңыз___________[2]

  1. Шөлейттенудің себептерін анықтаңыз__________________________________[2]

  2. Топырақты қорғаудың шараларын ұсыныңыз____________________________[2]



Балл қою кестесі

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

a. Орналасу, Кеңістікті қамтуы, Мерзіміне қарай, жаратылысына қарай бөлінеді;

b.Кез келген аумақтың ластану деңгейін талдау үшін қоршаған ортадағы ластаушы заттардың шекті мөлшердегі концентрациясы пайдаланылады;

c.Табиғи ортаның ластану көрсеткіші ретінде АЛИ алынады

1


1



1


2

a. Геосфералардағы экологиялық жағдайдың басты екі факторын анықтап, инфографика түрінде көрсетеді;


1


3

a. Картадағы токсинді ластану индексін пайдаланып аймақтарды ластану деңгейі бойынша топтастырады;

b.Аудандастыру әдісі;

5


1


4

a.Мұнайдың теңіздерге тасымал кезінде төгілуі;

b.Мұхит суларының ластануы, Флорасы мен фаунасына зиян келтіреді;

c. Аталған фактордың биосфераға әсеріне баға береді;

d. Аталған фактордың гидросфераға әсерінің екі шешу жолдарын ұсынады;

1

1


1


2

Басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

5

a.Озон қабаты үшін қауіпті заттар - фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады.

b. Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.

c. БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр.1985 ж. Вена конвенциясы, 1989 ж. Монреаль хаттамасы бойынша озонды ыдырататын қосылыстарды шығаруды шектеуге қол қойылды;

1





1




1


6

a. Апатты, қауіпті, шиеленіскен, қанағаттанарлық, қолайлы;

b. Арал және Семей полигоны экологиялық аудандары;

c. Қазақстанның экологиялық мәселелері жоғары екі ауданының пайда болу себептерін талдап жазады

d. Қазақстанның экологиялық мәселелерінің болашақта өзгеру мүмкіндігіне болжам жасайды;

1

1

2


2

Басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

7

a.Қазақстан аумағының шөлейттену деңгейінің картасын талдаңыз

b.Топырақ табиғи және антропогендік (орман ағаштарын кесу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану, т.б.)эрозияға ұшырайды. Табиғи эрозияның екі түрі (жел, су эрозиясы) болады.

c.Мелиорация шаралары, эрозиядан қорғау, топырақты техногенез өнімдерімен ластанудан қорғау;

2




2



2

Басқа да дұрыс жауаптары қабылданады

Жалпы балл

30


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2024
257
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі