жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
География пәнінен 8 сыныптарға арналған "Білімді ұрпақ - ел ертеңі" сайыс сабағы
Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің «№20 орта мектеп» КММ
САБАҚТАН ТЫС ЖҰМЫС Тақырыбы: «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ ЕРТЕҢІ» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС
Сынып: 8
Пән мұғалімі : САРСЕНАЛЫ Д.К.
Жаңаөзен қаласы.
2020 ж.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН 8 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ ЕРТЕҢІ» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ЖОСПАРЫ.
Сайыс сабағының мақсаты: ойынға қатысушылар арасынан лидерді анықтау,оларды тез ойлауға ,алғырлыққа,тапқырлыққа,ізденуге баулу. Сайыс VII кезеңнен тұрады.
I сайыс «Таныстыру»
II сайыс «Миға шабуыл »
III сайыс «Тапқырлар»
IV сайыс «Географиялық есеп»
V сайыс « Мозайка»
VI сайыс "Ғажайып сандық"
VII "Қорытынды"
Әділқазылар мен таныстыру .
Қазылар алқасы: География пәнінің мұғалімі: Молдашева К. және Бактыбаева А.Ж.
Қатысушылар:
8 « А » сынып
8 « Ә » сынып
8 « Б » сынып
Бұл сайыс
тапқырлардың сайысы;
Бұл сайыс
жүйріктердің сайысы
Бұл сайыс
үздіктердің сайысы;
Бұл сайыс
білімділердің сайысы
Топ капитандары қазылар алқасының алдынан топ номерлерді алып, рет- ретімен орындарына отырады.
Олай болса бұл сайыстан ең мықтыларды анықтайтын боламыз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Ендеше, құрметті сайыскерлер бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
I сайыс – Таныстыру.
Әр топ өз атауларымен және топ ұранымен таныстырады.
Жоғары ұпай саны – 5.
II сайыс – Миға шабуыл. Әр команда кезекпен қойылатын 10 сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру керек. Әрбір топқа 2 мин уақыт беріледі және әр дұрыс жауап 1 ұпай. Уақыт аяқталса, сұрақ коюда аяқталады.
СҰРАҚТАР
1 ТОП
Ең алғаш болып халық санағын кім жүргізді – Уильям Петти
Ұдайы өсудің неше түрі бар – 3
Алжирде туу - 26, өлу- 5 болса , табиғи өсім неше болады – 21
Қазақстан ұдайы өсудің қай түріне жатады – өтпелі
Халық санынның күрт өсуі – демографиялық жарылыс
Алғаш халық санағын жүргізген аймақтар – Ежелгі Грекия, Рим
Қазақстандағы ең көп этнос – орыстар
Халық санағы кезінде зерттелетін аумақта тұрақты және уақытша тұрып жатқан барлық тұрғындар – нақты халық
Ұдайы өсудің типтерін ата – алға басушы, кері кетуші, тұрақты
Алға басушы тип дегеніміз – халықтың жалпы санында балалар саны жоғары
2 ТОП
Демографиялық саясатты ұстанатын елдер - Қытай, Үндістан
Африка елдері ұдайы өсудің қай түріне жатады – дәстүрлі
Қазақстанда халық санағы болған жылдар - 1999, 2009
Қазақстанда эммигранттар коэфф – 16 , иммигрантар коэфф -11. Механикалық өсім қанша? - -5
Ұдайы өсудің типі қанша – 3
Дамыған елдер халқының қартаюуы не деп аталады? – Демографиялық дағдарыс
Қазақстандағы жастар қаласы – Алматы
Зерттелетін аумақта тұрақты (6 айдан артық) өмір сүріп жатқан тұрғындар – тұрақты халық
Халық санағы әр жыл сайын қайталанып тұрады – 10 жыл
Бір жыл ішінде елге көшіп келгендер мен көшіп кеткендер арасындағы айырма - механикалық өсім
3 ТОП
Халық санағы неше әдіспен жүргізіледі - 2
Ұдайы өсудің өтпелі түрі – туу да , өлім де орташа
Жапония , Еуропа елдері ұдайы өсудің қай тұріне жатады – Қазіргі заманғы
Демографиялық дағдарысқа ұшырайтын елдер- Еуропа , Жапония
Қазақстанда соңғы халық санағы қашан болды - 2009
Қазақстанда механикалық өсім – 5, табиғи өсім - 8. Жалпы өсім қанша? – 13
Қазақстандағы қазақ ұлтының пайызы – 63 - 70%
Аталған аумақта заңды түрде тіркелген тұрғындар – заңды халық
Орташа өмір сүру жасы ең ұзақ елдер – Андорра, Жапония
Ұдайы өсу түрлерін ата – Дәстүрлі, өтпелі, қазіргі заманғы,
III сайыс – Тапқырлар. Географияның негізі ............ картааа (оқушылар жауап беру керек). Картаны білмей мықты географ бола алмаймыз. Ендеше келесі сайыс бізде географиялық объектілерді материктер бойынша орналастыру. Әр материк бойынша 5 объекті берілген. Алдыңызда берілген кескін картаға материктер бойынша объектілерді анықтап конвертке салып орналастырыңыздар. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі. Әр дұрыс объектіге 2 ұпай.
Еуразия - Скандинавия түбегі, Непал, Гоби шөлі, Финляндия, Бискай шығанағы.
Солтүстік Америка – Калифорния, Атабаска, Мексика,Оттава, Йеллоустоун ұлттық паркі.
Оңтүстік Америка – Титикака, Уругвай, Магеллан бұғазы, Анхель сарқырамасы, Колумбия.
Африка – Чад, Эфиопия, Конго өзені, Мозамбик, Намибия.
Аустралия – Карпентария шығанағы, Виктория шөлі, Эйр көлі, Тасмания аралы, Канберра.
IV сайыс – Географиялық есеп. География тек теория анықтамалар ғана емес, сонымен қатар есептерде бар. Сайысымыздың келесі бөлімі географиялық есеп. Бұл жерде тек нақты шешіп қана қоймай, логикамызды да іске қосуымыз керек. Топтарға халық санына байланысты географиялық есеп беріледі. Бұл есепті шешуге 5 мин беріледі.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай. Жалпы – 30 ұпай.
Е
ЖАУАБЫ.
ТӨ – 3
МӨ
– 4,2
ЖӨ
– 7,2
Х-36 621 600
И-236 800
Э-85 000
V сайыс – Мозайка. Әр топқа дүние жүзі саяси картасының қиындылары беріледі. Қай топ бірінші және дұрыс картаны құрап бітірсе, жеңіске жетеді. ( уақыт есепке алынады)
1 топ – 15 ұпай
2 топ – 10 ұпай
3 топ - 5 ұпай
VI сайыс – Ғажайып сандық. Топбасшылар сайысы. Әр топтың капитандары шығып, қорапшадан мемлекетті таңдап алады ( өзі қана көруі керек) және мемлекет атауы айтылмай ол елді сипаттауы қажет. Мәлімет география тілінде айтылуы шарт . Топ дұрыс тапса 10 ұпай , егерде капитаны ел туралы мәлімет бере алмаса көмек сұрауына болады. Көмек берілген соң ғана, топ дұрыс жауапты айтса – 5 ұпай беріледі.
Топтан жауап болмаса келесі топ жауап беруіне болады. Дұрыс жауапқа – 5 ұпай.
ҚЫТАЙ - Бір отбасы- бір бала саясатын ұстанған ел
БАНГЛАДЕШ - Тығыздығы ең жоғары ел.
ЭСТОНИЯ
- Астанасы - Таллин. Балттық еліне
жатады
АНГОЛА- Өмір сүру ұзақтығы ең
қысқа мемлекеттердің бірі. Астанасы -
Луанда
КАНАДА- Елдің туында үйеңкі
жапырағының суреті салынған.
ЧИЛИ-
Әлемдегі ең ұзын ел.
ГРЕКИЯ-Олимпиада ойындары ең алғаш пайда болған ел.
ИНДОНЕЗИЯ-10000-нан астам аралдан тұрады.
МОҢҒОЛИЯ- Ең суық астана бар ел
VII Қорытынды. Құрметті қонақтар және сайыскерлер шешу сәтте жетті! Қазір ең үздіктерін анықтайтын боламыз. Қазылар алқасы ортаға шығып, топтарды марапаттайды.
Білімді, сауатты жастар бұл 21 ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші делінген. Жаңа XXI ғасыр – білімді ұрпақты жарқын келешекке апаратын ғасыр. Біздің бүгінгі мақсатымызда тәуелсіздігімізді одан әрі қамтамасыз ету үшін елімізде қабілетті, парасатты, отансүйгіштікке тәрбиелеу арқылы ұлттық деңгейде жоғары болуымызды қамтамасыз ету. Сіздер бүгін өз білімдеріңізге сеніп, өздеріңізді көрсете білдіңіздер. Бұдан кейінде одан әрі білімнің шыңына жетіп, көп жетістіктерге жету берулеріңізге тілектеспіз. Өздеріңіздің үлгілі тәртіптеріңізбен еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосатын жастар екендеріңізді әлі де дәлелдей беріңіздер. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете беріңіздер! Барлық қонақтарға, сайысқа қатысушыларға алғыс білдіреміз!!! Қатысқандарыңызға рахмеет!!!
Бағалау
парағы
Топтар |
Таныстыру |
Миға шабуыл |
Тапқырлар |
Географиялық есеп |
Мозаика |
Ғажайып сандық |
Қорытынды |
І топ |
|
|
|
|
|
|
|
ІІ топ |
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ топ |
|
|
|
|
|
|
|
2. «Миға шабуыл» - әрбір дұрыс жауапқа – 1 балл. Максимум – 10 балл.
3. «Тапқырлар» - әр дұрыс тапқан объектіге – 2 балл.
4. «Географиялық есеп» - әрбір дұрыс жауапқа – 10 балл. Максимум – 30 балл.
5. «Мозаика» - алғаш болған топқа – 15 балл, ІІ – 10 балл, ІІІ – 5 балл.
6. «Ғажайып сандық» - әрбір дұрыс жауапқа – 10 балл. (көмек көрсетілсе – 5 балл.) басқа топ
жауап берсе – 5 балл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген