400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

География пәнінен ашық сабақ "Африка елдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ГККП АКТЮБИНСКИЙ АВТОМОБИЛЬНО-ДОРОЖНЫЙ КОЛЛЕДЖ

АҚТӨБЕ АВТОЖОЛ КОЛЛЕДЖІ МКҚК





«Келісілді»/ «Согласовано»

Әдіскер/Методист

_________________Туремуратова Г.У.

«_____» _________20___ж./г.

«Бекітемін»/«Утверждаю»

Директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары /заместитель директора по УР

______________ Алтаев Б.Ж.

«_____» ________20___ж./г.





САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМАСЫ

МЕТОДИЧЕСКАЯ РАЗРАБОТКА УЧЕБНОГО ЗАНЯТИЯ



Пәні (дисциплина): __География

Тақырыбы (тема): ____Африка елдері ______________










Дайындаған


Тарих және география пәнінің оқытушысы

_____________Жанбырбаева Ж.Н.

«_____» __________ 20___г.




Қаралды

Жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестік жетекшісі ________________Бадауова А.Қ.

«____» ________________20___ж.



















ГККП АКТЮБИНСКИЙ АВТОМОБИЛЬНО-ДОРОЖНЫЙ КОЛЛЕДЖ

АҚТӨБЕ АВТОЖОЛ КОЛЛЕДЖІ МКҚК


Сабағының технологиялық картасы

Технологическая карта учебного занятия



Мерзімі / Дата__________________Топ / Группа ___103___

Пән /Дисциплина ______География_____________________________________

Сабақтың № / Урок № __15___

Тақырыбы / Тема занятия___Африка елдері

Сабақтың мақсаты / Цель занятия

білімдік / образовательная __Африка материгінің физикалық, географиялық орны, жағалық пішіні туралы географиялық білімін толықтыру

дамытушылық / развивающая_ Африка материгінің орналасуымен зерттелу тарихына сипаттама бере отырып, маңызды деген басты объектілеріне жалпылама шолу; білімалушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын, географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы білімалушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру; өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан – жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту; пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

тәрбиелік / воспитательная_ Африканың зерттелу тарихы мен өзіндік табиғатына байланысты тарихи және экологиялық білім беру;Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың қамтамасыздандырылуы /Обеспечение учебного занятия

а) оқу-көрнекілік құралдар/ учебно-наглядные пособия_әдебиеттер:

Максаковский В.П. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы Мектеп, 2004

География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. 10-сынып 2014 ж.

География. Дүниежүзіне аймақтық шолу. 11-сынып2015 ж.

б) тесттер, карталар, диаграммалар

б) Құрылғылар, құрал-саймандар, қажетті материалдар/оборудование, инструменты, материалы ______карта, белсенді тақта, слайд, маркер, үлестірме карточкалар,

бағалау парағы, смайликтер, ____________________

Пәнаралық байланыс / Межпредметная связь __дүние жүзі тарихы, қоғамтану

Қолданатын әдебиет/Литература к занятию

Негізгі/Основная_География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. 10-сынып 2014 ж.

География. Дүниежүзіне аймақтық шолу. 11-сынып 2015 ж.

Өз бетінше жұмыс/Самостоятельная работа на занятии____картамен, дәптермен, тақтамен жұмыс, топпен жұмыс________

Сабақтың өту барысы / Ход занятия

Ұйымдастыру кезеңі / Организационный момент _Білім алушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.


3 түрлі көйлек түстері арқылы балаларды 3 топқа бөлу.

1 топ – Мысыр (Солтүстік Африка)

2 топ – Нигерия (Батыс Африка)

3 топ - Кения (Шығыс Африка)


Психологиялық дайындық: «Көңіл күйді анықтау»

Көңіл – күйлеріңіз қалай?

Керемет! (Қолдарын көтереді)

Сабаққа дайынсыңдар ма? (Қолдарын шапалақтайды)

Тамаша!

Ендеше бастайық!

О-о-о (Бас бармақтарын көрсетеді)

Осы көңіл-күймен бүгінгі сабағымызды жалғастырамыз.

Бүгінгі сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:

1.Үй тапсырмасын сұрау. Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру әдісі:«Веер», «Конверт - сұрақ»,»Қағаздағы сұрақтар» тәсілі

2. Сәйкестендіру тәсілі

3.Жаңа тақырыпты жұмбақтап ашу

4. Жаңа сабақ туралы мәлімет беру

5. Африка елдері туралы видеоролик, презентация көрсету

6. «Ширату» әдісі

1 топқа Сөзжұмбақ «Африка»

2 топқа «Резюме»

3 топқа «Ең,ең,ең....» сұрақтар


7. Оқылым дағдысын дамытуға арналған жұмыс түрі: «ПОПС формуласы»

8.Сабақты қорытындылау. Кері - байланыс әдістерінің бірі:

1.Лотер Зомверттің «бес саусақ» тәсілі

2. «Бағдаршам» Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету

9.Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.


1.Үй тапсырмасын сұрау.Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру әдісі:

«Веер», «Конверт сұрақ», «Қағаздағы сұрақтар» тәсілі

А)«Веер» Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.

Ә)«Конверт – сұрақ»

2-3 сұрақ жазылып, конвертке салынды (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындадым. Әрқайсысына екі минут берілді: оқушы стикерге атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқимын (аттарын атамастан); топ белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

Б)«Қағаздағы сұрақтар»

Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.


2.Сәйкестендіру тәсілі. Үш топқа үш тапсырма – Батыс Еуропа елдері, Азия елдері, Аустралия Одағы артықшылықтарын немесе ұқсастықтарын айту. Топ басшысы қорғайды


3.Жаңа тақырыпты «Африка елдері» тақырыбына тақпақ оқып, тақырыпты ашу

Мен өзім оттай ыстық жермін,

Қазір де әл – ауқатты бірнеше елмін.

Египет, Алжир, Марокко бар,

Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,

Тауларым бар Килиманджаро, Айдаһар

Ніл, Замбези суым қандай!

Виктория,Чад көлдер,тұзды көлім,

Тамаша көрген адам таң қалғандай.

-Балалар осы өлең жолдарында қай ел немесе материк туралы айтылған? (Африка)


4.Жаңа сабақ туралы мәлімет беру

Африканың қазіргі кездегі халқының саны 1 млрд 30 млн астам . Материк халқының  нәсілдік,тілдік және ұлттық құрамы өте күрлелі .Африкада Жер шарындағы негізгі үш нәсілдің де өкілдері кездеседі. Африка байырғы халқын саны жағынан басым экваторлық нәсілдің өкілдері құрайды. Материктің көп бөлігінде Сахарадан оңүстікке қарай  таралған негрлер мекендейді. Эфиопия таулы қыраттарын мекендейтін эфиопиялықтар мен негр тектестердің  арасынан шыққан өтпелі нәсілге жатады. Еуропалық тектестер нәсілге  жататын халықтар Африканың  солтүстігі мен оңтүстігінде тұрады. Әр халық тобына өзіндік тіл тән, жалпы алғанда  700 жуық жергілікті тіл бар.




Африканың тілдік құрамы: Араб, Судан,Банту,Ағылшын,Француз

*Африканың аумағына 54 ел кіреді және Батыс Сахара деп аталатын тағы бір даулы мемлекет бар.

* Еуропаның отарлауы басталғанға дейін Африканың аумағында өз тілі, дәстүрлері мен мәдениеті бар 10 000-ға жуық әртүрлі мемлекеттер мен тайпалар болған.

* Африкадағы ең көп қолданылатын тіл – араб тілі, одан кейінгі орындарда – ағылшын, суахили, француз және хауса тілдері. Жалпы, бұл құрлықтың халқы 2000 тілде сөйлейді.

* Африкандықтардың 50%-ға жуығы – 25 жастан аспағандар.

* Африка халқының 40%-ының орта білімі жоқ.

* Африка – Австралиядан кейінгі екінші құрғақ құрлық.

* Африкада 1 млн-нан астам Қытай азаматы тұрады.

*Әлемдегі ең кедей, және тқмен дамыған материк -Африка

* Африкадағы Сахара шөлі – бүкіл әлемдегі ең үлкен шөл. Оның аумағы бүкіл Америка құрлығынан үлкен.

* Жер бетіндегі минералды ресурстардың 30%-ы Африкада орналасқан.

* Африкадағы ең халқы тығыз орналасқан мемлекет – Нигерия. Онда 145 млн.-ға жуық адам тұрады.

* Алжир – Африкадағы ең үлкен мемлекет. Оның аумағы 2500 мың. км2.

* Ең кіші мемлекеті – Сейшель аралдарының аумағы 453 шаршы километрден сәл-ақ асады.

* Африканың ең үлкен көлі Виктория – әлемдегі суы тұщы ең ірі көл. Оның аумағы 69 490 шаршы шақырымды алып жатыр.

*Африка арқылы ағып өтетін Ніл өзені,Амазонкадан кейінгі әлемдегі ең ұзын өзен.

* Африкадағы ең танымал туристік бағыт саналатын Египетке жыл сайын 10 миллион саяхатшы келеді.

* Латын тілінен аударғанда, Африка «күнсәулелі», ал грек тілінен аударғанда «суықсыз» деген мағына береді.

*Мадагаскарда, еш жерде кездеспейтін жануарлардың түрлері бар.

*Күн сайын орташа алғанда 96 піл өлтіріледі. Пілдер - жойылып бара жатқан жануарлардың қатарына кіреді.

*Ең көп пирамида саны Мысырда емес, Судан елінде.

*Туристер көп келетін ел – Мысыр.

* Африканың басым діні – ислам.

* Африка топырағының 90%-ы ауыл шаруашылығына жарамсыз.

* Экваторлық Гвинея – Африкадағы ең бай ел.

* Чад – әлемдегі экономикалық өсімі бойынша екінші орын алып отырған мемлекет.

* Өкінішке орай, Африкадағы ең кедей елдердің 10-ы да Африкада. Ондағы 240 миллион адам аштықтың зардабын тартып отыр.

*ВИЧ жұқтырған адамдардың жалпы саны – 25 миллион.

*Алтын мен алмаздың ең бай қоры осы құрлықта.

*1998-2002 жылдары,Конголық соғыс кезінде, 5 миллион адам қаза болды. Қайтыс болған адамдардың саны бойынша – бұл соғыс тарихта алдыңғы орында тұр.


5. Африка материгі туралы видеоролик, презентация көрсетіледі.


6. «Ширату» әдісі

«Ніл жағалауындағы кеш»

Міне, мынау өзен, оның жағалауы пальма ағаштарымен көмкерілген. Көз ұшында Мысыр пирамидалары мен будда ғибадатханасымен мұндалайды. Жағалауда суды шалпылдата алып бегемот жүзіп жүр. Оның қасынан жолбарыс жүгіріп бара жатыр. Қызғылт қоқиқаз пингвиндермен сыбырласып, сырласып тұр. Сол маңда қолтырауын да жүзіп жүр. Суретші қандай қателіктер жіберген? Не байқадыңдар?






1 топқа. Сөзжұмбақ «АФРИКА»

Материктің ең үлкен аралы? (Мадагаскар)

Материктің шығысындағы шеткі нүктесі?(Расхафун)

Әлемдегі ең үлкен шөл?(Сахара)

Материктің ең биік шыңы?(Килиманджаро)

Давид Ливингстон ашқан сарқырама?(Виктория)

Материктің мәдени өсімдіктерін зерттеп, топтаған ғалым ?(Вавилов)

2 топқа. Резюме немесе Түйіндеме

Материктің аты:___________________________________________________

Жер көлемі:_______________________________________________________

Ең биік нүктесі:____________________________________________________

Ең төмен орналасқан нүктесі:_______________________________________

Зерттеген ғалымдар:_______________________________________________

Жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер:____________________

3 топқа.»Ең,ең,ең.....»

№

Ең, ең, ең

Жауаптары

1

Ең ұзын өзен


2

Ең тертең көл


3

Ең биік жері


4

Ең жоғарғы температура


5

Ең ірі жануар


6

Ең ірі шөл


7

Ең ірі көл


8

Ең ірі арал


9

Ең ірі сарқырама



7.Оқылым дағдысын дамытуға арналған жұмыс түрі: «ПОПС формуласы»

(Позиция Объяснение Пример Суждение)

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»


8.Сабақты қорытындылау.Кері - байланыс әдістерінің бірі:

1.Лотер Зомверттің «бес саусақ» тәсілі

Алақаныңызды қағаз бетіне түсіресіз.

Әр саусаққа бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жазасыз.

Бас бармақ – неден қиналдыңыз

Балан үйрек - кімге көмектестіңіз

Ортан терек – көңіл күйіңіз

Шылдыр шүмек – не үйрендіңіз

Кішкене бөбек – қандай жетістікке жеттіңіз

2. «Бағдаршам. Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.


9. Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.Топты бағалау кезінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраймын. Екі жұлдыз = жұмыс орындаған кезде оларға ерекше ұнаған 2 жауап, Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсе.


Үй тапсырмасы/Домашнее задание «Африка елдері» тақырыбына презентация жасау












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі