400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

География пәнінен сабақтан тыс ашық іс- шара

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбына өткізілген сабақтан тыс ашық іс- шара. Жас ұрпақты Отанын сүюге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық , махаббат сезімін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

География пәнінен сабақтан тыс ашық іс- шара

Өткізген: Гумарова Ш.М.

Өткізілген күн: 26.01.2018

Тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық , махаббат сезімін ояту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, слайд, Астана қаласына байланысты суреттер.
Әдісі: сайыс
Формасы: сыныптан тыс шара
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Саламатсыздар ма. Көңіл- күйлеріңіз қалай, жақсы ма?

Менің қолымдағы жолақтардың шеттерінен ұстандар, шаттық шеңбер құрайық. Менің артымнан қайталайық.

Қайырлы күн, досым

Қайырлы күн, болсын.

Қол ұстасып тұрайық,

Шаттық шеңбер құрайық

Жақсы тілек тілейміз

Сәтті болсын күніміз


Балалар, біздер шеңбер құрып тұрмыз, жолақтың шеттерінен ұстап, қазіргі көрнісіміз неге ұқсайды?

Шаңырақ , шаңырақ дегенді қалай түсінесіңдер? Біздің шаңырағымыз Қазақстан Республикасы. Біздің Қазақстан тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет.....

Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты сыныптан тыс іс- шарамызды бастаймыз.

ӘНҰРАН орындалады.
Балалар, «Отан дегеніміз не?»
- Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- ҚР-сы.
Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең.
Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та кездеседі. Үлкен-үлкенкөлдер, өзендер бар. Республикамызөсімдікке, жануарларға ,қазбабайлыққа бай.

-Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас- демекші, егеменді ел ,тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінінің табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттық қарым-қатынас жүргізе алады.

Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы,

Бұл бүгін қазағымның бас қаласы

Елордам халқым үшін ерен бөлек-

Тәуелсіз еліміздің Астанасы.


  1. Тур ҚР құрылуы туралы қаншалықты білесің

  1. топ

Мемлекет басшысы?

Парламенттің жоғары палата қалай аталады?

БҰҰ –на мүше болған жылы?

Неше облыстан тұрады?

Ақмолаатауы Астана депқайжылыөзгертілді?


2- топ

Ең жоғары лауазым иесі?

Парламенттің төменгі палата қалай аталады?

ТМД –на мүше болған жылы?

Республикалық маңызы бар қала (-лар)

Қазақстан ғылым академиясы құрылған жылы?


Сұлу дала менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң, жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің.


  • деп, 2 тур бастаймыз Туған жердің табиғатын қалай білесің

2-Тур

1- топ

Казақстан территориясы қандай табиғат зоналарында орналасқан ?

2. Бэр төбешіктері кеңінен таралған көл жағалауы

3. Қандай жазық Ертіс маңы және Есіл- Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді?

4. Мұғалжар тауының ең биік жері?

5.Басарал, Тасаралқайкөлдіңаралдары?


2- топ

1. Маңғыстау тауының ең биік жері?

2. Қай Қазақстанның жерін «Қазақстан Швейцариясы» деп атайды?

3. Реликті көлдер...

4. Көкарал, Возраждение қай көлдің аралдары ?

5. Қазақстанда итбалық қай көлде кездеседі?


Қарасам Қазақстан картасына,

Оранған бар байлықтың алқасына.

Арайлы Атамекен – туған жерім,

Мен үшін сенің артық әр тасың да.


3 тур - Ой толғау


Байлығымыз, пайдалы қазбалар туралы білгеңізде ортаға салыңыз.

  1. Топ - БҚО,

  2. Топ - Орталық Қазақстан

Сергіту сәті қыдырып қайтайық

4 тур «Кім жылдам» пазл жинау

5 тур Кескін картамен жұмыс

1.Қазақстанның шекараларын белгілеу.

2. 1000 км асатын өзендерін белгілеу.

3. Облыс орталықтарын белгілеу.

Жұмбақ шешу

Ақжайық жағасында орналасқан қала?.

Қазақстанның әдемі ғимараттары


Қандай ғимарат бейнеленген және қайда?







Рефлексия. Қазақстан елімізге тілекті стикерге жазу шардың ішіне салып, шарды мұғалімдерге , сыныптастарына беру.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
08.05.2019
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі