Материалдар / География пәнінен сайыс сабақ "Қазынаға жол" 7, 8, 9 -сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География пәнінен сайыс сабақ "Қазынаға жол" 7, 8, 9 -сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
География және басқа да пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2019
3208
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 25.02.2019ж.


Сыныбы: 7а, 8а, 9а,


Сайыс сабақтың тақырыбы: «Қазынаға жол»


Сайыс сабақтың мақсаты:


Білімділік: география пәнінен талапты, білімді, ынталы және ізденімпаз оқушыларды анықтау және оларды алғырлыққа баулу, жаңаны білуге қызықтыру;

Дамытушылық: жылдам және дұрыс шешім қабылдап, өз ойын еркін жеткізуге, есте сақтау қабілетін дамыту, оқушылар дүниетанымын кеңейту, картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: географиядан алған білімдерін ортаға салуға, оқушыларды ұжыммен жұмыс жасауға, бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу


Сабақтың түрі: сайыс сабақ


Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, интерактивті тақта, Power Point презентациясы, шар.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру бөлімі:

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сәлеметсіздер ме, балалар, ұстаздар. Бүгінгі «Қазынаға жол» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Осы сайыста сіздер алған білімдеріңізді дәлелдеп, ал білмейтіндеріңізі көріп, біліп аласыздар.

Сонымен топ мүшелері бүгінгі «Қазынаға жол» атты географиялық сайысымызды бастаймыз. Олай болса оқушылар күрделі де, қызықты география пәнінен алған білімдеріңіз сынаққа салынып, күш сынасасыздар.


Оқушыларды 9-сынып-қызыл, 8-сынып-сары, 7-сынып-жасыл кеспе қағаздары арқылы топтарға болу, белгіленген орындарына отырғызу.


Ендеше бүгінгі «Қазынаға жол» атты географиялық кешіміз 3 кезеңнен тұрады.


Сайыс кезеңдері:


1 кезең: Сәлемдесу

2 кезең: Қызық екен

3 кезең: Әлем картасы

4 кезең: «Отандық туризм»-менің көзіммен

Әділ - қазылар құрамымен таныстыру.


І кезең «Сәлемдесу»:

Бұл кезеңде құрылған 2 топ өздерінің топтарының атын және капитандарын таныстырып өтеді.


ІІ кезең «Қызық екен»:

Бұл кезеңде слайдта тақырыпшаларымен берілген ұяшықтарды таңдап, берілген тест сұрақтарына жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай-алға бір қадам.


Тест сұрақтары:


Климат құрушы факторларды көрсет

Күн радиациясы, жер бедері

Ауа райы, жауын-шашын

Жергілікті желдер, радиациялық байланыс


Алтай тіл әулетінің – түркі тіл тобыны жататын халықтар:

Ағылшындар, исландықтар

Орыстар, болгарлар

Ұйғырлар, қырғыздар


Ландшафттың ең қарапайым бөлігі:

Аймақ

Мекен

Фация


Демографиялық жарылыс елдері:

Беларусь, Испания

Луганда, Нигер

Өзбекстан, Тәжікстан


Сарқылмайтын табиғи ресурстар:

Күн энергиясы

Минералды ресурс

Жер ресурстары


Шарушылықтың өндірістік салалары:

Білім беру

Ауыл шаруашылығы

Коммуналдық шаруашылық

Мына деректердің қайсысы дұрыс

«Том мен Джерри» мультфильмі 13 рет «Оскар» сыйлығын алған

«Зверополис» мультфильміндегі түлкіні Уилл Смит дыбыстаған

АҚШ-та сайлаушылар үміткерлерінің есімінің орнына Шрек деп жазады


Австриялық ғалымдардың айтуынша, ақпаратты есте сақтау үшін ....

Комедиялық фильм көру керек

Шахмат ойнау керек

Жүгіру керек


Ақтау қаласы туралы шын дерек:

Қазақстандағы ең қымбат қала

Қалада 2 мұражай бар

Тұрғындар саны 300 мыңға жетті


Байқоңыр ғарыш айлағы қай жылы салынды?

1944 жыл

1950 жыл

1955 жыл


Британ психологтарының айтуынша, хип-хоп және рэп жанрындағы музыка тыңдайтын адамның .....

IQ көрсеткіші төмен

Есте сақтау қабілеті жоғары

Жүрек ауруына шалдығу қаупі зор


Гүл туралы шын дерек

Күлгін түсті гүлге ара қонбайды

Раушан гүлінің екінші атауы – «Ұмытпас»

Геологтарға пайдалы қазбаны табуға көмектеседі


Қай жерде дыбыс қатты шығады?

Суда

Орманда

Жазық далада


Қазақтан шыққан тұңғыш академик, қазақ ғылымының атасы?

Ш.Уәлиханов

Қ.Сәтпаев

Ә.Марғұлан


Мұнайды алғаш өндірген ел?

Ресей

Әзірбайжан

Біріккен Араб Әмірлігі


ІІІ кезең «Әлем картасы»:

Бұл кезеңде қорапшадағы тапсырмалады орындайды: қорапша ішінде арал және мемлекет шекарасы мен туы бейнеленген. Оқушыларға тапсырма:

1. Ол қай мемлекет?

2. Қай материкте орналасқан?

3. Мемлекет астанасы қалай аталады?

4. Қайсы арал берілген?








Мемлекет-астана

Шекара

Көмек

І топ

Аргентина-

Буэно-Айрос

1. Күмісті мемлекет

2. Латын Америкасында орналасқан

Мали-Бомако

1. Африка құрлығында орналасқан

2. Африканың батысында орналасқан


Испания-Мадрид

1. Ең танымал спорт түрі – футбол

2. Батыс Еуропада орналасқан

Жаңа Зеландия

1. Негізгі нышан Киви құсы, бұл құс басқа еш жерде өсірілмейді;

2. Тынық мұхиты, Тасман теңізінде орналасқан

ІІ топ

Мексика- Мехико

1. Әлемге шоколад, жүгері, чили бұрышын сыйлады


Франция-Париж

1. «Лувр» мұражайы бар

2.Үлкен жетілік елдер құрамында

Замбия-Лусака

1. Виктория сарқырамас бар

2. Африканың оңтүстігінде орналасқан

Жаңа Гвинея

1. Көлемі жөнінен Гренландиядан кейінгі 2-ші арал

2. Бұл аралда Индонезия мен Папуа Жаңа Гвинея елдері бөліседі


IV. “Отандық туризм”,-менің көзіммен

Бұл кезеңде сурет саласыздар. Сурет тақырыбы «Отандық туризм» жайында болады, яғни сіздер Отандық туризмді жарнамалайсыздар. Елдегі туризмді дамыту және туристтерді тарту мақсатында не істер едіңіздер, нені дамытатын едіңіздер?

V. Марапаттау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!