жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
География сабағында картамен жұмыс жасаудың ережелері.
География
сабағында картамен жұмыс жасаудың
ережелері.
Оқушылар кескін картамен сыныпта жаңа тақырыпты өткенде, бекіту мен сарамандық жұмыстар арқылы білім тексергенде және үй тапсырмасын орындағанда жұмыс жасайды. Көп кезеңдерде бұл жұмысты оқушылар атласпен салыстыра отырып, кескін картада қажетті нысандардың орнын тауып, оларды белгілеп жазады.
Кескін карта жер бедері, жер беті сулары, елді мекендер және пайдалы қазба кен орындарына байланысты географиялық атауларды есте сақтауға үлкен көмегін тигізеді.
Кейбір
нысандар кескін картада белгіленген
(мысалы, мемлекеттердің шекаралары,
ірі қалалар, өзен – көлдер) тек қажетті
шартты белгілерді дұрыс тауып, оны
қарындашпен белгілеп, жазу қажет. Мысалы,
өзен – көлдерді оқығанда оқушылар
кескін картада аталған өзен – көлдерді
тауып, олардың аттарын жазады.
Егер аталған нысандар кескін картада
белгіленбесе, оқушылар бірінші берілген
мәліметтер негізінде олардың орналасқан
жерін анықтап, содан кейін ғана шартты
белгілермен түсіріп жазу қажет.
Мен
осы нысандардың аттарын кескін картаға
түсіруде бірнеше қағидаларды есте
сақтау қажеттігін оқушыларға алдын –
ала ескертемін. Мәселен, өзеннің аты
ағыс бағытымен, көлдің аты кескініне
қарай, тау жотасы созылу бағытына қарай,
қала параллельге бағыттас жазылу
керек.
Жоғары сыныптарда кескін карта
күрделі картографиялық жұмыстар жасауға,
яғни, картограмма құрастыру, карта
диаграммамен экономикалық картосхема
жасауға пайдаланылады. Мысалы,
шаруашылық салаларының орналасуын
өткенде оқушылар кескін картадан шартты
белгілерді пайдаланып, шикізаттардың
орналасқан аудандарын, ескі және жаңа
өнеркәсіп аудандарын, т.б. көрсетеді.
Осы жұмыс жасаған жылдарым ішінде
тәжірибем көрсеткендей, кескін картамен
жұмыс географиялық нысандардың аттары
және олардың картадағы орналасуы
оқушылардың географиялық нысандардың
дұрыс жазылумен аталуын меңгеруіне
әсерін тигізеді.
Мұғалім
кескін картамен барлық оқушыларды жұмыс
жасауға үйіруге мүмкіндігі бар. Ең
ақыры, кескін картамен жұмыс, оның
күрделі түрлері, оқушыларды қарапайым
карта жасауға үйретеді. Қазіргі уақытта
кескін картамен мектепте барлық сыныптар
жұмыс жасайды: жылдан – жылға география
пәнін оқығанда ол бірте – бірте күрделене
түседі. Сонымен бірге оқушылар өз бетімен
жұмысты кескін карта арқылы орындай
алады.
Әр уақытта, кескін картамен жаңа жұмысты бастағанда, мен оқушыларға қандай шартты белгілерді қолдануды, қалай түсіріп, қалай жазу керектігін түсіндіріп, содан кейін ғана сыныпта картамен бірнеше жұмыстар жүргізіп, жұмыс түрінің негізін меңгергеннен кейін ғана, үйге кескін картамен жұмыс беремін. Сыныпта күнделікті тек қана үлгі жұмыс (нысандарды белгілеу, негізгі жазулар т.б.) орындап, ал картаны өңдеуді үйден жасайды. Сабақ сұрағанда мен, кескін картаны да сұрап, толтырылуын және жеке – жеке нысандарды тексеріп, бағалаймын.
Оқушылардың
кескін картаны толтыруда және мұғалімнің
тексеруіндегі тәжірибе көрсеткендей,
талаптарға тоқталайын.
Кескін
картамен жұмыс жасағанда қарындашты
пайдаланған жөн. Картадағы кескіндер
қарындашпен түсіріледі: шекаралар –
қызыл түспен, теңіздер мен өзендер –
көк түспен, қалалардың пунсондары
боялмайды. Тау жоталары қоңыр түспен
немесе сызық түрінде қара қарындашпен,
ал қырат пен таулы үстірт – тұйық түрінде
түсіріледі. Шартты белгілермен кескін
картаны бояған бояу түстері барлығы
қолданылатын түстер болғаны жақсы: бұл
оқушының картаны оқып, үйренуі үшін
маңызды. Ал легендасы картаның шетіне
жазылады.
Жазулар
карта бетінде барынша уақ, бірақ
түсінікті, баспа әріптермен түсіріледі.
Оларды дәл оқу картасындағыдай етіп
жазылады.
Әдетте
мен кескін картаны тексергенде қатені
түзетпеймін, тек қате жіберілген жерге
сұрақ белгісін қоямын. Кейде мен картаны
бүлдірмеу үшін қарындашпен қойып, ал
шетіне бір жалпы ескерту немесе әрбір
санға түсініктеме жазамын.
Оқушылар
өздерінің қателерін түзетіп, ескертулер
мен сұрақтарды кетіргішпен кетіреді.
Егер картада қате көп болса, картаны
жаңадан салуды ұсынамын. Мұғалім әрдайым
кескін картамен жұмыс жасағанда қойылған
талаптардың орындалуын тексеріп отыруы
қажет, бұл оқушыларды тазалыққа, жұмысты
дәл орындауына тәрбиелеудегі маңызы
өте зор.
Географияны оқытудың негізгі құралдарымен жұмыс |
Мақсаты: Көрнекі құралдар білім берудің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін – ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады. Мектеп курсындағы география пәнінен көрнекілік құралдардың түрлерін, мақсатын, қолдану аясын анықтап онымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Тақырыпқа қатысты сұрақтар: 1. Көрнекілік дидактикалық тәсіл. 2. География пәнінде ең басты көрнекілік құрал – карта. Картаны, оларды оқу үрдісіндегі рөлі бойынша жіктеу. 3. Географиялық оқулықтар, олардың атқаратын қызметі. Оқулық, оқу құралы және онымен жұмыс iстеу әдiстемесi. 4. География курстарындағы статистикалық көрсеткіштердің маңызы және олармен оқыту үрдісінде жүргізілетін жұмыстар. Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер): Географиялық карталардың оқытудағы міндеті географиялық білімнің аса маңызды көзі. Көрнекілік дидактикалық тәсіл болып табылады. Көрнекі құралдар білім берудің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін – ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады. Картаны, оларды оқу үрдісіндегі рөлі бойынша жіктеу: қабырға, үстелге жайылатын, мәтінде берілген және оқулыққа қосымша берілген карталар; олардың мазмұны мен пайдалану ерекшеліктері. Географиялық карталарды оқып үйрену мақсаты және олармен мектеп географиясы курстарында жүргізілген жұмыстар. “Картаны түсіну”, “оқу”, “білу” ұғымдарының мазмұны. География пәнінде ең басты көрнекілік құрал – карта. Картаның түрлері: тақта картасы, үстел үстіндегі оқулық картасы, кескін картасы. Географияны оқыту әдістемесінде карталармен жұмыс әстеуде үш мақсат қойылады: картаны түсіну, картаны оқу, картаны білу. Географиялық карталардың атқаратын рөлі. Глобус – Жердің моделі. Картаның мазмұны және картаны түсінуді оқытудағы негізгі әдістер. Картографиялық ұғымдар жүйесі. Картаны оқуға үйрету әдістері. Басты картографиялық іскерліктер және олардың физикалық және экономикалық география курстары бойынша айырмашылығы. Картаны білуді қамтамасыз ететін оқыту әдістері. Географиядағы ішінара іздену жіне зерттеу әдістері мен проблемалы оқыту құрамында картамен жүргізілетін жұмыстар. Географиялық оқулықтар, олардың атқаратын қызметі. Оқулық, оқу құралы және онымен жұмыс iстеу әдiстемесi. Оқулықтың ғылыми мазмұны мен әдістемелікаппараттың сипаты. Мәтіннің құрылымдық компоненттері. Оқулықтың мәтін жіне мәтіннен тыс компоненттерімен жүргізілетін негізгі әдістер. Физикалық, экономикалық географиялардың мазмұнын және оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп оқытудың әр сатысында мәтінмен жұмыс істеу әдістерінің өзгеруі. Оқушылардың оқулықты пайдалануында шығармашылық сипаттың күшеюі. Оқулықпен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын жалпы әдістемелік талаптар. Көрнекілік түрлері: суретті көрнекілік (бейнесурет, картина, диафильм, слайд); Дыбыстық көрнекіліктер (күйтабақтар, үнтаспаға жазылған матералдар); Символдық және графикалық көрнекіліктер: (карта, жоспар, сызба, диаграмма); Географияны оқытуда пайдалынатын негізгі құралдармен жұмыс істеу. Географиялық карталар, глобуспен жұмыс істеу. Карталардың мазмұны, оларды оқу және түсіне білу тәсілдері. Физикалық және экономикалық география курстарындағы статистикалық көрсеткіштердің маңызы және олармен оқыту үрдісінде жүргізілетін жұмыстар. Берілу тәсіліне байланысты мектеп географиясында статистикалық мәліметтердің негізгі топтары. Жеке (топтастырылмаған) көрсеткіштермен жұмыс жүргізу әдістері. Графиктер, программалар және статистикалық кестелердің танымдық мүмкіндіктері, оларды оқу әдістері. Сандық материалдардың ерекшеліктерін ескеріп графиктер, диаграммалар және статистикалық кестелерді оқытудың мазмұны және жүйелігі. Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясы курсындағы экономикалық есептер және олардың мақсаты. Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар; 1.Картаны «түсіну», «оқу», «білу» түсініктерінің мазмұндары. Картаны оқытудағы тәсілдер 2. Географияны оқытудағы көрнекілік-түсіндірме әдістер. 3. География оқулығын пайдалану. Статистикалық материалдарды қолдану. 4. Жердің көлемі, кескіні туралы сұрақтарды қарастыру барысында глобусты пайдалану әдістерін даярлау. 5. Көрнекілік құралдардың сипаттамасы. Географияны оқытуда пайдаланатын негізгі құралдармен жұмыс істеу. |
Қызылорда облыс,Шиелі ауданы
№149 Ә.Монтаев атындағы орта мектеп мұғалімі
Бөпежанова НүрияшУалиханқызы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген