400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада география пәнінен оқыту үрдісіне тұлға құзыреттілігін дамытуда білім беру мазмұнын жетілдіру, функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатындағы тапсырамалар көрсетілген. Сондай-ақ сабақ үрдісінде функционалдық сауаттылықты дамытуда білім беру ресурстарын тиімді қолдану ерекшеліктері мен тәсілдері көрсетіліп, ол педагогтардың нақты іс-тәжірибесіне бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жумaгулoвa Рымкул Тoлеугaзиевнa

Қaрaғaнды oблысы, Бұқaр жырaу aудaны, Бaйқaдaм aуылы

«Бaйқaдaм жaлпы білім беретін мектебі» КММ

Геoгрaфия пәні мұғaлімі

zhum.rima@mail.ru

87021557322


География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы дамыту


Aңдатпа

Мақалада география пәнінен оқыту үрдісіне тұлға құзыреттілігін дамытуда білім беру мазмұнын жетілдіру, функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатындағы тапсырамалар көрсетілген. Сондай-ақ сабақ үрдісінде функционалдық сауаттылықты дамытуда білім беру ресурстарын тиімді қолдану ерекшеліктері мен тәсілдері көрсетіліп, ол педагогтардың нақты іс-тәжірибесіне бағытталған.

Функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

Функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Функционалдық сауаттылық дегеніміз­­ ­- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

Адамзаттың функционалдық сауаттылық деген ұғым  адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін құрылым факторы. Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Ағысқа қарсы жүре отырып, мамандығы мен жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ең басты функциональдық ұстанымдар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік болып қалмақ. Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың ең басты тетіктерінің бірі ол – оқыту әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің  оқулықтарының мазмұны ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып жазылып, оны оқыту мен жүзеге асырудың жаңа әдістері, яғни интербелсенді әдістер арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы негізде білім алған мектеп оқушылары теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданумен қатар ана тілінің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығы дегеніміз – оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету деген мағынаны білдіреді..

Тұлғаның ең басты функционалдық салалары:

  • Белсенділік;

  • Шығармашыл тұрғыда ойлауға шешім қабылдай алуы;

  • Кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік;

  • Өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

География пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі – логикалық сипаттағы тапсырмалар болып табылады. Яғни оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға және шығармашылық тұрғыдан ізденуге бағытталған болуы керек. Төменде бірнеше тапсырмаларды ұсынамын:

Мысалы, оқушылар суреттерді қолдана отырып, оларда бейнеленген географиялық нысандар мен табиғат құбылыстарын ажыратады.

Тапсырма №1. Зерттеу нысандары Ғарыштық, аймақтық, жергілікті болып бөлінеді. Берілген суретпен жұмыс жасайды.

А. Қандай географиялық нысан көрсетілген?

В. Қандай табиғи құбылыс көрсетілген?

Бұл тапсырамада коммуникативтік тәсіл сөйлеу, ой-бөлісу, пікір алмасу болып табылады.

1. Материктiң өлшемдерiн анықтау.

Африка материгінде оңтүстiктен солтүстiкке дейінгі қашықтық 20° меридиан бойынша неше градус неше км?

32°с.е + 37°о.е = 69° (градус)

69° х 111 = 7659 (км)

2. Батыс пен шығыс 10° параллель бойында қашықтық неше градус және неше км?

15°б.б + 52°ш.б = 67 °( градус)

67 ° х 109, 6 = 7343, 2 км

2. Масштабтарды сандықтан атаулыға және керісінше айналдырып жазу.

а) 1: 2000 – 1 см –де...20 м

б) 1: 1000000 – 1 см –де.....10км.

в) 1: 50000 – 1 см –де...500м

г) 1 см – 1000 м, бұл....1: 100000

д) 1 см – 200 км, бұл....1: 20000000

е) 1 см – 30000 м, бұл....1: 3000000


«План мен карталарда Жерді кескіндеу» тақырыбына арналған диктант

1-нұсқа 

1. ..... – көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін, қозғалыс бағытын анықтау.

2. Көкжиек тұстары....... болып келеді.

3. Солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс көкжиектің....... тұстары.

4. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал......

5. ...... «жол» деген мағынаны білдіретін араб сөзі.

6. Азимуты 900 болатын көкжиек тұсы....

7. Темірқазық жұлдызының бағыты....

8. План мен картада неше есе кішірейтіліп түсіргенін көрсететін шартты өлшем.....

9. Масштабтың ...... түрі бар.

10. ..... ең ұзын параллель.

Дұрыс жауабы: 1. Бағдарлау 2. Негізгі және аралық 3. Негізгі 4. Тұсбағдар (компас) 5. Азимут 6. Шығыс 7. Солтүстік 8. Масштаб 9. Үш 10. Экватор

Сонымен қатар төмендегі мәтіндік тапсырмаларды ұсынамын:

  1. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі – орман өндірісі кешенінің бір бөлігі. Оның басқа тармағына орман шаруашылығы жатады. Бұл жеткілікті шикізат базасы жоқ Қазақстандағы бірде-бір өнеркәсіп. Статистикалық материалды пайдалана отырып, еліміздің аумағы мен жеке бөліктерінің ормандылық көрсеткішін анықтаймыз. Аумақтың «орманшылық көрсеткішін» (О) анықтау үшін орман аумағының (А1) жалпы аудан аумағына (А2) пайызбен алғандағы қатынасын есептейміз.

№

Қазақстан аумақтары

Жалпы жер

Орман аумағы

Ормандылығы

1

Солтүстік

56,6

1,8


2

Батыс

70,5

0,3


3

Оңтүстік

70,1

8,6


4

Шығыс

28,3

1,8


5

орталық

35,6

0,1



Мәнмәтіндік тапсырмалар

Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің барлығы дерлік бар.

Сан мен ғасыр









  • 1899 ж. еліміздегі ең алғашқы ашылган мұнай кен орны: Ембі

  • Ғалымдардың жобалауы бойынша Қазақстандағы көмір қорының мөлшері қанша жылға жетеді: 248 жылға

  • Қазақстан темір кенінің қоры жағынан ТМД бойынша

нешінші орында: 3

  • Мұғалжардың оңтүстігіндегі Бөгетсай кен орнында не өндіріледі: асбест

  • Республикадағы марганец рудасының қоры: 408 млн 100 мың тонна

2. Шөлді аймақтарда күндізгі ыстыққа қалмас үшін керуеншілер қай жұлдыз туа салысымен жүріп кетеді.

А) Үркер Ә)Үлкен жетіқарақшы Б)темір-қазық

В) Шолпан Г) Кіші Жетіқарақшы

3. Саяхатшы өз күнделігінде, тауда тамақтану үшін от жағып, ас әзірледік.

Ыдыстағы су жылдам қайнағанымен, картоп піскен жоқ. Біз ұзақ

күттік. Бірақ картоп сол күйінде қала берді. Саяхатшылардың картопты

пісіре алмауының себебі неде?

А) Су буының азаюы Ә)Жоғары температура Б)Төмен температура В) Жоғары қысым Г) Төменгі қысым.

География сабағында әр түрлі тақырыптарға эссе жазу, хабарлама, реферат, бүктемелер, презентация, жоба дайындау оқушылардың жалпы және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Зерттеушілік бағыттағы жұмыстарды орындау барысында оқушылар өздігінен ақпарат жинап, оны өңдеуді және көркемдеуді үйренеді, есептеу, графиктер мен диаграммалар құру дағдылары жетілдіріледі. Мысалы, 9-сыныпта өздері оқып жатқан мектеп оқушыларының ұлттық, жастық-жыныстық құрамын анықтау немесе туған өлкесінің көрікті жерлері, тарихи – мәдени ескерткіштері. Сонымен қатар өлкеден шыққан танымал тұлғалар туралы материал жинақтау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады. Өз өлкесін танып-білу арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі артады. Географиялық нысандарға сипаттама беру, олардың ерекшеліктерін анықтау немесе оларды бір-бірімен салыстыру үшін оқушылар мәтінмен, атласпен жұмыс жасайды, графикалық кескіндемелерді талдайды, қорытынды шығарады және болжайды.

7 сыныптың географиясында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында «Графикалық әдістердің қолданылуы» тақырыбы бойынша төмендегі тапсырма беріледі:

Мұғалім оқушылардың назарына әртүрлі графикалық үлгілер ұсына отырып, функционалдық сауаттылығын арттырады.
















1.Суретте не көріп тұрмыз?

2.Бейнелеуде қандай әдіс пайдаланған?

3.Ауа температурасының өзгерісін қайдан көруге болады?

4.Берілген графиктердің бір-бірінен айырмашылығы.

Сонымен қатар белгілі бір тақырыпқа фишбоун, кластер, синквейін және Венн диаграммасын құрастырғанда оқушылар сын тұрғысынан ойлауды, өз ойларын еркін және нақты жеткізуді үйренеді.

Әрбір мұғалімнің мақсаты – білім сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге деген қызуғушылығын арттыру, іздену, таным деңгейін көтеру. География сабағында флипчартты қолдану оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырады. Әсіресе, жоғары сыныптарда елдер мен олардың астаналарын сәйкестендіру, кескін картаға елдер атауларын орналастыру, елдерді аймақтар бойынша топтастыру мазмұнындағы тапсырмалар астаналарды тез жаттауға, картографиялық білімдерін жетілдіруге көмектеседі.

Оқушының тану қабілетін арттырып, ақыл-ой әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызы зор. Проблемалық оқытудың нәтижесі терең де берік білім беріп қою немесе тәсілдерін үйретумен тынбайды, оқушылардың ой-өрісі кеңейеді.

Проблемалық мәселелер мен ситуацияларды құру үшін әр түрлі білім көздерін, оқулық мәтінің, картаны, сурет, сызба, т.б. пайдалануға болады. Мысалы, 8-сыныпта «Қазақстанның экологиялық проблемалары» тақырыбын қарастырғанда оқушылар 7-сыныпта алған білімдерін пайдалана отырып, төмендегідей тапсырмаларды орындайды.

  • «Табиғат кешені» сызба нұсқасын құру;

  • Адамдардың шаруашылық әрекетінің табиғат кешендеріне тигізетін әсері туралы мысалдар келтіру;

  • Арал проблемасының ғаламдық проблемаға айналу себебін түсіндіру;

  • Экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсыну.

Білім берудің түрлері мен әдістерін жетілдірудің тағы бір бағыты – оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру. Топтық оқытудың ерекшелігі – жастары шамалас шағын топтағы оқушылардың бірігіп жұмыс істеуінде. Мұндай шағын топта оқушы өзін-өзі жоғалтпайды, олар бір-біріне көмектесіп ортақ тапсырмаларды орындайды.

Мұндай жағдайда әр оқушы жетістігі мен кемшілігін бағалап қана қоймай, олардың ортақ нәтижеге қанда үлес қосқаны да ескеріледі. Тақырыпты топпен жұмыс істей отырып түсіндіру, қайталау оқушылардың ойлауын дамытуда және көпшілікпен жұмыс істеуге дайындауда үлкен рөл атқарады. Оқушылар өз ойларын еркін және нақты жеткізуге, бірін бірі тыңдай білуге үйренеді. Оқушылардың тапсырманы орындай алмаған жағдайда сабаққа деген ынтасы азайып, өзіне-өзі деген сенімділігі төмендейді. Бұл жағдайдан шығудың жолы – деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей:

  1. Экономикалық және әлеуметтік география................зерттейді

  2. Қазақстанның дүние жүзі кртасындағы географиялық жағдайының басты ерекшелігі.........................................................................................................

  3. Қазақстанның теңіздік шекрасы,,,,,,,,,,км, құрлықтық шекарасы.....................км

  4. Географиялық картаны пайдалана отырып кестені толтыр


Қазақстан аймақтары

Шектесетін елдер

Шекарасының ұзындығы

Солтүстігі



Оңтүстік шығысы



Оңтүстігі



Оңтүстік батысы



Батысы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1168
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі