Материалдар / ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫ НЕГІЗІНДЕ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫ НЕГІЗІНДЕ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫ НЕГІЗІНДЕ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2023
271
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫ НЕГІЗІНДЕ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ЗЕРДЕЛЕУ

УДК 91:37.016


Ақышев Руслан Жұмаханұлы

mayra.akisheva@bk.ru

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2 курс магистранты

Ғылыми жетекші- Боранкулова Дина Мелсовна

Алматы, Қазақстан


Аннотация: Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – қанша ғасыр өтсе де бізді кез-келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Біз ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бірегей табиғи ландшафттар, әр түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі, елдің табиғи және мәдени мұрасын қорғау мен сақтауға арналған. Оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу барысында өмірмен байланыс жасау маңызды құралдың бірі болып табылады. География сабақтарында ерекше қорғалатын табиғат ескерткіштерімен жұмыс жасау барысында оқушылар бойында адамгершілік, эстетикалық, еңбексүйгіштік, отанға деген терең махаббатты тудырады. Туған өлкенің табиғатын зерттеу табиғи, экономикалық, тарихи, мәдени және басқа да ерекшеліктерімен танысу оқушының дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл оқушының өзінің бір нақты ұлт өкілінің қатарына жататындығын түсінуіне және ол үшін мақтаныш сезімінің туындануына көмектеседі.

Кілтті сөздер: мәдени-географиялық, ландшафт, мәдени мұра, эстетикалық, дүниетаным, ұлт өкілі.


Қазақстанның табиғаты таңғажайып: ол бай, алуан түрлі, контрасттарға толы. Мұнда биік тауларды, кең шөлдерді және кең даланы көресіз. Елдің флорасы мен фаунасы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен таң қалдырады. Әдемі ландшафт түрлерін тамашалайсыз. Қазақстан табиғатын оқып-үйрену өз отанымыздың, өлкеміздің табиғатын, шаруашылығын, халқын, оның экономикалық-экологиялық проблемаларын терең білу үшін қажет.

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет. Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға: Мемлекеттік ұлттық қорықтар; Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; Мемлекеттік табиғи резерваттар; Мемлекеттік корықтық аймақтар; Мемлекеттік табиғи қорықшалар; Мемлекеттік табиғат ескерткіштері; Мемлекеттік зоологиялық бақтар; Мемлекеттік ботаникалық бақтар; Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б. жатады.

Енді осы аталған ерекше табиғи аумақтық нысандармен география сабақтарында оқушылармен жұмыс жасау арқылы оларды қорғауға, табиғи аумақтар туралы білімнің қалыптасуына және табиғи аумақтардың рөлі, табиғатты аялауға оқушылар бойында патриоттық тәрбие қалыптасады.

Қазіргі кезде экологиялық және ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы география сабағында әр түрлі әдіс тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушыларға экологиялық білім беру қолға алынып жатыр. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көмегімен оқушылар бойында экологиялық-географиялық білім қалыптастыруға, экологиялық дүниетанымын, өзінің шағын Отанына деген құрметін, оның құндылығы мен бірегейлігін түсінуге көмектеседі. Кейде тіптен төменгі сынып оқушылары өз елінің немесе облыс, аудан аумағындағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың» бар екендігін де білмей жатады. Сондықтан мектепте бастауыш сыныптардан бастап,

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы білімдерін қалыптастыру, дамыту қажет.

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушыға бағытталып оқу жетекші рөл атқаруда. Бұл концепцияның негізін салушылар бірлескен іс-әрекетте жүзеге асырылатын өзара әрекеттестіктің субъект-субъектілік түрін атап көрсетеді. Мұғалім мен оқушы, өзіндік мотивтер, мақсаттар, қабілеттері бар толыққанды тұлға болып табылады. Қорғалатын аумақтарды зерттеу оқушыға экологиялық дүниетанымның негіздерін қалыптастыруға көмектеседі. Мысал ретінде В.А. Ивановтың «Места заповедные» атты орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға арналған интерактивті ойынын қарастыруға болады. Microsoft Power Point бағдарламасында жасалған. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ондағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі, ондағы биологиялық алуантүрлілікті қорғау мәселелері қамтылған. Бұл ойынды тұтастай немесе бөлімдер бойынша оқу және тәрбиелік мақсатта қолдануға болады. Викторина ойыны 30 сұрақтан тұрады және 40-50 минутқа есептелген.

Сондай-ақ әр түрлі жастағы оқушыларға арналған табиғатты қорғауға бағытталған сабақтың қиылысу бағдарламасы бар О.Ю. Гурьевскийдің бағдарламасын айтсақ болады. Бұл бағдарламаның негізгі бөлімі қорғалатын аумақтарды пайдалануға негiзделген мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие берудің объектісі мен құралдары болып табылады. Сабақ барысында оқушылар:

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түсінігімен жас ерекшеліктеріне қарай отырып мазмұнымен танысуды кеңейте отырып жалғастыру, білім аппаратының теориялық бөлігі материалды қабылдауға жалпы дайындықтың ерекшеліктері мен деңгейі;

  • елімізде қалыптасқан ЕҚТА жүйесінің құрылымымен танысу;

  • ерекше қорғалатын объектілермен танысуды жалғастыру барысында территория аумағындағы қорғалатын обьектілердің ерекшеліктері мен географиясын анықтай отырып, теориялық білімдерін жетілдіру.

Көптеген экологиялық-географиялық концепцияларға қарамастан білім беруде, олардың тәжірибеге енгізілуі өте әлсіз жүруде. Мектеп оқушыларына білім беру барысында экологиялық-географиялық түсінікті сабақта және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жан-жақты біліммен қамтамассыз ету қажет. Күнделікті сабақ барысында ЕҚТА тақырыптарына қатысты мәліметтерді мынадай әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың білімін жетілдіруге болады:

  1. «Кинолента» әдісі арқылы Қазақстан қорықтары, ұлттық саябақтары, Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлары туралы киноүзінділер, бейнематериалдар көрсету;

  2. «Рольдік ойын» әдісі арқылы оқушыларға экологтар, саяхатшылар, зерттеушілер рөлдерін бөліп беру арқылы, таныстырылымдар жасау;

  3. «Қазақстанның табиғи мұрасы» тақырыбында шартты белгілерді қолданып, картосхема әзірлеу. Карта бойынша ерекше қорғалатын аумақтардың қай облыстың территориясында орналасқандығын анықтаңыз;

  4. Географиялық номенклатура” әдісі арқылы тақырыпқа қатысты қорғалатын аумақтар бойынша саябақтар, қорықтар, табиғи қорықшалар терминдерімен жұмыс жасау;

  5. «Ой қозғау» әдісі арқылы ЕҚТА байланысты сұрақтар мен тапсырмаларды орындау;

  6. «Саяхат» әдісі арқылы көрген, естіген, білген мәліметтерді кескін картаға түсіру.


Қорыта келгенде мектеп оқушыларына география сабақтарында ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы мәліметтер берудің әртүрлі формалары, әдістері мен құралдарының бар екендігіне көзіміз жетті. Осы аталғандарды әрбір мұғалім өзінің сабақ жоспарына сәйкестендіріп қолдана отырып жан-жақты, қызықты сабақты ұйымдастыра алады. Бейнефильмдер, видеоматериалдар арқылы, ондағы жануарлар мен өсімдіктер түрімен таныстыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатады. Сонымен қатар оқытудың сыныптан тыс түрлерін пайдалануды қарастыруға болады. Экскурсия, саяхат сабақтарын ұйымдастыру арқылы жергілікті жерлердегі қорғалатын табиғат аумақтарына бару, онда сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жасауға болады.


Пайдаланған деректер тізімі:

  1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2006 жылғы 7 шілде № 175-3.

  2. Гурьевских О.Ю. Әртүрлі балалармен өткізілетін іс-шаралар бағдарламасы табиғатты қорғау жасы. Сыныптар циклінің концептуалды негіздері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; ФГБОУ ВО Урал. гос. пед.ун-т. Екатеринбург, 2017. 11 с.

  3. Уварова А.К., Елубаева А. Ерекше қорғалатын табиғи объектілер желісін салыстырмалы талдау Қазақстан және кейбір ТМД елдерінің аумақтары 12-ші аймақаралық ғылыми-практикалық конференция Томск, ТМУ, 2012, 57-60 б.

  4. [Электрондық ресурс]: URL: https://kk.wikipedia.org/wiki/

  5. Бейсенова Ə. С. Қазақстанның физикалық географиясы: Оқулық / Ə.С. Бейсенова. – Алматы: 2014. – 540 б.

  6. Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдарға «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі ұлттық баяндама Нұр-Сұлтан, 2019.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ