Материалдар / географиядан элективті курс үлгісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

географиядан элективті курс үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
географиядан элективті курс үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Шілде 2024
427
42 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


БАҒДАРЛАМА

элективті курс

ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР НЕГІЗДЕРІ

11- сынып оқушыларына арналған

аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат


Арзикулова Гульмира Азкеновна

59 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі


Пікір жазғандар: Ш.Ш.Карбаева, Абай ат. ҚазҰПУ, Жаратылыстану және география институты География, экология және туризм кафедрасының доценті, п.ғ.к.

Увалиев Т.О., Абай атындығы Қазақтың Ұлттық Педагогикалық Университеінің «Жаратылыстану және география» институтының «Елтану және туризм» кафедрасының доценті

Түсініктеме хат

Ұсынылған элективті курс жаратылыстану бағытындағы сыныптарға арналаған. Элективті курсты оқып үйрену қосымша білім мен кәсіби мамандық таңдауға, жас өспірімдердің бойындағы ерекше қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі. Бұл бағдарламада география пәнінің типтік бағдарламасын іске асыруда оқытудың келесі түрлері ұсынылады:дәрістер, практикалық сабақтар, зерттеу жұмыстары және т.б. Элективті курстың негізгі проблемалардың бірі - жас ұрпақты география пәнін жете білуге жетелейді, оның қыр-сырларын оқып түсінуге бағытталады.

Қазіргі кезде интеграциялық білім беру жақсы дамып келе жатыр.Оның мысалы ретінде биогеография, геоэкономика және география мен экология ғылымдарының тоғысында пайда болған геоэкологияны айтуға болады. Адамның географиялық ортаға тигізетін әсері алуан түрлі. олардың даму динамизмі, ауқымдылығы мен қарқындылығы қазіргі қоғамның өзекті мәселелеріне айналып отыр. Геоэкологиялық зерттеулер осы мәселелерді қарастыруға және осы мәселелерді «табиғат» , «шаруашылық», « қоғам» сияқты ұғымдармен байланыстыра отырып, географиялық шеңберде шешуге бағытталған.

"Геоэкологиялық зерттеу негіздері" курсында табиғатты тиімді пайдалану және қоғамның қоршаған ортамен өзара әрекеттестігін оңтайландыру мақсатында гуманитарлық-экологиялық қолдау негізінде географиялық орта мен оны шектейтін, табиғи-антропогендік және әлеуметтік-экономикалық аумақтық геожүйелерді зерттеу әдістері қарастырылады.

Курстың басты міндеттерінің бірі оқушыларда зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі, әдістері мен тәсілдері туралы қажетті білімді қалыптастыру болып табылады.

Курста қарастырылатын зерттеулер физикалық-геоэкологиялық және экономикалық-геоэкологиялық.

Курс оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау базасы ретінде қарастырылады. Оқушыларға өзіндік жұмыс негіздері беріледі, зерттеу әдістері туралы дәрістер өткізіледі.Оқушыларда ғылыми әдебиеттермен және картографиялық материалдармен жұмыс істеу дағдысы, жеке ғылыми зерттеулерде әдістерді дұрыс таңдау және қолдану дағдысы осы курс барысында қалыптасады.

Курстың мазмұны мен құрылымы жас өспірімдердің спиральдық білім алу жүйесінде алған білімдерін, қарай қабілеттерін жетілдіруге түрлі әдіс -тәсілдер мен зерттеулер арқылы дұрыс шешім қабылдауға, табуға тырысады.

Курс оқушылардың география пәнінен алған білімдері мен дағдыларына қарай негізделген. Сабақ барысында ұсынылатын мәселелер бойынша оқушылар ақпарат іздеп,өздеріне тәжірибе жинайды. Оқушылар, таңдаған тақырыбына эксперименттер, есептер, хабарламалар дайындайды, өз қабілетін жақсартуға зерттеулер әзірлей алады.

Таңдау бойынша курстар 34 сағатқа есептелген.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Оқушыларға геоэкологиялық зерттеу негіздерін меңгерте отырып, олардың қоршаған ортаға баға беру, қорғау дағдыларын қалыптастыру

  • Оқушылардың белгілі бір білімді игеруі емес, керісінше жеке ерекшеліктерге, проблемалық жағдайларға, мәселелерге деген дұрыс шешімдерін қалыптастыру, тиісті мінез-құлық әдістерінің қабылдануы немесе қабылданбауы туралы берік сенім орнату.

Бағдарламаның міндеті:

  • Табиғатты тиімді пайдалану және қоғамның қоршаған ортамен өзара әрекеттестігін оңтайландыру шараларын қарастыру

  • Геоэеологиялық зерттеулер арқылы қоршаған ортаның физикалық, экологиялық, экономикалық жағдайларын зерттеу, баға беру

  • Қосымша әдебиеттер арқылы оқушыларды өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізуге және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  • Электронды, ақпараттық білім көздерімен жұмыс істеу кезінде оқушылардың білімін нығайту.

Бағдарламаның өзектілігі:

«Геоэкологиялық зерттеулер негізі» курсының бағдарламасы оқушыларда қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау, дамыту жолдарын іздеуге, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға, болашақ мамандықтарын нақты таңдауға ой салады және әртүрлі қауіп төну факторларына қарсы тұру қабілетін дамытады.

Бағдарламада экологиялық факторларға оның ішінде антропогендік факторға аса маңызды көңіл бөлінеді. В.И. Вернадскийдің «Адам қуатты геологиялық күшке айналып отыр» деген ойын ары қарай дамытып, адамның іс-әрекеттеріне талдау жасалады. Геоэкологиялық зерттеулер оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра түседі.Олар өздерінің зерттеулерінің нәтижесін көре алады,зерттеу қорытындысын жария ете отырып, олардың ғылымға деген құштарлығын арттырады. Бұл курстың материалы 11 сынып география оқулығы материалдарымен сәйкес келіп, оны тереңдете оқуға көмектеседі.

Элективті курс бағдарламасы теориялық білімді, оқушыларының зерттеу қабілеттерін нығайтып ,дамыту негізінде практикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Курстың әр бөлімін зерделеу кезінде зерттеу, практикалық жұмыс қарастырылған. Олар білім,білік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған:зерттеу, болжауды бағалау, түсіндіру, сипаттау. Практикалық жұмыс жүйесі оқушылардың күнделікті ойлары мен оған ұсынылған мәселелердің ғылыми мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, бағдарламаның практикалық, зерттеу жұмыстары жадыны дамыту, ми әрекеттерін жаттықтыру және ілгері жылжу дағдыларын қалыптастырып, білім деңгейінің көтерілуіне, дамыған заманымызға әрі қарай тың идеялар мен жаңалықтар енгізуге себепші болады.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі


  1. Кіріспе.(3 сағат)

11.1.1 Геоэкологияға кіріспе

11.1.2. Геоэкологияның даму тарихы

11.1.3. Геоэкологиялық зерттеудің мақсаттары

II. Геоэкологиялық зерттеу әдістері мен түрлері (7 сағат)

11.2.1. Геоэкологиялық зерттеу әдістерін жүйелеу

11.2.2.Геоэкологиялық зерттеудің негізгі әдістері: тәжірибелік, сипаттау

11.2..3. Геоэкологиялық зерттеулердің дәстүрлі әдістері:салыстыру, тарихи,картографиялық

11.2.4.Геоэкологиялық зерттеулердің жаңаша әдістері:геофизикалық, геохимиялық, статистикалық, аэроәдістер, модельдеу

11.2.5. Геоэкологиялық зерттеу түрлері: ақпараттық, құрылымдық, құрылымдық-морфологиялық

көзқарастық (позиционный), экологиялық,ландшафтық, функционалдық

11.2.6. Геоэкологиялық зерттеулердің ғылыми негіздері

11.2.7.Геоэкологиялық зерттеуді жүргізудің түрлері: далалық,экспедициялық, стационарлық, жартылай стационарлық, аэрокосмостық

ІІІ. Табиғи және табиғи-антропогендік экожүйелерді зерттеу.(7 сағат)

11.3.1. Дайындық кезең.Зерттеуді ұйымдастырудың сызбасын жасау

11.3.2. Берілген жүйелер туралы ақпарат жинау

11.3.3. Зерттеу әдістері мен құрал-жабдықтарды анықтау

11.3.4.Экожүйелерге ландшафты карта жасау

11.3.5. Табиғи және табиғи-антропогендік экожүйелердегі антропогендік өзгерістерді жіктеу.

11.3.6. Бақылаулар мен зерттеулерді тіркеу

11.3.7. Қорытынды шығару, болжау жасау

ІҮ. Ластанған қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктеу, зерттеу (8 сағат)

11.4.1. Ластанған қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін экологиялық-геохимиялық зерттеу

11.4.2.Қоршаған орта ландшафтына сараптама жасау

11.4.3.Қоршаған ортаға геохимиялық сараптама жасау: су, ауа, топырақ

11.4.4.Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына сараптама жасау

11.4.5.Қоршаған ортаның антропогендік факторларына сараптама жасау

11.4.6. Қоршаған орта мен табиғи жүйелердің қарым-қатынасын модельдеу

11.4.7. Қоршаған ортадағы табиғи және антропогендік жүйелерді салыстыру

11.4.8.Зерттеулердің қорытындысы

Ү. Қала мен қала маңы аумақтарының геоэкологиялық тұрғыда зерттеу (9 сағат)

11.5.1. Қала мен қала маңы аумақтарының дамуына қатысты алуан түрлі объектілер мен үдерістерді анықтау

11.5.2. Қала мен оның маңы аумақтарының инновациялық дамуының геокеңістік аспектілері

11.5.3. Экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында ортаның сапасын басқару

11.5.4. Қаланың табиғи және шаруашылық кешендер негізінде даму аспектілер

11.5.5. Урбоэкожүйенің қасиеттерін, динамикасын және тұрақтылығын зерттеу

11.5.6. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану проблемалары

11.5.7. Қала жүйесінің оңтайлы қызмет етуінің табиғи және ресурстық факторлары

11.5.8. Қаланың қала маңы аумақтарына тигізетін әсерін анықтау

11.5.9. Қорытынды шығару

Нормативті бөлім

Р/С

Тақырыбы

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім өнімі

Бар

лығы

Лек

ция

Зерттеу


Кіріспе (3 сағат)

І

Геоэкологияға кіріспе

11.1.1.Геоэкология пәні туралы түсінік қалыптастыру

1

1


Геоэкологияның

зерттеу нысандарын біледі

2

Геоэкологияның даму тарихы

11.1.2.Геоэкология

ның даму тарихымен танысу

1

1


Геоэкологияның даму тарихындағы кезеңдерді ажыратады

3

Геоэкологиялық зерттеудің мақсаттары

11.1.3.Геоэкология

лық зерттеудің мақсатын анықтау

1

1


Геоэкологиялық зерттеулердің не себепті керек екендігін зерделейді

Геоэкологиялық зерттеу әдістері мен түрлері (7 сағат)


4

Геоэкологиялық зерттеу әдістерін жүйелеу


11.2.1. Геоэкологиялық зерттеу әдістерін жүйелеу, салыстыру

1

1


Геоэкологиялық зерттеу әдістерін жүйелейді, айырмашылықтарын айқындайды


5

Геоэкологиялық зерттеудің негізгі әдістері: тәжірибелік, сипаттау


11.2.2. Геоэкологиялық зерттеудің негізгі әдістерін жүйелеу, салыстыру

1

1


Геоэкологиялық зерттеудің негізгі әдістерін жүйелейді, айырмашылықтарын айқындайды

6

Геоэкологиялық зерттеулердің дәстүрлі әдістері:салыстыру, тарихи, картографиялық

11.2..3. Геоэкологиялық зерттеулердің дәстүрлі әдістерін жүйелеу, айырмашылықтарын анықтау

1

1


Геоэкологиялық зерттеулердің дәстүрлі әдістерін жүйелейді

7

Геоэкологиялық зерттеулердің жаңаша әдістері: геофизикалық, геохимиялық, статистикалық, аэроәдістер, модельдеу

11.2.4. Геоэкологиялық зерттеулердің жаңаша әдістерін жүйелеу, салыстыру

1

1


Геоэкологиялық зерттеулердің жаңаша әдістерінің айырмашылықтарын анықтайды

8

Геоэкологиялық зерттеу түрлері: ақпараттық, құрылымдық, құрылымдық-морфологиялық

көзқарастық (позиционный), экологиялық,ландшафтық, функционалдық

11.2.5. Геоэкологиялық зерттеу түрлерін жүйелеу, салыстыру

1

1


Геоэкологиялық зерттеу түрлерінің айырмашылықтарын айқындайды

9

Геоэкологиялық зерттеулердің ғылыми негіздері


11.2.6. Геоэкологиялық зерттеулердің ғылыми негіздерін түсіну

1

1


Геоэкологиялық зерттеулердің ғылыми негіздерін зерделейді

10

Геоэкологиялық зерттеуді жүргізудің түрлері: далалық, экспедициялық, стационарлық, жартылай стационарлық, аэрокосмостық

1.2.7. Геоэкологиялық зерттеуді жүргізудің түрлерін талдау

1

1


Геоэкологиялық зерттеуді жүргізудің түрлерін жүйелейді

ІІІ

Табиғи және табиғи-антропогендік экожүйелерді зерттеу.(7 сағат)

11

Дайындық кезең. Зерттеуді ұйымдастырудың сызба-жоспарын жасау

11.3.1. Табиғи және табиғи-антропогендік экожүйелерді зерттеуді ұйымдастыру

1


1

Зерттеуді ұйымдастырады, жоспарын жасайды, сыба құрастырады

12

Берілген жүйелер туралы ақпарат жинау


11.3.2. Табиғи және табиғи-антропогендік экожүйелерді зерттеу үшін ақпарат жинау

1


1

Зерттеуге керек ақпаратты ғаламтордан, түрлі әдебиеттерден, ғылыми журналдардан т,б жинайды

13

Зерттеу әдістері мен құрал-жабдықтарды анықтау


11.3.3. Табиғи және табиғи-антропогендік экожүйелерді зерттеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындайды

1


1

Зерттеуге қажетті құрал-жабдықтарды анықтайды

14

Экожүйелерге ландшафты карта жасау


11.3.4. Табиғи және табиғи-антропогендік экожүйелерді зерттеудің ланшафтық картасын жасау

1


1

Зерттеуді бастау үшін ланшафтық карта жасайды

15

Табиғи және табиғи-антропогендік экожүйелердегі антропогендік 6өзгерістерді жіктеу.


11.3.5. Табиғи және табиғи-антропогендік экожүйелердегі антропогендік 6өзгерістерді жіктеу, сипаттау

1


1

Антропогендік өзгерістерді жіктейді, кесте құрастырады

16

Бақылаулар мен зерттеулерді тіркеу


11.3.6. Жүргізілген бақылаулар мен зерттеулерді тіркеу

1


1

Бақылау мен зерттеуді тіркеу үшін журнал бастайды, толтырады

17

Қорытынды шығару, болжау жасау


11.3.7.Зерттелген мәселенің қорытындысын ұсыну

1


1

Қорытындыны көрсетілім түрінде жасайды

ІҮ

Ластанған қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктеу, зерттеу (8 сағат)

18

Ластанған қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін экологиялық-геохимиялық зерттеу

11.4.1. Ластанған қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін экологиялық-геохимиялық зерттеу жүргізу

1


1

Ластанған қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін экологиялық-геохимиялық зерттеудің жоспарын құрады

19

Қоршаған орта ландшафтына сараптама жасау


11.4.2. Қоршаған орта ландшафтына сараптама жасау, ерекшеліктерін анықтау

1


1

Қоршаған ортаның ланшафтық картасын жасайды

20

Қоршаған ортаға геохимиялық сараптама жасау: су, ауа, топырақ


11.4.3. Қоршаған ортаға геохимиялық сараптама жасау, құралдарды анықтау

1


1

Қоршаған ортаның су айдындары мен ауа, топырақ құрамына сараптама жасайды

21

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына сараптама жасау


11.4.4. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына сараптама жасау. түсіндіру

1


1

Қоршаған ортаның экологиялық картасын жасайды

22

Қоршаған ортаның антропогендік факторларына сараптама жасау


11.4.5. Қоршаған ортаның антропогендік факторларына сараптама жасау, факторларды жіктеу

1


1

Антропогендік факторлардың әсері мен ілеспе әсеріне ментальды карта жасайды

23

Қоршаған орта мен табиғи жүйелердің қарым-қатынасын модельдеу


11.4.6. Қоршаған орта мен табиғи жүйелердің қарым-қатынасын модельдеу

1


1

Қоршаған орта мен табиғи жүйелердің модельін жасайды, болжайды

24

Қоршаған ортадағы табиғи және антропогендік жүйелерді салыстыру


11.4.7. Қоршаған ортадағы табиғи және антропогендік жүйелерді салыстыру, айырмашылқтарын анықтау

1


1

«Т кестесі» арқылы қоршаған орта мен антропогендік жүйелерді салыстырады

25

Зерттеулердің қорытындысы


11.4.8. Зерттеулердің қорытындысын жариялау

1


1

Зерттеудің қорытындысын реферат түрінде жариялайды

Ү

Қала мен қала маңы аумақтарының геоэкологиялық тұрғыда зерттеу (9 сағат)

26

Қала мен қала маңы аумақтарының дамуына қатысты алуан түрлі объектілер мен үдерістерді анықтау

11.5.1.Қала мен оның маңындағы аумақтардың дамуына қажет объектілерді анықтау

1


1

Қала және оның маңындағы объектілердің сызбасын ұсынады

27

Қала мен оның маңы аумақтарының инновациялық дамуының геокеңістік аспектілері


11.5.2. Қала мен оның маңы аумақтарының инновациялық дамуының геокеңістік аспектілерін анықтау

1


1

Қала мен оның маңы аумақтарының инновациялық дамуының болашағын болжайды

28

Экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында ортаның сапасын басқару

11.5.3. Қала мен оның маңы аумақтар ортасының сапасын зерттеу

1


1

Қала мен оның маңы аумақтар ортасының сапасын кешенді зерттейді

29

Қаланың табиғи және шаруашылық кешендер негізінде даму аспектілер

11.5.4. Қала мен оның маңы аумақтарының даму аспектілерін қарастыру

1


1

Қала мен оның маңы аумақтарының даму аспектілеріне жоба жасайды

30

Урбоэкожүйенің қасиеттерін, динамикасын және тұрақтылығын зерттеу


11.5.5. Урбоэкожүйенің қасиеттерін, динамикасын және тұрақтылығын зерттеу, сипаттау

1


1

Қала мен оның маңы аумақтарының урбоэкожүйесін модельдейді

31

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану проблемалары


11.5.6. Қала мен оның маңы аумақтарының табиғат ресурстарын тиімді пайдалануын зерттеу

1


1

Қала мен оның маңы аумақтарының табиғат ресурстарын тиімді пайдалануының проблемаларын анықтайды, алдын-алу шараларын ұсынады

32

Қала жүйесінің оңтайлы қызмет етуінің табиғи және ресурстық факторлары


11.5.7. Қала мен оның маңы аумақтарының оңтайлы қызметіне әсер ететін факторларды жүйелеу

1


1

Қала мен оның маңы аумақтарының оңтайлы қызмет етуіне қатысты факторларды түсіндіреді, жүйелейді

33

Қаланың қала маңы аумақтарына тигізетін әсерін анықтау


11.5.8.Қаланың қала маңына әсерін зерттеу

1


1

Қаланың дамуының қала маңы аймақтарына тигізетін әсерін «ВЕНН диаграммасы» арқылы сипаттайды

34

Зерттеулердің қорытындысын шығару


11.5.9. Зерттеулердің қорытындысын шығару

1


1

Зерттеулердің қорытындысын «Қаланың және қала маңы аумақтарының перспективті дамуы» деген жоспарды құру арқылы жария етеді


Барлығы

34

10

24

Ақпараттық –әдістемелік бөлім

Мәңгілік Ел идеясының жеті құндылығы білім мен тәрбиенің құнды құралы. Құндылықтардың бірі-қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Ел дегенде, жер дегенде – білегін сыбанып, іске дайын тұратын, еліміздің жарқын болашағы үшін күресе білетін, намысты ұрпағымыз болса, қоғамымыздағы ұлттық бірліктің іргесі шайқалмаса, ұлтымыз өз әдет – ғұрпын, таза тілін сақтаса Мәңгілік Ел боламыз, бұл – жеңіске жетуіміздің негізгі кепілі. Ұлтымыздың болашағы білімді болу керек, сондықтан барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша құрастырылған «Геоэкологиялық зерттеу негіздері» элективті курс бағдарламасы оқушыларды өмірге тез бейімделе алатын, нақты шешім қабылдай алатын жан-жақты ізденімпаз, білімді тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыттайды. Сонымен қатар оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлеуін қалыптастыруға, танымдық қабілеттерін дамытуға, өз бетімен жұмыс жасауға, зерттеуге, ғылыммен айналысуға дағдыландырады.

Осы курсты оқу барысында оқушылардың спиральдік білім алуындағы білім денгейлерінің жан-жақты әрі қарай дамуы іске асырылады.

Оқыту процесі барысында мынадай дидактикалық принциптерді іс жүзеге асыруға болады:

Оқушылар жеке, топтық жұмыс жасауға дағдыланады,жаңа мәліметтермен алға ұмтылыс жасауға талпынады,белсенділіктері артады,алған білімдерін өмірмен байланыстырады.

Күтілетін нәтиже:

  • Қоршаған ортаға геоэкологиялық зерттеулер жүргізеді;

  • Қоршаған ортаға геоэкологиялық зерттеулер жүргізу арқылы болжам жасай алады;

  • Қоршаған ортаға геоэкологиялық зерттеу жүргізу арқылы мәселенің нақты себебі мен шешімін шығарады;

  • Геоэкологиялық зерттеулердің түрлері мен әдістерін ажырата алады;

  • Зерттелетін нысандарға байланысты әдістерді таңдай біледі;

  • Оқушылардың өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізуге және пәнге деген қызығушылығын арттырады ;

  • Оқушыларға бойындағы ерекше қабілеттерді ашуға көмектеседі;

  • Әр бір оқушы өзін сыни тұрғысынан ойлап,шешім шығара алатын тұлға ретінде қалыптастыра алады;

Оқушылар жасай алуы керек:

  • Қоршаған ортада экологиялық тепе-теңдікті сақтау шараларын дамыту жолдарын ұсыну;

  • Алған білімді өмірде қолдана алу;

  • Жағдайларды дұрыс бағалау және проблемаларды шешу;

  • Топтық қысымға қарсы тұру;

  • Өз көзқарастарын қорғап,дамыту.

  • Практикалық жұмыстарды орындауда қауіпсіздік техникасын сақтау;

  • Қосымша әдебиеттерден және қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, ізденіс жұмыстарды жасау;

  • Өз бетінше жұмыс жасау;

  • Алған білімдерін пайдаланып өзіне қажетті мамандықты таңдай білуге ұмтылу.

Оқушылардың білім,білік дағдыларын бағалау.

Бағалаудың екі түрі қалыптастырушы және жиынтық бағалау қамтылады: оқушылардың оқу нәтижелері алдын-ала ұсынылған критерийлер бойынша бағаланады және жоспарланған оқу мақсаттарына сай оқушылардың шынайы жеткен нәтижелерінің сатылары белгіленеді.

Оқушылардың білімі,іскерлігі дағдылары,шығармашылық қабілеттері рейтингтік жүйеде бағаланады.Блум таксономиясымен құрылған сабақ жоспарлары нақты крийтерийлермен анықталады. Бағалау критерийлері:

  • зерттеудің жоспарының дұрыс құрылуы;

  • тәжірибиелерді орындаудағы тиімді тәсілдерді қолдану біліктілігі;

  • зерттеулерді орындауда есептеулер мен сызбаны қолдану машықтығы, зерттеу нәтижиесі;

  • Статистиканы жүйелі, дәлелді жүргізуі

Бағалау нормасы;

Тапсырманы жан-жақты зерттеп,зерттеудің мақсатын, өзектілігін ашса теориялық білімін практикада қолдана алса, заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданадуды білсе 90-100% жоғары («20»балл) қойылады.

Тапсырманы теориялық тұрғыдан толық баяндап, зерттеу жұмыстары мен практикалық жұмыстардың нәтижелерін салыстырмалы сипаттай алғанда,оның салдарымен нәтижелерін болжай алғанда , білімі 70-90 % жақсы («15») балл аралығындағы көрсеткішке сай келгенде қойылады.

Тапсырманы түсінеді бірақ орындай алмаған жағдайда 50-70 % орта («10») балл аралығында қойылады.

Өтілген материалды толық меңгере алмағанда,тапсырманы орындамаған жағдайда

20-30% төмен («5») балл қойылады.

Қолданылған әдебиеттер

1.Н.В.Гагина, Т.А.Федорцова. «Методы геоэкологических исследовании» Минск. БГУ. 2002 10-33 бет

2. Учебно-методическое пособие. «Геоэкология» Павлодар. 2015

3. Орлов, М.С. Гидрогеоэкология городов: Учебное пособие / М.С. Орлов, К.Е. Питьева. - М.: НИЦ Инфра-М, 2013. - 288 бет.

4. Прозоров, Л.Л. Энциклопедический словарь " ГЕОЭКОЛОГИЯ" / Л.Л. Прозоров. - М.: Научный мир, 2004. - 396 бет.

5. Стурман, В.И. Геоэкология: Учебное пособие / В.И. Стурман. - СПб.: Лань, 2018. - 228 бет.

6. Короновский, Н.В. Геоэкология: Учебное пособие / Н.В. Короновский, Н.А. Ясаманов, Г.В. Брянцева. - М.: Инфра-М, 2019. - 407 бет.

Қосымша

  1. Жүйелеу әдісі 

табиғи орта элементтеріннің өзара әсерлесуін терең және мұқия тоқып зерттеуге мүмкіндік береді. Далалық геоэкологиялық зерттеулер процесінде ауаның, судың, топырақтың және биоталық табиғи антропогендік ластануының фондық сипаттамалары оқып-зерттеледі. Мұнда табиғи территориялық кешендердің биомассалары мен биоөнімділігін сипаттайтын мәліметтер талданады. Географиялық жүйелердің құрылымы мен динамикасы әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларды зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Оларды зерттеу анықталған табиғи антропогендік кешен (ландшафт) мен шектелген қоршаған ортаның экологиялық жағдайларының сапалық және сандық қалыптасуына антропогенездің әсеріне байланысты жүргізіледі.

  1. Салыстыру әдісі

Бірдей токсономикалық деңгейдегі геожүйелердің экологиялық ұқсастығын белгілеу мен шұғылданады. Талдау үшін ұқсас геожүйелер таңдап алынады. Салыстыру әдісі талданған геожүйенің геоэкологиялық қасиеттерінің динамикасының экологиялық жағдайының эволюциялық заңдылықтарын анықтайды.

  1. Тәжірибелік әдіс 

популяциялардың қоршаған орта факторларына реакциясын-жауабын оқып-зерттейді. Геоэкологияда бұл әдісті пайдалану адамның табиғи антропогендік жүйелердің экологиялық жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін табиғи ортаның ластану заңдылықтарын геожүйенің қызметіе анықтауға қолданады.

  1. Модельдеу (үлгілеу) әдісі 

зерттейтін экожүйенің бірнеше есе кішірейтілген үлгілерін жасайды. Мысалы, зерттелетін су қоймасының лабораториялық үлгісін дайындайды.

Модельдеу үш элементті қамтуға тиіс: Талданатын кеңістік (геожүйенің шекарасы); Геожүйелердің қызметін анықтайтын компоненттер; Талдаудың уақыт бойынша аралығы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!