Материалдар / Географияға қызықты саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Географияға қызықты саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Географияға қызықты саяхат Географиялық апталықтың ашылу салтанаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2023
231
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі КММ











Географияға қызықты саяхат

Географиялық апталықтың ашылу салтанаты













Жетекшісі:Төлеуғажина П.

Тексерген:Балтабаева А.Д





















2022-2023 оқу жылы

Географияға қызықты саяхат апталығының салтанатты ашылуы

Күні: 7.12.2022

Сағат 15:00


Географиялық кештің тақырыбы: «Географияға қызықты саяхат».

Мақсаты:

1. География пәніне қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту.

2. Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін айту.

3. Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.


Міндеті:бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау,сонымен қатар ойлау,топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.

Көрнекіліктер: презентация-слайд, музыка,шарлар


Барысы:


«Сарыарқа» күйі Есенгелды Даулеттің орындауында


Жүргізушілер ортаға шығады:


1-жүргізуші:


- Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Желтоқсан айының 7 мен 11-не дейін аралығында «Географияға қызықты саяхат» атты мектепішілік апталықтың ашылуы салтанаттына қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:


Уа, халайық, халайық! Бәріңе жар салайық! Бүгінгі апталық төрінде, Жұмбақ шешіп аңдысып… Шабыттанып шалқысып, Көңілді апталық жасайық, Жұмбақ шерді шашайық. Ат салысып аянбай, Бар өнерге басайық


2 жүргізуші:


-Қайырлы күн! Бақытты сағат!


Барлығыңызды осында көргеніме қуаныштымын!


Мына жігіттерді елестетіп көріңізші:


Біздің үй шар – Көк ғаламшар.


Ол қандай үлкен! - Иә, жоқ - ол сәби,


Жұлдыздар үлкен...


Қорқынышты болып барады


Мұндай шаң қалай туады


Және адаспаңыз және шашыратпаңыз!


Бір шаңырақ астында бір үйде тұрамыз,


Біз жануарлармен ортақ ауамен тыныс аламыз,


Күннің нұры бізді жылытады.


Жерлестер – біздің үйіміз – Көк планета.


Біз тауларды, шөлдерді, жанартауларды араладық,


Теңіздер мен мұхиттар арқылы.


Жарты дүниені өтіп, саған келді,


Бір апталық география, әдемі залда.


2 жүргізуші:


Ұзақ уақыт бойы жер бетінің табиғаты өзгермейді деп есептелді.


Бірақ ол олай емес. Ескі таулар бұзылып, жаңалары пайда болады; ормандардың орнында шөлдер пайда болады, бір кездері теңіз толқындары шашыраған жерде қазір құрлық бар. Ал, әрине, адам өзінің шаруашылық қызметімен табиғат-ананы өзгертіп, ластайды.


Ал енді оқушыларымыз географияны қалай түсінеді сол жайында постер жасап қорғап шықсын! 7минут уақыт беріледі (түрлі түсті маркерлер,ақ бет қағаздар беріледі)


Оқушылар постерларын қорғап, түсінгендерін айтып шығады.


1-жүргізуші:


Табиғат сенің қорғаның, қорғаныңды қорғай біл! Ал балалар біз де ат салысайық табиғатты қорғайық қурап бара жатқан ағашымызды білім сусыны мен жандандырайық!


2 жүргізуші:


Ал, балалар, біз де өз білімімізбен табиғатқа көмектесеміз. География сұрақтарына жауап беріңдер


Қағаздағы сұрақтар беріледі


1) Қазіргі таңда табиғи ластануларға алып келіп жатқан факторлар?


2)Тірі табиғат дегеніміз не?


3) Табиғаттың адамға пайдасы қандай?


4) Қоршаған орта табиғатты қалай сақтап қалуға болады.


5) Табиғатты ластайтын нелер?


6) Табиғат ерекшелігі неде?


7)Табиғатты , табиғи ресурстарды ластанудан қорғау үшін өндірісте қандай шаралар атқарылуда?



1-жүргізуші:


Күн сәулесі төгілгені әдемі,


алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.


сылдыр қаққан мөлдір су да әдемі,


Биік – биік шыңдарым да әдемі!


Сұңқар құстың самғағаны әдемі!


Даланы әнге бөлеп,


Құстардың сайрағаны Әдемі!


Мөлдіреген көздері,


Киігім қандай әдемі!


Аппақ қарға оранған,


Қысым қандай әдемі


Масатыдай құлпырған


Көктем қандай әдемі!


Асыр салып ойнайтын,


Жазым қандай әдемі!


Сары түске боялған,


Күзім қандай әдемі!


Осылайша табиғатқа бір қарап


Табиғатпен сырласуда әдемі!


Жер – Ананы аяласаң жан – тәніңмен,


Боларсыңдар сендер де дүниедегі ең ӘДЕМІ!


Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,


Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.


Дей келе ортаға ән шашуымен 9-сынып оқушысы Сайранова Жансаяны шақырамыз!



2 жүргізуші:


Балалар, белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет, біз сіздерді іс-шараларда күтеміз!


1-жүргізуші:


Осымен, : «География әлеміне саяхат » атты апталыы ашық деп жариялаймыз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!