400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Географиялық деректер. Тақырыптық карталар. Географиялық номенклатура.

Материал туралы қысқаша түсінік
*географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіреді *тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді жіктейді, талдайды және құрастыру (профиль, диаграмма, график, кесте) *географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқу
Материалдың қысқаша нұсқасы

География пәнінен сабақ жоспары

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8 сыныптар

Қатысушылар саны:

Қатыспаушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Географиялық деректер. Тақырыптық карталар. Географиялық номенклатура.

Кілттік дағдылар

коммуникативті

Құндылықтар

География пәнінен функционалды сауаттылығын арттыру, бірлесе әрекет жасау; сыйластық, ашықтық, өзара әрекеттестік;

Оқу мақсаты

*географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіреді

*тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді жіктейді, талдайды және құрастыру (профиль, диаграмма, график, кесте)

*географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқу

Күтілетін нәтиже

Мәтінмен жұмыс істеу арқылы географиялық деректерді талдайды; картадан географиялық нысандарды көрсетеді;

Тілдік міндет

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер:

Мен ..... ойлаймын, өйткені ....

Менің көзқарастарым бойынша ...

Бір жағынан ... , екінші жағынан .....

Мен мұны қолдаймын/ бұған қарсымын, өйткені .....

Сабақ әдісі:


Сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, лекциялық материалдармен жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс

Құрал-жабдықтар:

Суреттер, видео, интерактивті тақта, интернет ресурстары, атлас, карта

ОБ сілтеме: Географиялық зерттеу әдістері. Зерттеу және зерттеушілер

Картография және географиялық деректер базасы. Географиялық карталарды пайдалану

Бағалауға арналған ұсыныс:

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білу/түсіну

*өзеннің режимі, тақырыптық карталар ұғымдарын біледі;

Қолдану, анализ

*мәтіндегі географиялық нысандарды анықтайды;

*мәтіндегі деректерді пайдаланып, модель сызады;

*тақырыптық карталарды пайдалана отырып, өзеннің қоректені көздері бойынша диаграмма сызады;

*мәтіндегі сандық деректерді анықтап, сызықтық диаграмма сызады;

*өзеннің шаруашылық маңызын сипаттайды;

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-шаралар


Барысы:

Ұйымдастыру-шылық кезең

0-1 минут


1.Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу.



Өткен білімді қайталау

2-15 минут

Мәтінді реставрациялау (оқушыларды 5 топқа бөлу)

Өткен сабақтағы мәтіндегі абзац саны, әр абзацтағы сөйлемдер санын санау, әр абзацтың басты идеясын жазу)

Топтар мәтінді реставрациялайды. (әр топ өзінің шығарған мәтінін оқиды)

Ой шақыру

16-18 минут

Миға шабуыл

Тапсырма: берілген ақпараттар бойынша географиялық нысанды анықтау;

-ол бірнеше мемлекеттің аумағынан өтеді;

-Ол Қазақстанның шығысы, солтүстігі арқылы ағып өтеді;

-Онда кеме қатынасы бар;

-Ол Қазақстандағы ең ірі ..................

Білімді меңгеру

19- 25 минут



26-45 минут







46-55 минут











56-62 минут









63- 75 минут





76-80 минут

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Мұғалім оқушыларға мәтін ұсынады;

Мәтінді оқиды, географиялық нысандарды анықтайды;

Таратпа материал

Дескрипторлар:

*мәтіннен географиялық нысандарды анықтайды;

Картасызба (модель) ұғымын түсіндіреді;

Мәтін бойынша Ертіс өзенінің моделін сызады;

Таратпа материал

Дескрипторлар:

*мәтінді пайдалана отырып, Ертіс өзенінің моделін сызады;

*картасызбаға мәтіндегі барлық географиялық нысандарды белгілейді;

Тақырыптық карталар туралы ақпарат береді;

Тақырыптық картаны пайдалана отырып, Ертіс өзенінің қоректену көздерін анықтап, дөңгелек диаграмма сызады;

атлас

Дескрипторлар:

*Қазақстанның ішкі сулары картасын пайдалана отырып, өзеннің қоректену көздерін анықтайды;

*алған мәлімет бойынша дөңгелек диаграмма сызады;

Мәтіндегі сандық деректерді анықтауды ұсынады;

Сандық деректерді пайдалана отырып, судың ауытқу деңгейі бойынша сызықтық диаграмма сызады;

Таратпа материал

Дескрипторлар:

*мәтіннен сандық деректерді анықтайды;

*сандық деректерді пайдалана отырып, судың ауытқу деңгейі бойынша сызықтық диаграмма сызады;

Өзеннің режимі ұғымын түсіндіреді;

Өзеннің режимі мен шаруашылық маңызын сипаттайды;

Таратпа материал, интернет ресурстары

Дескрипторлар:

*өзеннің режимі ұғымын сипаттайды;

*Ертіс өзенінің режимін сипаттайды;

*өзеннің шаруашылық маңызын сипаттайды;


Рефлексия

Сабақтан меңгерген бір факт



Қосымша ақпарат

Дифференциация – сіз ықпал етуді қалай жоспарлайсыз? Сіз ең қабілетті оқушылардан сабақ сұрауды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау –Сіз оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Қиылысатын оқу мәтіндері

Еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасын тексеру
ICT-тестілер
маңызды сілтемелер

Барлық оқушылар білетін болады:

Өзеннің режимі, тақырыптық карталар ұғымдарын;

Мәтіндегі географиялық нысандарды; Ертіс өзенінің картасызбасын сызуды;

Оқушылардың көпшілігі: тақырыптық карталарды оқитын қосымша эдлементтерін пайдалана отырып, диаграммаларды сызады;

Кейбір оқушылар:

Өзеннің Қазақстан шаруашылығындағы маңызын сипаттайды;

Сабақ барысында ұйымдастырылатын жұптық жұмыста жұптар бірін- бірі бағалайды;

Мұғалімнің бағалауы қатар жүреді;



Сабақта отырған орнында жеке тазалық гигиенасын сақтау;

Кабинет ішінде еркін қозғалыс кезінде байқап жүру;

Сабақ барысында дұрыс отыруын ескерту;

Ноутбук пайдаланған жағдайда мұғалімнің рұқсатымен алып пайдаланады;

Нәтиже

Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені жаттады?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарлаған дифференциация дұрыс болып шықты ма?

Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай?

Төмендегі бос орынды сіздің сабағыңызды сипаттауға пайдаланыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақтың сапасы туралы сұрақтардың ең маңыздыларына жауап беріңіз



Жалпы бағалау

Қандай екі нәрсе тіптіен тамаша өтті? (оқыту мен сабақ беруді ескерумен)

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартуы мүмкін еді (consider both teaching and learning)?

1:

2:

Мен осы сабақтан сынып немесе оқушалыр туралы келесі сабағым үшін не білдім?
















































Сабақтың тақырыбы: Географиялық деректер. Тақырыптық карталар. Географиялық номенклатура.

Оқу мақсаты:

-географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің модельдерін түрлі материалдардан немесе түрлі техникаларда жасау арқылы ерекшеліктері мен қасиеттерін түсіндіреді

-тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді жіктейді, талдайды және құрастыру (профиль, диаграмма, график, кесте)

-географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқу


Тапсырма

1. Мәтінді оқып шығыңыз.

Ертіс- Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км-ге жуық бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Ол Қытайдан басталып, Зайсан (Жайсан) көліне құяды. Көлден ағып шығып, Ресей аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Қазақстан жерінде оның көптеген салалары бар. Олардың ішіндегі ең ірілері- оң жақтан қосылатын Бұқтырма, Үлбі мен Үбі өзендері және сол жақтан қосылатын Шар мен Қызылсу өзендері. Бұқтырма сағасынан төменіректе Бұқтырма СЭС-і салынған. Өскеменнен төмен қарай Ертіс кең аңғарымен ағады, оның оң жағында – Алтай, сол жағында- Сарыарқа жатыр. Семей қаласының тұсында нағыз жазықтағы өзенге айналады. Ертістің барлық бөлігі кеме жүзуге қолайлы. Қарашаның аяғында су қатады да сәуірдің ортасынан мұз еріп тасиды. Ертістің суын электр қуатын өндіруге пайдаланады. Ең ірі СЭС (су электр станция)- тер: Өскемен, Бұқтырма.

Ертіс балыққа бай. Онда кәсіптік маңызы бар шоқыр, сыла, бекіре, шортан, сазан, алабұға ауланады.

Қоректенуіне қарай аралас түріне жатады. Ертіс өзенінің деңгейі жыл бойы едәуір жоғары болып тұрады Зайсан көлінен жоғарыда судың ауытқу деңгейінің қарқыны 4,4 м; Омбы қаласы маңында 7 м; Усть- Ишим маңында 2,7 м.



2. Мәтіндегі ақпаратты пайдаланып, Ертіс өзенінің картасызбасын (моделін) сызыңыз. Картасызбада мәтіндегі барлық географиялық нысандарды белгілеңіз.

Дескрипторлар:

*мәтінді пайдалана отырып, Ертіс өзенінің моделін сызады;

*картасызбаға мәтіндегі барлық географиялық нысандарды белгілейді;





























3. Тақырыптық карта арқылы (атлас 8 сынып, 18-19 бет «Қазақстанның ішкі сулары картасы») Ертіс өзенінің қоректену көздерін анықта.

Дескрипторлар:

*Қазақстанның ішкі сулары картасын пайдалана отырып, өзеннің қоректену көздерін анықтайды;

*алған мәлімет бойынша дөңгелек диаграмма сызады;













4. Судың ауытқу деңгейінің қарқыны бойынша график сызыңыз.

Дескрипторлар:

*мәтіннен сандық деректерді анықтайды;

*сандық деректерді пайдалана отырып, судың ауытқу деңгейі бойынша сызықтық диаграмма сызады;

















6. Өзеннің режимі дегеніміз не?





Өзеннің шаруашылық маңызын сипаттаңыз:





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1208
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі