400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Географиялық картосхемаларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жергілікті жердің қандай тәсілдермен бейнеленетінін түсінеді. Карта, план, картасызба ұғымдарын анықтай біледі. Карталарды және шартты белгілерді картасызбаларда қолданады План мен картаны ажырата отырып маңызын талдайды Картасызбаларды қандай мақсатта қолданады қорытынды жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Сынып:7

Сабақтың тақырыбы:

Географиялық картосхемаларды қолдану


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

Тақырып бойынша картасхемалар жасай алады

Сабақтың мақсаты:












Барлық оқушылыр біледі: жер беті кескіндері түрлерін, шартты белгілерді, картадағы түстердің нені білдіретінін біледі.



Көпшілігі: план мен картаны ажыратады , кескін картаға түсіріп қолданады



Кейбірі: шартты белгілерді қолдана отырып план сызады, картаны, табиғи нысандарды ажыратады.



Бағалау критерийі












Жергілікті жердің қандай тәсілдермен бейнеленетінін түсінеді.

Карта, план, картасызба ұғымдарын анықтай біледі.

Карталарды және шартты белгілерді картасызбаларда қолданады

План мен картаны ажырата отырып маңызын талдайды

Картасызбаларды қандай мақсатта қолданады қорытынды жасайды.




Тілдік мақсаттар




Карта және картасызба ұғымы айырмашылығын айтады

Шартты белгілерді оқып, оларды қолданады

Жаңа терминдер анықтамасын жазады. Олар: план , картасхема, аэрофотосурет, шартты белгі.

Карта түрлерін ажыратады, тақырыптық карталарды оқи алады.




Құндылықтарға баулу












Жергілікті жердің планын сыза отырып, туған жерге деген сүйіспеншілігі артады.

Қазақстан картасын әлем картасымен салыстыра отырып, өз Отанына деген мақтанышы артып патриоттық сезімі туындайды.




Пәнаралық байланыс








-Жаратылыстану пәнімен Жердің картада бейнеленуі, карта түрлері туралы байланыстырамын.

-Картаны сызудағы қолданылатын таңбалар, өлшемдер және масштаб арқылы математика пәнімен байланыстырамын.


Алдыңғы білім



Оқушылар географиялық дереккөздерді біледі. Олар: атлас, карта, экспедиция, аэрофото т.б.

Графикалық әдістерді ( профиль, сызба, суреттер) географияда қолданады.

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер, ресурстар


Сабақтың басы

10 минут

1.Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпқа психологиялық ахуал туғызу.

«Керемет бақ»

Оқушылар бақта жүрміз деп бір сәтке елестетіп, өздеріне ұнаған гүлді салып қасындағы оқушыға жылы лебіздерін білдіру арқылы ұсынады.

Сынып оқушыларын стикерлер арқылы 3-топқа топтастырамыз. Оқушыларға бағалау парағы таратылады.



2. Үй тапсырмасы:

«Сурет арқылы болжау»стратегиясы. Суреттерді сипаттап мағынасын ашу. Әр топқа әр-түрлі суреттер, сызбалар үлестіріледі. Оқушылар мағыналарын ашып сипаттайды.







Түрлі-түсті бояу

қарындаштар стикер,

Интеракт. тақта,

Глобус, суреттер





Сабақтың ортасы





















5-6 минут

























6-7 минут

































































6-7 минут



































3 минут



«Ой қозғау» әдісі. Жаңа тақырыпты меңгеруге кіріспес бұрын оқушылардың ойын шоғырландыру үшін қолданылатын әдіс.

1.Картасызба не үшін қажет?

2.Картасызбалар қалай құрастырылады және дайындалады?

3.Қазіргі кезде картаның мүмкіндіктері қандай деп ойлайсыңдар.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылармен пікірлесе келе карта жайлы қысқаша мәліметтер: карта қалай? қашан? пайда болды , оның маңызы не? және пайдасы туралы мәліметтер айтып өтемін. Оқушыларды құлақтандыра келе жаңа сабақты «өздік жұмыс» әдісімен меңгертуді бастаймын.



1 . «Постер қорғау».Әр топқа тапсырмалар беріледі.



1-топ: Қандай тәсілдермен жергілікті жерді бейнелеуге болады? Ғарыштық және аэрофотосуреттерді айрмашылығы қандай?

2-топ: План дегеніміз не? Оның картадан айырмашылығы, ұқсастығын анықта.

3-топ: Картадағы түстер, шартты белгілер нені білдіреді және оларды қалай қолданамыз?

Топтар сұрақтарға жауап береді, постер арқылы қорғайды. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, дәптерлеріне қысқаша жазып отырады



2 .«Географиялық диктант».

«Шартты белгілер сыры» деп аталады, одан сәтті өту үшін топографиялық әңгіменің белгіленген сөздерін шартты белгілермен көрсету.

Біз әжем екеуміз (қаладан) __________ шығып, (тасжол) ___________ мен жүріп, (өзендегі ағаш көпір) _________ ден өттік. (Көл мен батпақты) __________ айналып, (аралас орман)____________ ішіндегі орманшының __________ (үйіне) бардық. Әжем сонда қалды. Біз Серік екеуіміз 1 шақырым (шалғындағы соқпақ жол) ___________ мен (жеміс бағына) __________ барып, алма жинадық.











3. «Картографиялық сызба» кезеңі. Географиялық диктантта келтірілген «топографиялық әңгіме» бойынша шартты белгілерді пайдаланып, немересі мен әжесінің жол сызбасын құрастыру.



Қаладан (1 нүкте) тас жол (2 нүкте) 45° азимут бойынша 200 м қашықтықта орналасқан. Өзенге (3 нүкте) жету үшін немересі мен әжесі 250 метр 90° азимуты бойынша жол жүрді. Аралас ормандағы орманшының үйі өзеннен 180° азимуты бойынша 150 метр қашықтықта орналасқан. Масштаб 1: 5000 (1 см-де 50 метр)

Тапсырмалар жеке орындалады. Оқушылар тақтада ашылған жауаптарымен салыстырып тексереді. Қорытындысын шығарады.



Сергіту сәті. Жаттығулар жасаймыз.













Атлас карта, мектеп планы, үлестірме материал

дар,

Ватман

Маркер

сызғыш суреттер.



































Шартты белгілер суреттері,

түсті қарындаш

тар





















































Ақ қағаз,

Транспортир,

қарындаш, сызғыш













6-7 минут

































































































Сабақтың соңы











Бағалау



3 минут

Рефлексия

Үйге тапсырма

« Саралап оқыту» әдісі. «Салыстыру таблицасы» стратегиясы.

Жеке жұмыс.Деңгейлік тапсырмалар:

С-деңгейі. Кесте арқылы картадағы түстерді түсіндіру.

Түстер


Көк


Сары


Жасыл


қоңыр






В-деңгейі. Сурет пен планды салыстырып шартты белгілерді сипаттап ,кестеге толтыру.





А-деңгейі. Карта мен планды салыстырып қорытынды жасайды. Cалыстыру таблицасына толтырады



Белгілері

Планда

Картада

1.Қамтитын аумағы



2.Жер шары дөңестігі әсері



3.Масштаб



4.Меридиан параллель сызықтары.





«Жетістік ағашы» арқылы кері байланыс.

Стикерге оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып тереккке іледі. Ағаштың төменнен жоғары бөлігіне қарай ілінген стикелер арқылы оқушы қаншалықты және қай деңгейде сабақты меңгергендерін білеміз.















Мектептің және мектеп ауласы планын сызып келу.









Атлас карта,

сурет, план

















































Карта,

план,

сурет

стикерлер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
2181
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі