Материалдар / Географиялық ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Географиялық ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
чывпкв
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Географиялық ассорти» ойыны

География пәнінен ашық сабақтар

    Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,география пәні деген қызығушылығын арттыра отырып,бүгінгі заман талабына сай өзіндік ой- тұжырымы бар,білімді де білекті ұрпақ тәрбиелеу.


Ойын ережесі: Ойынға 10-шы сыныптардың оқушылары қатысады.Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. Ойын бес кезеңнен тұрады.


  1. Сандықшада не бар?

  2. Kahoot!

  3. Картамен жұмыс

  4. Құпиялы ағаш


Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Географиялық ассорти» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!


   1-кезең. «Сандықшада не бар?»


   1-топқа:


XVI ғасырдың бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді.Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды.


Перуліктер оны папа деп атайды екен.Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды.Ал француздар оны жер алмасы деп,итальяндықтар әуелі


Тартуфоль  деп атапты.Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады.Оның мұнда тарауында  І Петрдің еңбегі зор.


Сандықшада не бар?(Картоп)


2-топқа:


Бұл күміс сияқты жарқыраған ақ түсті,өте жеңіл.Одан түрлі ыдыс-аяқтар, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын бұйымдар жасалынады.Әсіресе,оның басқа металдармен қоспасы өте құнды.Мұндай қоспалар әрі берік,әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтарды, ғарыш кемелерін жасауға кеңнен қолданылады.Ол таза күйінде  XIX ғасырдың басында өндіріле  бастады.Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті.Біразға дейін мұның сирек әрі қымбат болғаны соншалық  Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқы алтыннан да қымбат,сирек кездесетін зат ретінде қолданылған.


Сандықшада не бар? (Алюминий)


   2-кезең. «Kahoot


1.Желдің бағыты мен күшін анықтайтын құрал. (Флюгер)


2.Гүлдер елі. (Голландия)


3.Күн жүйесіндегі планета саны. (8)


4.Су буы қатты күйге айналатын температура. (0°С)


5.Ұлыбританияны Евразия материгінен бөліп тұрған бұғаз. (Ла-Манш)


6.Қазақстан Республикасының аумағы қанша? (2,7млн шаршы шақырым)


7.Жезқазғандағы мыс кенін ашқан ғалым. (Қ.И.Сәтбаев)


8.Алюминийдің шикізаты. (Боксит)


9.Олимпиада ойындарының отаны. (Грекия)


10.Гринвич меридианы басып өтетін қала. (Лондон)



3-кезең. «Картамен жұмыс»


  1-топқа:


1)Бұл - фламенко  мен  фиестаның елі. Олардың көпшілігі - котоликтер.Сондық-

тан болар діни мейрамдар ұлттық киім киіп, музыка және би шеруімен өткізіледі. Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді.Бұл қай ел? (Испания)


2)Жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Олар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді. Әр провинцияның өзіндік көз жауын алатын тағамдары бар. Бірақ барлығы картоптан жасалған бифштексті, сарымсақ сорпасын тамсана жейді. Атаулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады. Ал елдің оңтүстігінде тағамдар зәйтүн қосып әзірленеді. Сірә,бұл елде ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар. (Франция)


 3)Бұл ел өздерінің ұлттық әдет-дәстүрлерін сақтап қалған. Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған. Мысалы, сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса, ежелгі университеттердің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады. Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше (килт), аяғына темір таспалы дөрекі башымақ киеді. (Ұлыбритания)


 

2-топқа:


1)Гүл шоғын құрастыру, гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері - икебана, тырбиған ағаштарды өсіру өнері - бансай, қыл қаламмен және тушьпен көркем жезу өнері - каллиграфия, қағаз бен жібекке сурет салу, өзіндік храмдармен саябақ архитектурасы, көлеңке театры, шай дайындау рәсімі, әйел киімі, ауыр салмақтылар күресі, ас дайындау, дастарқанды безендіру сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі. (Жапония)


2)Бұл ел өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі. Жылына шығаратын кинофильмдерінің саны жөнінен (жылына 750 фильм) онымен дүние жүзінің бірде-бір елі теңдесе алмайды. Сонымен бірге шахматтың отаны, қасиетті құсы - тауыс, қасиетті гүлі - тұңғиық гүлі болып табылады. (Үндістан)


3)Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан елдің бірі. Олардың әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңғалдырады. XI ғасырда монах Г.Ареццо нотаны ойлап тауып, жеті нотаға ат береді. XVI ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді. Сонымен бірге сауық сүйгіш және көпшіл елге жатады. Діни және т.б. мейрамдарды міндетті түрде атап өтеді. Ішіндегі ең маңыздысы - Рождество. Сыйлықтарды тарататын апа - Бефана. Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады: ыдыс-аяқ, киім, жиhаз, аяқ-киім т.б. Ал көктемдегі мейрамдардан Пасха мен негізгі кейіпкерлері Арлекин, Пьеро, Пульчинелло болып саналатын карнавалды  жақсы көреді. (Италия)



4-кезең. «Құпиялы ағаш»


Ағаштың  бұтағындағы  әрбір жапырақта құпиялар жазылған. Осы құпияларды ашу ұсынылады.


1.Халық арасында мынандай аңыз бар.Бұл жерде аң көп болған.Осы жер тұманданып тұрған екен.Аңға барған адам бұл жерден қайтпайды.бұл қай жер?


Бұл Қызылорда облысында орналасқан Аралдағы арал


Дұрыс жауабы: Барсакелмес


2.Асан қайғы «Ағашы тұнған  жеміс екен,шаруаға жақсы қоныс екен.Биылғы шаншыған шыбығынан келесі жылы арпа шығады екен »-деп,қай жерді көргенде айтқан?


-«Жер жаннаты» деп те атайды, жеті өзенімен әйгілі.


    Дұрыс жауабы: Жетісу өлкесі


3.Қазақтың тұңғыш саяхатшысы Ш.Уәлиханов өз жазбаларында«Бұл жерде соққан желдің күшіне қарсы салт адам да жүре алмайды.Желдің әсерінен Алакөл мен Сасықкөл бетінде 5-6 м толқын көтеріледі»деп жазады.Сайқан, Ебі желдері соғады.Осы жер арқылы Қазақстан мен Қытай байланысады.


   Дұрыс жауабы: Жоңғар қақпасы 


4.Халық арасында мынадай аңыз бар.Өте ертеде,қазақтар далада көшіп жүрген кезеңінде шыңда бір тау-бүркіт өмір сүреді.Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қырғи көзімен қарап отырады.Сұлтандар осы бүркітті атайын десе,оқ құс ұясына жетпейді.Кейбіреулері ұясына шығып өлтірейін десе де шыға алмайды екен.Бұл қай жер?


Биіктігі 950 м Сарыарқаның солтүстігінде,Көкшетау маңында орналасқан.


   Дұрыс жауабы: Оқжетпес  


5.Сарыарқаның бұл өлкесін табиғаттың аса ерекше әсемдігіне байланысты.


Еуропаның тамаша аймағының біріне теңейді.Бұл  өлкенің  әсем табиғатына арнап С.Сейфуллин поэма жазса,С.Мұқанов өз кітабын арқау етті.Бұл әңгіме еліміздің  қандай  жеріне сай келеді?


Курорттарындағы минералды сулар мен таза ауа  демалушы мыңдаған адам жанына шипа саналады.Жер шоқтығы  саналатын өлкеде  өзі аттас қала бар.


   Дұрыс жауабы: Көкшетау


6.Өзен де жоқ сыймаған арнасына,


Жылға да жоқ даламен жалғасуға.


Таста тұнған жаңбырдың тамшысынында,


Қалай біткен мына көл тау басына.


Ақиық ақын М.Мақатаев жырлап өткен көлді ата.


Күнгей Алатауында 1887 жылы және 1911 жылы жер сілкінісінен пайда болған көл.Бұл көл төменгі,ортаңғы,жоғарғы,көлдерден тұрады.


   Дұрыс жауабы: Көлсай көлдері


7. Қазақтың ұсақ шоқысының бір бөлігі. Бақанас,Шаған,Ащысу өзені бастау алады.Осы өңірде Абай туған.


   Дұрыс жауабы: Шыңғыстау мен Семей таулары.


8.Ғалым басын шайқайды жазаланып,


Ақын күпті,жазушы мазаңды алып.


Теңіз қашып барады жағалаудан,


Етек-жеңін қусырып  азаланып.


Бұның бәрі меніңше құр байбалам,


Кәрі теңіз оралар тазаланып.


Дағыстанның танымал ақыны Расул Ғамзатов уайымдап кеткен жерін ата.


Қазақстанның  батысындағы  Теңіз,Жайық,Жем өзендері құяды.


   Дұрыс жауабы: Каспий.


Әр топ жинаған ұпайы бойынша бағаланады. Жеңімпаз топқа сыйлықтары беріледі. «Географиялық ассорти» атты интеллектуалды ойынымыз аяқталғаннан кейін, сөз кезегі ........................................... беріледі.

МАРАПАТТАУ:

Жеңген топқа:

22.04-26.04 аралығына дейін берілетін +5 баллдық купон


Жеңіліске ұшыраған топқа:

Ойынымызға қатысқаны үшін мақтау қағазы беріледі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!