Тақырып бойынша 17 материал табылды

Географиялық қабықтың заңдылықтары. 8 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Географиялық қабық заңдылықтарының маңызын түсіну
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:________________________

Пәні:

География

Бөлім:

3.5. Табиғи –аумақтық кешендер

Педагогтің тегі, аты

Атамбаева С.К.

Күні:

20.01.2026

Сынып: 8 «в»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Географиялық қабықтың заңдылықтары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8. 3. 5. 2 географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын түсіндіреді

Сабақтың мақсаты

Оқушылар географиялық қабықтың негізгі заңдылықтарының (біртұтастық, зат пен энергия айналымы, зоналылық, ырғақтылық) маңыздылығын түсіндіріп, олардың табиғат пен адам өміріндегі рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдейді.

Құндылықты дарыту

Заң және тәртіп

Құқықтық жүйе мен адам құқықтарының негіздерін білу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин






3 мин


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сыныпты түгелдеу, сыныптағы оқушылардың зейінін сабаққа аудару


Өткенге шолу. Үй тапсырмасын сұрау.

«Арқан тартыс» ойыны

Үй тапсырмасы және тренингі

1-топқа арналған сұрақтар

Сұрақ

A

B

C

1

Географиялық қабық дегеніміз не?

Жердің ішкі ядросы

Жердің біртұтас табиғи қабығы

Тек ауа қабаты

2

Географиялық қабықтың құрамына қай қабаттар кіреді?

Атмосфера, ядро

Атмосфера, литосфера, гидросфера, биосфера

Литосфера мен мантия

3

Географиялық қабықтағы негізгі энергия көзі

Жердің ішкі энергиясы

Күн энергиясы

Жел энергиясы

4

Географиялық қабықтың компоненттері қалай байланысқан?

Бір-бірінен тәуелсіз

Әлсіз байланысқан

Өзара тығыз байланысқан

5

Биосфера дегеніміз не?

Су қабығы

Тірі ағзалар таралған қабық

Ауа қабығы

2-топқа арналған сұрақтар

Сұрақ

A

B

C

1

Географиялық қабықтың жоғарғы шекарасы қай қабатқа дейін жетеді?

Тропосфера

Озон қабаты

Мантия

2

Географиялық қабықта қандай айналым жүреді?

Тек су айналымы

Тек ауа айналымы

Зат пен энергия айналымы

3

Литосфера нені білдіреді?

Су қабығын

Жердің қатты қабығын

Тірі ағзалар қабығын

4

Гидросфераға не жатады?

Барлық ауа массалары

Барлық тірі ағзалар

Жер бетіндегі және жер астындағы сулар

5

Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі

Біртектілігі

Құрамының күрделілігі

Өзгермейтіндігі


Мұғаліммен амандасып, кезекші оқушы сыныптағы оқушылардың санын баяндайды


«Арқан тартыс» әдісі арқылы

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді және қолайлы атмосфералық ахуал орнатады

1-топ

  1. B

  2. B

  3. B

  4. C

  5. B


2-топ

  1. B

  2. C

  3. B

  4. C

  5. B


(ҚБ) мұғалім

1-10 балл аралығында бағалайды





Дескриптор

Жалпы:2 балл

1. 1-топ және 2-топ сұрақтарына жауап беру арқылы географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын дұрыс анықтайды — 1 балл;

2.Негізгі географиялық ұғымдарды орынды қолданып, тақырыпты түсінгенін көрсетеді — 1 балл.
























https://geo-301.my.canva.site/by8p3x87pj4sbbpb

Сабақтың ортасы

2 мин






3 мин











3 мин












10 мин


































1 мин






1 мин





8 мин













7 мин

Жаңа сабақ

Мағынаны тану

«Түртіп алу» әдісі

Оқушылар бейнеролик бойынша негізгі ақпараттарды дәптерге жазып отырады

Бейнеролик тақырыбы: Географиялық қабықтағы заңдылықтар

  • Географиялық қабықтағы заңдылықтарға мысал келтіріңіз?

  • Ырғақтылық заңдылығы дегеніміз не?


1.Тапсырма. «Себеп - салдар» әдісі

(ЖЖ) Жеке жұмыс

Оқушылар себеп – салдар әдісі арқылы Қытайдағы оқиғаны талдайды

1958 жылы Қытайда «Ұлы серпіліс» саясаты аясында ел басшысы Мао Цзэдунның бастамасымен «Төрт зиянкесті жою» атты ауқымды кампания іске асырылды. Бұл кампанияда шыбын, маса, егеуқұйрық және торғай зиянкес ретінде жарияланды. Билік торғайлар егінді жеп, ауыл шаруашылығына зиян келтіреді деп есептеді. Науқан барысында халық жаппай торғайларды жоюға жұмылдырылды. Адамдар құстардың ұяларын бұзып, оларды үркітіп, қонуына мүмкіндік бермей, әбден қалжырағанша қудалап өлтірді. Нәтижесінде Қытай аумағында миллиондаған торғай қырылды.Алайда бұл әрекет күтпеген экологиялық тізбекті өзгерістерге әкелді. Торғайлар жойылғаннан кейін шегірткелер мен басқа да зиянкес жәндіктердің саны күрт артты. Себебі оларды жеп отыратын табиғи реттеуші — құстар жоқ болды. Зиянкестер егін алқаптарын бұрынғыдан да көп зақымдап, ауыл шаруашылығы күйреді, өнім көлемі айтарлықтай азайды.

Осының салдарынан 1959–1961 жылдары Қытайда ірі ашаршылық орын алды. Түрлі дереккөздерге сүйенсек, бұл кезеңде 20–30 миллионға жуық адам қаза тапты. Кейін Қытай билігі бұл саясаттың қателік болғанын мойындап, торғайды «зиянкестер» тізімінен алып тастады.Бұл тарихи оқиға табиғаттағы барлық тіршілік иелері бір-бірімен тығыз байланысты екенін және бір компонентке жасалған қате әрекет бүкіл географиялық қабыққа ауыр салдар әкелуі мүмкін екенін айқын дәлелдейді.

  • Себебі

  • Салдары

  • Нәтиже


2. Тапсырма. «Викторина» әдісі

(ЖТ)Жеке жұмыс

Оқушылар wordwall бағдарламасын пайдаланып «Викторина» әдісі арқылы тапсырманы орындайды

Сұрақ

A

B

C

1

Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы нені білдіреді?

Қабаттардың оқшау дамуын

Компоненттердің өзара тығыз байланысын

Тек климаттың әсерін

2

Географиялық қабықтағы негізгі энергия көзі

Жердің ішкі энергиясы

Ай энергиясы

Күн энергиясы

3

Зат пен энергия айналымы қай қабыққа тән?

Тек атмосфераға

Географиялық қабыққа

Тек гидросфераға

4

Ырғақтылық заңдылығы нені сипаттайды?

Табиғаттың өзгермеуін

Табиғи құбылыстардың қайталануын

Тек климатты

5

Тәуліктік ырғақтың негізгі себебі

Жердің Күнді айналуы

Жердің өз осінен айналуы

Айдың әсері

6

Жылдық ырғақ қандай құбылыспен байланысты?

Ай фазаларымен

Жердің орбита бойымен қозғалысымен

Жер сілкінісімен

7

Географиялық зоналылық ең алдымен неге байланысты?

Жер бедеріне

Жылу мен ылғалға

Пайдалы қазбаларға

8

Экватордан полюске қарай табиғаттың өзгеруі қандай заңдылық?

Ырғақтылық

Зоналылық

Азоналылық

9

Таулардағы табиғат кешендерінің ауысуы қалай аталады?

Зоналылық

Секторлық

Биіктік белдеулік

10

Географиялық қабық заңдылықтарын білудің маңызы

Табиғатты бағындыру

Табиғатты ұтымды пайдалану

Қалаларды көбейту


3. Тапсырма

Жеке тапсырма

«Ситуациялық сұрақтар» әдісі

Оқушылар ситуациялық сұрақтар әдісі арқылы тақырыпты бекітеді

Ситуациялық сұрақ

Жауабы

1

Өзен бойында бөгет салынғаннан кейін балық саны азайып, топырақтың жағдайы өзгерді. Бұл қандай заңдылықты көрсетеді?

Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы, себебі бір компоненттің өзгеруі басқаларына әсер етті.

2

Орманды жаппай кесу салдарынан жел күшейіп, топырақ эрозиясы пайда болды. Бұл нені дәлелдейді?

Табиғат компоненттерінің өзара байланысын және біртұтастық заңдылығын дәлелдейді.

3

Қуаңшылық кезінде өзендердің тартылып, егін өнімінің азаюы қандай заңдылықпен байланысты?

Зат пен энергия айналымы заңдылығымен, себебі су айналымы бұзылды.

4

Күн мен түннің ауысуы, тәуліктік температура өзгерісі қай заңдылыққа жатады?

Ырғақтылық заңдылығы (тәуліктік), Жердің өз осінен айналуына байланысты.

5

Жыл мезгілдерінің ауысуы, көктемгі тасқын қандай заңдылықты көрсетеді?

Жылдық ырғақтылық заңдылығы, Жердің Күнді айналуымен байланысты.

6

Экватордан полюске қарай табиғат зоналарының ауысуы нені білдіреді?

Зоналылық заңдылығын, жылу мен ылғалдың ендік бойынша өзгеруін көрсетеді.

7

Тауда биіктеген сайын орманның шалғынға ауысуы қалай аталады?

Биіктік белдеулік, климаттың биіктікке қарай өзгеруіне байланысты.

8

Бір ендікте орналасқан жазық пен таулы аймақтың табиғаты әртүрлі болуы қай заңдылыққа жатады?

Азоналылық, жер бедері мен геологиялық құрылымның әсерінен.

9

Адам әрекетінен өзен суларының ластануы қандай заңдылықты бұзады?

Географиялық қабықтың біртұтастық және зат айналымы заңдылықтарын.

10

Құстар жойылғаннан кейін зиянкестердің көбеюі нені дәлелдейді?

Біртұтастық заңдылығын, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуын көрсетеді.




Түртіп алу әдісі арқылы тақырып бейнероликтегі ақпараттарды дәптерге жазып алып отырады






Оқушылар себеп - салдар әдісі арқылы тапсырманы орындайды

















Тақырып бойынша қызық информация беріледі






Оқушылар викторина әдісі арқылы тапсырманы орындайды

    1. B

    2. C

    3. B

    4. B

    5. B

    6. B

    7. B

    8. B

    9. C

    10. B




















Оқушылар «ситуациялық сұрақтар» әдісі бойынша тақырыпты бекітеді

















Дескриптор.

Жалпы 3 балл

1.Қытайдағы оқиғаның негізгі себебін дұрыс анықтайды — 1 балл;

2.Экологиялық және әлеуметтік салдарын нақты сипаттайды — 1 балл;

3.Оқиғаның географиялық қабық заңдылықтарымен байланысын (біртұтастық, өзара байланыс) тұжырымдайды — 1 балл.










Дескриптор.

Жалпы 3 балл

1. Географиялық қабықтың заңдылықтары бойынша дұрыс жауаптарды таңдайды – 1 балл

2.Заңдылықтардың мәнін түсінеді және ажырата алады – 1 балл

3.Табиғи үдерістер мен заңдылықтардың байланысын анықтайды – 1 балл















Дескриптор

Жалпы 2 балл

1. Ситуациялық сұрақтар бойынша географиялық қабық заңдылықтарын дұрыс анықтайды — 1 балл;

2.Табиғи және адам әрекетіне байланысты өзгерістердің себеп–салдарлық байланысын түсіндіреді — 1 балл.

















https://youtu.be/tcdNEIrqVt8















































https://wordwall.net/resource/104959771












https://geo-301.my.canva.site/by8tnjvaavxcg0y0











Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

«3–2–1» әдісі

3 жаңа ақпарат

2 қызық нәрсе

1 әлі де сұрағым бар дүние
жазады.


Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу

Оқушы жаңа тақырыпты қорытындылап бүгінгі сабаққа кері байланыс орнатады

Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауына байланысты

1 – 10 балл аралығында бағалайды

https://geo-301.my.canva.site/3-2-1



































Деңгейлік тапсырма

1.Тапсырма. Артығын тап тапсырмасын орындаңыз. Дұрыс жауапбын өшіруді ұмытпаңыз

Ұғымдар

Артық жауап

Түсіндірме

1

Фотосинтез, хемосинтез, булану, тыныс алу

Булану

Булану – физикалық процесс, қалғандары биологиялық

2

Су айналымы, зат айналымы, энергия айналымы, жер бедері

Жер бедері

Айналым емес

3

Атмосфера, гидросфера, литосфера, магнит өрісі

Магнит өрісі

Географиялық қабық құрамына кірмейді

4

Маусымдық ырғақтылық, тәуліктік ырғақтылық, циклдік ырғақтылық, абсолюттік тұрақтылық

Абсолюттік тұрақтылық

Географиялық қабықта тұрақты өзгеріс бар

5

Зоналылық, азоналылық, биіктік белдеулік, тектоникалық плиталар

Тектоникалық плиталар

Заңдылық емес

6

Географиялық белдеу, табиғат зонасы, климаттық белдеу, материк

Материк

Табиғи кешен емес

7

Күн радиациясы, ауа циркуляциясы, топырақ, ядро

Ядро

Географиялық қабықтан тыс

8

Энергия алмасу, зат алмасу, геосфералар байланысы, Жер осінің қозғалысы

Жер осінің қозғалысы

Айналым үдерісі емес

9

Экваторлық белдеу, тропиктік белдеу, полярлық белдеу, сейсмикалық белдеу

Сейсмикалық белдеу

Зоналылыққа жатпайды

10

Ылғал, жылу, топырақ, жанартау

Жанартау

Табиғат зонасының компоненті емес



2.Тапсырма. Ақиқат немесе жалған тапсырмасын орындаңыз

Тұжырым

Ақиқат / Жалған

1

Географиялық қабықта зат пен энергия үздіксіз айналады

Ақиқат

2

Биологиялық айналым тек жануарлар арқылы жүреді

Жалған

3

Фотосинтез Күн энергиясына тәуелді

Ақиқат

4

Хемосинтез фотосинтезге тәуелсіз жүреді

Жалған

5

Географиялық қабықтың бір компоненті өзгерсе, басқалары да өзгереді

Ақиқат

6

Географиялық зоналылық экватордан полюске қарай өзгереді

Ақиқат

7

Азоналылық тек климатқа байланысты қалыптасады

Жалған

8

Биіктік белдеулік таулы аймақтарға тән

Ақиқат

9

Географиялық қабықта ырғақтылық болмайды

Жалған

10

Табиғат зоналары жылу мен ылғал мөлшеріне байланысты ажыратылады

Ақиқат



















Shape1

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚТЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

8. 3. 5. 2 ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНДІРЕДІ



Shape2

1.Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз



Shape3

  • Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы неліктен маңызды?
    __________________________________________

  • Зат пен энергия айналымы табиғаттың тұрақтылығына қалай әсер етеді? __________________________________________

  • Егер географиялық қабық компоненттері бір-бірімен байланыспаса, қандай өзгерістер болар еді? __________________________________________

  • Географиялық қабықтағы ырғақтылық табиғи үдерістерге қандай әсер етеді?
    → __________________________________________

  • Зоналылық заңдылығы табиғат зоналарының қалыптасуын қалай түсіндіреді?
    __________________________________________

  • Биіктік белдеулік заңдылығы таулы аймақтардың табиғатына қалай әсер етеді?
    __________________________________________

  • Зат пен энергия айналымының бұзылуы экожүйеге қандай қауіп төндіреді?
    __________________________________________

  • Географиялық қабық заңдылықтарын білудің табиғатты қорғаудағы маңызы қандай?
    __________________________________________

  • Географиялық қабық заңдылықтары адам шаруашылық әрекетіне қалай әсер етеді?
    __________________________________________

  • Географиялық қабық заңдылықтарын түсіну болашақта қандай мәселелердің алдын алуға көмектеседі?
    __________________________________________

































Shape4

2.Тапсырма. Географиялық қабық компонеттерін жазыңыз





Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5

Электронды жұмыс дәптері

https://geo-301.my.canva.site/byay89wp9qyt9akv

Shape10

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚТЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

8. 3. 5. 2 ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНДІРЕДІ



Shape11

1.ТАПСЫРМА. ЗОНАЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ТҮСІНДІРІҢІЗ. КЕСКІН КАРТАҒА ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ МЕН КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕРДІ БОЯҢЫЗ









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12