400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Географияны оқытуда модульдік оқыту технологиясын қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Географияны оқытуда модульдік оқыту технологиясын қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Географияны оқытуда модульдік оқыту технологиясын қолдану



Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім бағдарламасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі - оқушыларды өзін-өзі басқаруға үйрету.Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқытуды жаңа ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығуын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізу әдістерін енгіздім. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының, қабілет деңгейлерін дамытуда Марал Мәденқызы Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екендігі мәлім. Олай дейтінім, жаңа технология әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Өйткені модульдік оқыту технологиясында оқытудың әр түрлі белсенді формаларын (топтық, жекелей, диспуттар т.б.) қолдануға мол мүмкіндіктер бар.

Модуль дегеніміз - үлкен бір жүйе. Мұнда оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді, қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туады.Оқытуды модульдік технологиясы арқылы жүзеге асырған кезде тарауға оқу бағдарламасы бойынша берілген сағат саны өзгермейді. Модуль дегеніміз - қаңдай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі (С.И. Ожегов). Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі - оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқушыларды оқу материалына бірнеше рет оралтып, жұмыс істеуге болады.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен:

1. Кіріспеден

2. Сөйлесу бөлімінен

3. Қорытынды бөлімнен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.Әсіресе 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі анағұрлым тиімді екендігі анықталды. Оқу модулінің ерекшелігі — жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлігінің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте т.б. белгілі күлкілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білім мен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен - қарапайымнан - күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралу әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл бөлімде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушының танымдық қызметі әрбір оқушының - әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Тапсырмаларды оқушылар орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алады. Тапсырмаларын орындап болған оқушылар мұғалімге көмекші бола алады (кеңесші, консультант т.с.с.). Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына, өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына, бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады. Оқу модулінің корытынды бөлімі - бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі бірін-бірі оқытуы, енді қорытынды бөлімде оқушы ББД-н ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Тестік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, диктант т.б. формалар қолданылып оқушы білімі бағаланады. Базалық ұғымдар модуль бойынша естілетін істердің барлығын қамтитын және модульді оқып біткеннен кейін бақылауға (әдетте тест түрінде) алынатын сұрақтар мен тапсырмалар құрастырылады. Әрбір модуль қарастырылып болғаннан кейін тест бақылауының нәтижелері бойынша оқытушы студенттерге қажетті ұсыныстар жасайды. Тірек сызба -1 Модульдік оқыту технологиясын көруге болады









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
816
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі