400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Географияның маңызды зерттеулері

Материал туралы қысқаша түсінік
- Физикалық география салаларының зерттеушілерін анықтай алса; - Экономикалық география салаларының зерттеушілерін анықтай алса; - Саяхатшылардың жолдарын картадан көрсте алса; - Осы саяхатшылардың ашуының маңызын түсіндіре алса;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Географиялық зерттеу әдістері

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімшесі:

Зерттеу және зерттеушілер

Мектеп:

Күні: .........................

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Географияның маңызды зерттеулері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.2 география ғылымы салаларындағы маңызды зерттеулерді анықтайды

Сабақ мақсаттары

География ғылымы салаларының маңызды зерттеулерін талдау

Бағалау критерийлері

«Жетті» деп есептеледі, егер:

  • Физикалық география салаларының зерттеушілерін анықтай алса;

  • Экономикалық география салаларының зерттеушілерін анықтай алса;

  • Саяхатшылардың жолдарын картадан көрсте алса;

  • Осы саяхатшылардың ашуының маңызын түсіндіре алса;

Тілдік мақсаттар


Мәтінді оқи отырып, зерттеу мен зерттеушілерді және зерттеу әдістерін сипаттай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: жергілікті жерді бағдарлау, өлшеу, деректер жинақтау, саяхатшылар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Саяхатшылар.............

Зерттеушілер.................................

Құндылықтарды дарыту



Құндылықтарды дарыту саяхатшылардың ғылымға қосқан үлесін зерттеу барысында және географиялық құралдармен жұмыс жасау арқылы қоршаған ортаға қаншалықты пайда келтіретінін талдау барысында жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, картография, биология және химия пәндерімен байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және далалық зерттеу жұмыстарына презентация жасау барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім


Географияның салалары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы


0-10 мин

  • Алдыңғы сабақты еске түсіру:

  • «Автобус аялдамасы» ойыны

  • Оқушыларға стикер парактары беріледі. Сол стикерлерге географиядағы дұрыс сұрақ қою ережелерін ескере отырып (Не, Қайда, Қашан, Неге?), өткен сабақ бойынша бір сұрақ жазады. Соңында барлық стикерлерді араластырып, оқушылардың өзіне әрбір аялдамада таратылып беріледі. Сұрақтарға жауап беріп, өткен сабақты еске түсіреді.

  • Топқа бөліну: Жауын-шашын әдісі арқылы топқа бөлініп отырады.

  • Видео – ролик көрсету арқылы:

  • Ой пікірлерін айтқызу.

  • Осы сұрақтар арқылы тақырыпқа болжам жасату.




Стикерлер






https://www.youtube.com/watch?v=__08XbSGEGM

Сабақтың ортасы

11-15минут



16-20 минут

постерді дайындауға


Бағалауға

21-25минут










25-35 минут

Оқушыларға географиялық ашылулар және саяхатшылар туралы ақпараттар және барлық салалардағы зерттеушілер туралы ақпараттар презентация арқылы түсіндіріледі. Оқушылар дәптерлеріне жазады.

Презентация


Топтық жұмыс:

Берілген мәтіннен әр саладағы зерттеушілер мен зерттеулердің түрлерін анықтап постер дайындайды.

Постерді сағат тілі бойымен бір біріне алмастырып бағалайды. Өзара топтық бағалау жүреді.

Постерге қойылатын бағалау критерийі:

  • Картография саласының зерттеушілерін анықтаған

  • Экономикалық география саласының зерттеушілерін анықтаған

  • Физикалық география саласының зерттеушілерін анықтаған

  • Гидрология ғылымының зерттеушілерін анықтаған

  • Геология ғылымының зерттеушілерін анықтаған


Қосымша 1

Оқулық

Бейсенова А

Әбілмажинова С

Каймулдинова К

Материктер мен мұхиттар географиясы

7 сынып

  • Картамен жұмыс. Саяхатшылардың жүрген жолдарын графикалық түрде бейнелеу.осы саяхатшылардың ашылуларының маңыздылығын түсіндіру

Әрбір топқа жер шарындағы құрлықтардың кескін карталары, флипчарт пен желім таратылып беріледі. Оқушылар флипчартқа дүниежүзінің кескін картасын орналастыра отырып, зерттеушілердің жүріп өткен жолдарын шартты белгілер арқылы орналастырады. Алдыңғы тапсырмадағы мәтінді қолданса болады. Әрбір топқа 2 саяхатшы ғалым беріледі.

  • Станция әдісі арқылы тапсырмаларды таныстырады. Әрбір спикерге 3 минут уақыт беріледі.

Бағалау: Критерийлер арқылы бағалау


Дескриптор:

  • Саяхатшылардың жолдарын картадан көрсете алады;

  • Осы саяхатшылардың ашуының маңызын түсіндіре алады;

Флипчарт, маркер, желім, қайшы және кескін карталар


Сабақтың соңы

35-40 минут

  • Рефлексия: Бағдаршам әдісі арқылы кері байланыс орнату

  • Бағалау: Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау жүзеге асырылады.

  • Үйге тапсырма: Бүгінгі сабақта есімі аталмаған географиялық саяхатшы ғалымға резюме жазып келу




Түрлі түсті стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушылар зерттеуші ғалымдардың ғылымға қосқан үлесітеріне баға береді.

Қабілеті төмен оқушыларға дайын боялған картаны беруге болады, сол картадан саяхатшылардың жолдарын жазу.


Бағалау критерийлері арқылы бағалау;

Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау

Сабақ басында оқушылардың зейіндерін бір ортаға шоғырландыру үшін жаттығу жасайды.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
825
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі