400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Географияның зерттеу нысандарын атау

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп:

Күні:

Мұғалімі:

Сынып:7

Оқушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Географияның зерттеу нысандарын атау

Сабақ мақсаттары










Барлық оқушылар жасай алады:

-География ғылымына жалпы сипаттама бере алады;

-Географияның зерттеу нысандарын танып біледі;

Оқушылардың көбісі жасай алады:

-География ғылым ретінде қалай пайда болғанын біледі;

-География ғылымының маңыздылығын түсінеді;

Кейбір оқушылар жасай алады:

-Географияның зерттеу нысандарын нақты ажырата алады;

-Географияның зерттеу нысандарынның маңыздылығын түсінеді, олармен жұмыс жасай алады.

Жетістік критерийлері:

1.География ғылымына жалпы сипаттама береді;

2.Географияның зерттеу нысандарын танып біледі;

3.Географиялық нысандарды зерттеу маңыздылығын түсіндіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар істей алады:

Мәтінмен жұмыс істеу дағдылары: оқушы географиялық зертеу нысандарын оқиды, талдайды. 

Сөйлеу дағдыларын дамыту: мазмұны бойынша толық жауаптар береді. 

Пайдалы сөз тіркестерге келесілер кіруі мүмкін:

География ғылымы.....,

Географияның зерттеу нысандары болып........,

Географиялық зерттеулерді жүргізу үшін..........

Пәнге қатысты терминология

География, зерттеу әдістері, зерттеу нысаны, географиялық зерттеулер...

Құндылықтармен байланыс

Балалардың бойына географиялық нысандарды анықтау барысында Қазақстандық патриотизм құндылығы ескеріледі.

Оқу мақсаттарына жету үшін жасалынатын іс әрекеттерде құрмет, ашықтық құндылықтары ескеріледі.


Сабақ барысы

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

0-15 мин









15-20 мин





20-30 мин








30-40 мин





40-60 мин












65-75 мин











75-80 мин












Сәлемдесу. Танысу. Іскерлік атмосфера орнату. Сәттілік тілеу.

Оқушылардың зейінін ортаға шоғырландыру: ортаға «глобус» және «карта» суреттері салынған карточкалар қойылады. Оқушылар сол карточкаларды таңдап, жұп болып диалогқа түсу арқылы бір-бірі туралы «үш факт» жазады. Осылайша барлық сыныппен танысу жұмысы жүргізіледі.

Топқа бөліну: оқушылар өздері таңдаған карточка түрлеріне қарай 2 топқа бөлінеді.


Оқушылардан география ғылымы, оның зерттеу нысандары туралы мәліметтер сұралады.Олардың жауаптары алынғаннан соң, презентацияда анықтама көрсетіліп, жауаптары қорытындыланады.


Терминдермен жұмыс: Тапсырма 1: Берілген терминдердің жанына анықтамаларын жазыңыз. 1.География, 2.Географиялық орта,3.Географиялық қабық, 4.Атмосфера, 5.Биосфера,6.Гидросфера, 7. Литосфера, 8.Геожүйе.

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, талданады.


Оқушыларға 3 минуттық «География ғылымы» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіледі. Содан соң, оқушылар өз түсінгендерін айтып, аталған мәселе талқыланады. География ғылымына жалпы сипаттама айтылады.


Оқушылар топта болып жұмыс атқарады, тақырыпшаларын оқиды, өзара талқылайды, топ болып флипчарт қорғайды.

1-топ: «География –Жер табиғаты жайындағы ғылым және оның дамуы» және « Физикалық география».

2-топ:«Географияның зерттеу нысаны» және «Географиялық зерттеулердің маңызы». Топтар өз тақырыптарын қорғап болғасын, өз баяндамалары бойынша екінші топқа сұрақтарын қояды.

Бағалау критерийлері:

  1. Баяндаманың тақырыпқа сай жасалуы.

  2. Өзге оқушыларға түсінікті жеткізілуі.


Сергіту мақсатында оқушыларға 1 минуттық «5 секунд» тақырыбындағы ролик көрсетіледі.

Тапсырма 2. Географияның басты сұрақтарын ескеру. Олар: Не? Қайда? (қашан)? Неге? Осы сұрақтар арқылы географиялық нысандарға сипаттама беріледі:

Мысалы: Не? –Литосфера, Қайда орналасқан? – Жер қабатының жоғарғы бөлігінде. Неге? – Литосфераның қалыптасуының заңдылығына жауап береді. Не үшін зерттейміз?-құрылыс жүргізу үшін, өнеркәсіпті орналастыру үшін т.б.

Берілетін географиялық нысандар: Литосфера, Атмосфера, Гидросфера, Биосфера. Оқушылар аталған сұрақтар бойынша осы нысандарға сипаттама береді.


Үйге тапсырма: «География ғылымының ғылымдар жүйесіндегі орны мен қоғамдағы маңызы» тақырыбына эссе жазу.


Рефлексия. Төмендегі кесте толтыру арқылы, сабақ қорытындылады.



Білдім

Үйрендім

Білгім келеді





Презентация, суреттер мен карточкалар.














С.А.Абдрахманов, К.Б.Базарбаев, А.Р.Медеу

«Русско-казахский словарь географических терминов».






«География ғылымы» тақырыбындағы бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=7q6vkBFWMsU
















«5 секунд» тақырыбындағы бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=Or3TV23UtXk






Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау– Оқушылардың білімін қалай тексересіз?


Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)


Ой толғау

Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені жаттады?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарлаған дифференциация дұрыс болып шықты ма?

Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:


2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі