Тақырып бойынша 22 материал табылды

«Geolab: Материктер мен мұхиттарды зертте»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау, есте сақтау, жылдам жауап беру қабілеттерін дамыту. Топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«М.Мақатаев атындағы №73 ЖББОМ» КММ







Тақырыбы: «Geolab: Материктер мен мұхиттарды зертте»


/Сыныптан тыс шара/







Өткізгендер: Жумабекова К.А.




















2025 – 2026 оқу жылы



Тақырыбы: «Geolab: Материктер мен мұхиттарды зертте»

Өткізу түрі: Танымдық сайыс-сабақ

Мақсаты: Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Логикалық ойлау, есте сақтау, жылдам жауап беру қабілеттерін дамыту. Топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

Міндеттері: Географиялық білімдерін тереңдету. Картамен, ұғымдармен жұмыс жасау. Танымдық белсенділікті арттыру.

Қатысушылар:

7-сынып оқушылары (2 топқа бөлінеді)

Қажетті құрал-жабдықтар:Дүниежүзі картасы, Атластар, Интерактивті тақта

Сұрақтар мен тапсырмалар

Мұғалім:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары. Өздеріңе белгілі мектебімізде жаратылыстану апталығы өтіп жатыр, бүгін апталықтың екінші күнгі жоспары бойынша 8- сыныптар аралығында өтетін «Жас географтар» сайысы болмақ.

-Ойынымызды бастамас бұрын осы география ғылымы туралы айтып өтейік.

География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы  Эратосфен өзінің  Жерді сиппаттауға арналған еңбегін  «география» деп атаған.  Және,ұзақ уақыт бойы  география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді.

XIX ғ. басында  бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен. Осыған орай  географияның міндеттері де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі  денелермен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды. Сондықтан қазіргі жарысқа түскен  оқушылар  өздерінің  географиялық құбылыстардың себептері мен Жер шарындағы  материктер туралы білімін көрсетеді.

 – Ендеше  «Жас географтар» атты ойын сайысын бастаймыз. Сонымен бүгінгі ойынға  екі топ қатысады. Олар:

І топ «Болашақ»

ІІ топ  «Жалын»

Мұғалім:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білімді деген ақылшың

Қиындықтан өткізер    –    деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік.   Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

Кезеңдері:

І кезең. Таныстыру

ІІ кезең. «Жылдам сұрақ – тез жауап»

ІІІ кезең. Картамен жұмыс

ІҮ кезең. «Білгірлер» додасы

Ү кезең. Ойландия

ҮІ кезең. Қара жәшік

 І кезең. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыруға» кезек берейік.

(Топтар өздерін таныстырады)

І топ «Болашақ»  Тобымызды бұлай атаған себебіміз, еліміздің болашағы біздің қолымызда және жарқын болашағы  біз боламыз деген сенімдеміз.

Ұраны:

Іздейміз, табамыз,

Сеніммен  білім аламыз.

 

ІІ топ  “Жалын” тобы.  Тобымызды бұлай атаған себебіміз, “Жалын” нағыз жастарға арналған атау секілді, өйткені жастар-бойында намысы жалындап тұрар, ел ертеңі емес пе?!

Ұраны:

Көк бөрідей,  жүректі қайраттымыз,

Жігерлі де, білімді, айбаттымыз”.

І тур. «Жылдам сұрақ – тез жауап»

1 топ. 1. Жер шарында неше материк бар?

Жауабы: 6 материк бар.

2. Жер шарында неше мұхит бар?

Жауабы: 4 мұхит бар.

3. Ең үлкен материк қайсы?

Жауабы: Еуразия.

4. Ең кіші материк қайсы?

Жауабы: Австралия.

5. Ең үлкен мұхит қайсы?

Жауабы: Тынық мұхиты.

6. Ең кіші мұхит қайсы?

Жауабы: Солтүстік Мұзды мұхит.

7. Қазақстан қай материкте орналасқан?

Жауабы: Еуразия материгінде.

8. Африка материгін қай экватор кесіп өтеді ме?

Жауабы: Иә, кесіп өтеді.

9. Ең ыстық материк қайсы?

Жауабы: Африка.

10. Мұздықтармен толық жабылған материк қайсы?

Жауабы: Антарктида.

2 топ.

1. Үнді мұхиты қай материктерді шайып жатыр?

Жауабы: Африка, Еуразия, Австралия.

2. Солтүстік Америка қай жарты шарда орналасқан?

Жауабы: Солтүстік жарты шарда.

3. Оңтүстік Америка материгін қай мұхиттар шайып жатыр?

Жауабы: Тынық және Атлант мұхиттары.

4. Еуропа мен Африканы бөліп тұрған теңіз?

Жауабы: Жерорта теңізі.

5. Австралияны шайып жатқан мұхиттар?

Жауабы: Үнді және Тынық мұхиттары.

6. Антарктиданы қоршаған мұхит қалай аталады?

Жауабы: Оңтүстік мұхит.

7. Ең терең мұхит қайсы?

Жауабы: Тынық мұхиты.

8. Материк дегеніміз не?

Жауабы: Мұхиттармен қоршалған ірі құрлық.

9. Мұхит дегеніміз не?

Жауабы: Жер бетіндегі ең үлкен тұзды су айдыны.

10. Африка материгін қандай мұхиттар шайып жатыр?

Жауабы: Атлант және Үнді мұхиттары.

ІІ тур. Картамен жұмыс

Оқушыларға дүниежүзінің саяси картасы мен Қазақстанның саяси картасы беріледі. Сол карталарды құрастырады.

ІІІ тур. Геологика

Сұрақ екі топқа бірдей қойылады.

- жылы, суық, қышқыл, соқыр, мөлдір, нөсер, сылбыр, ақ (жаңбыр)

  • түйіршік, ірі, ұсақ, құрлымды, құрлымсыз, құңарлы, құңарсыз

(топырақ)

  • қарлы, шаңды, құмды, қара, боранды (дауыл)

  • материктік, жанартаулы, құмды, теңіздік, маржандық

(арал)

  • тұйық, қалдық, тектоникалық, реликті, терең, жанартаулық (көл)

  • Ебі, Сайқан, Бриз, Бора (жел)


Ү тур Ойландия

1-топ.

УДАР ---- ...... (пайдалы қазба)

руда

АЖР ---- .... (өзен жағасындағы тік баурай) жар

МАРАСҚЫРА--- ..... (құлама су)

сарқырама

ПЕНАЛ ---- ... (Азиядағы мемлекет) Непал

ҒАЗАЙНАЙ --- ... (атмосфералық құбылыс) найзағай


2-топ

ИГРА - ... (Латвияның астанасы)

Рига

АРБА --- .... (ұлт)

араб

САЛО --- ... (Үндіқытай түбегіндегі ел) Лаос

ИРАК -- ... (Африка мемлекетінің астанасы)

Каир

ЛАТШАҚ -- ... (Екі жағы тік, терең, әрі тар болып келетін тау аңғары)

Шатқал

ҮІ тур. Қара жәшік ішіндегі құпия затты табады.

1. Бұл затты ежелгі Египетте финикиялықтар жасаған, ал Ежелгі Русьте үйеңкінің шәрбатынан, қанттан, балдан, ал Еуропада кептірілген жемістен жасаған. Бұл не? Кәмпиттер

2. Бұл заттың атауы славян тілінен аударғанда «тырнау», «жырту» деген мағына білдіреді. Бұл табиғи антибиотик. Ежелгі Римде бұл зат төзімділік пен батылдықты арттырады деп сенген.

Сарымсақ

3. Негізінен бұл «адалдық» пен «махаббаттың» символы болып есептелінеді. Ежелгі Қытайда императормен аудиенция яғни кездесі алдында осы затты шайнау қажет болған, оның басты себебі ауыз қуысынан хош иіс шығып тұру үшін. Латын тілінен аударғанда «Зевстің гүлі» деген мағына білдіреді.

Қалампыр

4. Юлий Цезарь басындағы тазын жасыру үшін, осы өсімдіктің жапырағынан тәж жасап киген. Үй жағдайында Ол тағамға өзіндік дәм, иіс береді. Оны сорпаға, қой,  сиыр еттеріне, фаршталған балыққа, маринадқа,  соусқа қосады.

Лавр жапырағы

Қорытынды бөлім Ұпай санын шығару

Жеңімпаз топты анықтау

Марапаттау

Қорытынды сөз, пікір алмасу























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12