400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Геологиялық химиялық қосылыстар 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4.В. Геологиялық химиялық қосылыстар

Мектеп: Күні:

Мұғалім:

Сынып: 7

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Металдарды алу

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

7.4.2.3 кеннен металдарды алу процесін модельдеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Кен, металл ұғымдарын айыра алады, металдар тарихы, қолданылуы, Қазақстандағы кен орындары туралы біледі

Көптеген оқушылар:

  • Металлургияның түрлерін, металдардың химиялық таңбаларын біледі

Кейбір оқушылар:

  • Кеннен металдарды алудың технологиялық процестерін біледі

Бағалау критерийлері

  • Кен мен металдарды айыра алады;

  • Металлургияның салаларын біледі, металдарды химиялық таңбалармен жаза алады

  • Кеннен металдарды алу процесін сипаттау

Тілдік мақсаттар


Оқушылар істей алады:

Химиялық қосылыстарды атау кезінде лексиканы дұрыс қолданады, айтады, жазады.

Пәндік лексика мен терминология:

Кен, құймалар, минералдар, металдар атауы, металлургия, пирометаллургия, гидрометаллургия

Сұхбатқа/хатқа арналған пайдалы сөздер:

  • Бос күйіндегі металдарға ________________сияқты металдар жатады.

  • Минералдарда металдар көбінесе ______________________ түрінде болады.

  • Кеннің құрамында әртүрлі металдардың минералдары болса, онда _____________________________ деп аталады.

Құндылықтарға баулу

«Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» бағытында оқушылардың бойына металл өндірісін дамыту болашақ кепілі екенін сіңіру, патриоттық сезімін ояту. Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай білу қабілеттерін дамыту.


Пәнаралық байланыстар

География «Географиялық нысандар, картамен жұмыс»

Тарих «Ежелгі дәуірлер»

Әдебиет «Сөздік қорын дамыту»

Алдыңғы білім

5.2.С. Заттардың түзілуі және алынуы











Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


2 мин








5 мин










2 мин

Ұйымдастыру бөлімі

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Психологиялық тренинг:

«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

Мақсаты: жағымды психологиялық орта қалыптастыру, оқушылардың көңіл-күйін білу

Нұсқау: көңіл-күйіне байланысты түсті көтереді, түстердің анықтамасы слайд арқылы тақтаға беріледі


Үй тапсырмасын сұрау

«Автор орындығы» әдісі

Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін жинақтау, қорытындылау, қайталау, қызығушылығын арттыру. Тілдік дағдыларын қалыптастыру

Нұсқау: Орындыққа отырып, оқушылар, мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: сұрақтарға жауап берген оқушы смайликтермен бағаланады.


Оқушыларды топтарға бөлу.

Нұсқау: Металлургия түрлерін «электрометаллургия», «пирометаллургия», «гидрометаллургия» стикерлерге жазып 3 топқа топтастырамын.





Түрлі-түсті қағаздар

www.google.kz




Автор орындығы, смайликтер










стикерлер



Сабақтың ортасы

2 мин














15 мин










3 мин




















9 мин


































































«Миға шабуыл» әдісі

Мақсаты: Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға, табуға мүмкіндік беру

Нұсқау: берілген суреттер бойынша өз ойларын ортаға салу



Жигсо әдісі бойынша тақырыпты бөліп оқиды.

Мақсаты: Оқушыларды топта, жұпта жұмыс жасауға баулу

1-топ: Тарихшылар зерттеуі. Металдардың кездесуі

2-топ: Металдарды алудың технологиялық процестері.

3-топ: Металдардың қолданылуы. Қазақстандағы металл кен орындары.

Постер қорғайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек!» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің постерлерін бағалайды.



Топтық жұмыс. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін қалыптастыру, достық және айналасына қамқорлық көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Тапсырма «Сызбаны толтырыңыздар»

3 топқа бірдей тапсырма беріледі

Металл

Кен атауы

темір



боксит

натрий



калий

Қалыптастырушы бағалау: Уәждеу.Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру (жарайсың,қолыңнан келеді, көп еңбектендің)


«Айналма бекет» әдісі. Саралау әдісінің тапсырмалары.

Мақсаты. Сыныптағы барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.


  1. Химиялық диктантты аяқтаңыз.

Бос күйіндегі металдарға ______________________________________ сияқты металдар жатады. Металдардың жер қойнауында кездесетін қосылыстарын ________________________________ деп атайды. Минералдарда металдар көбінесе ______________________ түрінде болады. Егер минералдардың металы көп болса , онда ондай қоспаны ________________ деп атайды. Кеннің құрамында әртүрлі металдардың минералдары болса, онда _____________________________ деп аталады. Кеннің құрамынан металл өндірумен айналысатын өндіріс саласы _____________ деп аталады. Металлургия ______________________________________ болып екіге бөлінеді. Металдарды алу әдістері _______________________________ әдістер тобына жіктеледі. Пирометаллургиялық әдістер ___________________ болып бөлінеді. Ал гидрометаллургиялық әдіс ретінде _________________ қолданылады.

Қазақстанда мынадай кен орындары бар: ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.


  1. Домна пешінде кен өндірудің төмендегі үрдістерін рет-ретімен орналастырып, нөмірлеңіз:

  • Ыстық ауа үрлеу

  • Балқыған темірді бөліп алу

  • Қалдық газдарды шығару

  • Темір кені, кокс және әктасты пешке салу

  • Темір кенінің көміртек монооксидімен тотықсыздануы

  • Кокстың оттекпен әрекеттесуі

  • Агломерациялау








  1. Шығармадағы металдарды химиялық таңбалар көмегімен жазыңыздар

Емшілер ежелден металдардыемдік мақсатқа қолдданған. Авторлардың бірі – Элифас Леви емді киіміндегі «сиқырды» былайша суреттеген: «Жексенбіде (Күн күні) ол қолына лағыл немесе зүбәратпен безендірілген алтын асатаяқ ұстады; дүйсенбіде (Ай күні) үш жіпке ілінген інжу, хрусталь және силинит; сейсенбіде (Марс күні) болат асатаяқ және болат сақина; сәрсенбіде (Меркурий күні) інжу немесе сынап бар шыны шариктер және ақық сақина; бейсенбіде (Юпитер күні) резеңке асатаяқ және жақұт сақина, жұмада (Шолпан күні) мыс асатаяқ, көгілдір ақық сақинажәне барийден жасалған тәж, сенбіде (Сатурн күні) оникстен жасалған асатаяқ және оникстен жасалған сақина, мойнына қалайыдан жасалған алқа таққан.

Қалыптастырушы бағалау. Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмыстарын топ басшысы бақылап, үш түсті гүлдер (қызыл – «өте жақсы», көк –«жақсы», сары –«толықтыруды қажет етеді») беріп отырады. Оқушылар жинаған гүлдері бойынша бағаланады


Суреттер

www.google.kz





Плакаттар, ақ парақ, маркер, қайшы, желім














Кесте














Кеспе қағаздар, А4 беті


«Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

Педагогикалық өлшеулер орталығы құрастырған. 2017 жыл.70-бет













Кеспе қағаздар

«Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

Педагогикалық өлшеулер орталығы құрастырған. 2017 жыл. 70-бет


Кеспе қағаздар




Химия.7-сынып.Мектеп баспасы.

М.Қ.Оспанова, Т.Г.Белоусова,

Қ.С.Аухадиева

119-бет






Қызыл, көк, сары түсті гүлдер

Сабақтың соңы

4 мин








































3 мин

Тапсырма: «Өзіңді тексер»

Мақсаты: Оқушылардың жаңа сабақты қандай деңгейде меңгергендігін анықтау.

Нұсқау: тест сұрақтары таратылып беріледі, барлық оқушы орындап болған соң жауаптары тақтаға шығарылады.

Тест тапсырмалары:

  1. Табиғатта бос күйінде кездесетін металдар:

А) алюминий, темір Ә) натрий, калий Б) мыс, алтын

2. Кен құрамында кездесетін металдар:

А) сынап,платина Ә) алюминий, темір Б) мыс, алтын

3. Б.з.б. 1300 жыл бұрын қолданылған, алтыннан бірнеше есе қымбат болған металл:

А) мыс Ә) күміс Б) темір

4. Металдарды алудың технологиялық процестерінің бірінші сатысы:

А) кенді өндіру Ә) қалыптарға құю Б) қалдық газдарды

шығару

5.Металл алу жоғары сатыда судың қатысынсыз жүргізілетін металлургия саласы:

А) пирометаллургия Ә) электрометаллургия

Б) гидрометаллургия

6. Металл алу жоғары сатыда судың қатысуымен жүргізілетін металлургия саласы:

А) пирометаллургия Ә) электрометаллургия

Б) гидрометаллургия

7. Металл алу жоғары сатыда электр тогы әсерімен жүргізілетін металлургия саласы:

А) пирометаллургия Ә) электрометаллургия

Б) гидрометаллургия

8. Қазақстанда темір өндірілетін кен орны қандай облыста орналасқан?

А) Қостанай облысы Ә) Ақтөбе облысы Б) Орталық Қазақстан

9. Қазақстанда хром өндірілетін кен орны қандай облыста орналасқан?

А) Қостанай облысы Ә) Ақтөбе облысы Б) Орталық Қазақстан

10. Қазақстанда марганец өндірілетін кен орны қандай облыста орналасқан?

А) Қостанай облысы Ә) Ақтөбе облысы Б) Орталық Қазақстан


Қалыптастырушы бағалау – оқушылар өздері тексеру арқылы білім деңгейлерін көреді.


Рефлексия. «Мен қай басқыштамын?»

Бүгінгі сабақты мен түсіндім – 4-5 басқыш

Бүгінгі сабақты қиындықпен түсіндім – 3-2 басқыш

Бүгінгі сабақты мен түсінбедім – 1 басқыш

Мен мына басқыштамын, өйткені _______________________________

_______________________________



Үй тапсырмасы:

«Болашақта қандай металдар қажет болады, неліктен?» деген тақырыпта өз ойларын жазып келу


Тест сұрақтары









































Кеспе қағаздар



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Кен мен металдарды айыра алады;














  • Металлургияның салаларын біледі, металдарды химиялық таңбалармен жаза алады



  • Кеннен металдарды алу процесін сипаттау



  • Металдардың табиғатта бос және минералдар құрамында кездесетінін біледі;

  • Металдардың ерте заманнан қолданылып келе жатқанын біледі;

  • Металдарды, кендерді бір-бірінен айыра алады;

  • Металдың алынатын кенін, кеннен алынатын металды біледі






  • Металдардың қолданылуы, Қазақстандағы металл кен орындарын біледі.






  • Металдарды алудың технологиялық процестерін біледі

  • Темір өндірудің үдерістерін рет-ретімен орналастырады.


Психологиялық тренинг:

«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»




Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1082
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі