Материалдар / «Геометрия әлеміне саяхат» сайыс сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Геометрия әлеміне саяхат» сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Математиканың практикалық бағытталуын көрсету, іс-шараны стандартты емес формада өткізу арқылы математикаға деген қызығушылықтарының қалыптасуын жалғастыру; Шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін, ұжыммен жұмыс жасай алу қабілеттерін арттыру. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу. Дәлдікке ұқыптылыққа пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сыныптан тыс сайыс сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2022
516
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Планиметрия әлеміне саяхат» сайыс сабақ
Мақсаты:
Математиканың практикалық бағытталуын көрсету, іс-шараны стандартты емес формада өткізу арқылы математикаға деген қызығушылықтарының қалыптасуын жалғастыру; Шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін, ұжыммен жұмыс жасай алу қабілеттерін арттыру.
Оқушылардың ой - өрісін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу. Дәлдікке ұқыптылыққа пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Қатысушылар: 9- сынып оқушыларынан 3 команда (5 оқушыдан). 
Командаға қажетті құралдар: 

Ойын ережесі: 
Ойынға
әр сыныптан 5 оқушыдан 3 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау. Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, басқа топтың сұрақтарына да жауап беру керек.

Сабақтық көрнекілігі: тақырып, тапсырмалы плакаттар, тапсырмалы қима қағаздар,


1-Жүргізуші:
- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар! 
- Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
- Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра, фигуралардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу.

2-Жүргізуші: Бөлімдерде таныстырып өтейік.

1-бөлім: «Бәйге» Топ басшылар сайысы

2-бөлім: «Мерген» практикалық бөлім

3-бөлім: «Ғылым тілі» теориялық бөлім.

4-бөлім: « Формулалар сөйлейді» формуланы аяқтап, оның негізін түсіндіру.

1-Жүргізуші: - Сайысымызды бастайық!!! Олай болса, топ басшыларын ортаға келіңіздер, жеребе арқылы командаларының атын анықтайық. / жеребені алтырту/

- Бүгінгі ойынға қатысушы командаларды оратаға шақырайық.
- Ал, командалар дайынсыздар ма?

2-Жүргізуші: 1-бөлім «Білімдіге – биіктен орын» сұрақ-жауап / Топ басшыларының сайысы

«Үшбұрыштар» тобы

1. Екі нүктемен шектелген түзу. Кесінді/
2. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем .аксиома/
3.
Түзуге қатысты симметрия (осьтік симметрия)
4. Бұрышты қақ бөлетін сәуле. Биссектриса/
5. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем /теорема/
6. «жазықтықта өлшеу» ғылымы /геометрия/
7. Бір-бірімен қиылыспайтын түзулер /параллель/
8. «Геометрия» пәнінің негізін салушы. /Евклид/
9. Нүктенің бірінші координатасы. /абсцисса//
10. Нүктенің екінші координатасы /ордината/

ІІ топ. «Төртбұрыштар» тобы

1.Бұрыштың өлшем бірлігі /градус/

2.Өлшемі 90 градустан үлкен бұрыш /доғал/

3.Жарты түзу/ сәуле./

4. қарсы жатқан қабырғаны қақ бөлетін сәуле . /биссектриса/

5.Берілген нүктеден түзуге дейінгі қысқа қашықтық. перпендикуляр/

6.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
7.
Жазықтықтағы қандей түзеулер ешқашан қиылыспайды

8. Алғашқы он санның ішінде неше жәй сан бар? /2,3,5,7/

9. Тең қабырғалы үшбұрыштың әр ішкі бұрышы не градус? / 600/

10. Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш /трапеция/


ІІІ топ. «Шеңберлер» тобы

1.Сүйір бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы ./синус/

2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы /180 гр/

3. Вертикаль бұрыштар қандай? /тең/

4.тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштарының шамасы /60/

5. Қандай түзулер қиылыспайды/параллель/

6. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді. /хорда.

7. Шеңбердің центрінен кез-келген нүктесіне дейінгі қашықтық/ радиус/

8. Диагональдары өзара перпендикуляр паралеллограмм /ромб/

9. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш /квадрат/

10. Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары /тең/

Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса недегі кетеді? /ауыз, род, mouth

/маузы/

2 -бөлім практикалық бөлім «Мерген» / есептер шығару// Тигізген топтың топ басшылары келіп, тапсырмалар алады. /есепке 7-8 минут уақыт беріледі./Жүргізушілер: уақытты белгілеуді ұмытпау

Үшбұрыштар тобына:

1. Егер үшбұрыштың екі бұрышы 190 және 610 болса, онда оның үшінші бұрышын табыңдар. Бұл үшбұрыш сүйір бұрышты ма, әлде доғал бұрышты ма?

2. Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300 . Оның қалған бұрыштарын табыңдар. /90,60/

3. Егер үшбұрыштың екі бұрышы 200 және 800 болса, онда оның үшінші бұрышы қандай? Бұл қандай үшбұрыш? /50, сүйір/

4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрышы 1300. Оның барлық ішкі бұрыштарын табыңдар. /50,50,80/

5.PQ векторының координаталарын табыңдар. Мұндағы P (1;-3), Q3;-1). Ж:/2;2/

6. (3;4) векторының ұзындығын табыңдар. Ж: 5



Төртбұрыштар тобына:

1. Егер A=420 болса, онда ABCD параллелограмының бұрыштарын табыңдар.

2.Ромбының қабырғасы мен бір диагоналының арасындағы бұрыш 420 –қа тең. Ромбының бұрыштарын табыңдар.

3. Үшбұрыш АВС-да С=90° А=40°, СD // перпендикуляр АВ. АСD-ны табыңдар. (50°)

4. 112°-қа тең бұрышқа сыбайлас бұрыш неге тең?( 68°)

5. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 12 см, ал бүйір қабырғасы 5 см. Оның табанын табыңдар.(2 см)

6. Екі үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары: 4; см; 5 см; 6 см және 8 см; 10 см; 12 см болса, онда олар ұқсас болады ма? Болса, ұқсастық коэффициентін табыңдар.





Шеңберлер тобына:

  1. Әрбір бұрышы 1200-қа тең дөңес көпбұрыштың неше төбесі бар?

  2. Үшбұрыштың қабырғалары 2 см, 3 см, 4 см. Оған ұқсас үшбұрыштың үлкен қабырғасы 36 см-ге те. Екінші үшбұрыштың периметрін табыңдар.

  3. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.(6 см)

  4. 5. Екі параллель түзуді қиюшымен қиғанда шығатын бұрыштардың бірі 1100-қа тең. Қалған бұрыштарды табыңдар.

  5. 6. Екі параллель түзуді қиюшымен қиғанда шығатын ішкі айқыш бұрыштардың қосындысы 900. Барлық 8 бұрыштың шамасын табыңдар.

  6. Үшбұрыштың екі бұрышы 53° және 57°. Оның үшінші бұрышын табыңдар.(70°)




Жүргізуші: Құрметті, қонақтар! Сайысқа қатысушылар есептерін шығара берсін, оған дейін Біз сіздерді математиканы тарихымен таныса отырыңыздар. / экраннан слайд қосу/

1-Жүргізуші: Білекті бірді жығады, білімді нешені жығады?

2-Жүргізуші: /мың, тысяча,thousand / саузнд/

3-бөлім. «Ғылым тілі» теориялық бөлім /анықтама, теорема/ Бұл бөлім бойынша осы топтар берілген 5 минутта жазады. Уақыт біткенде «Ортадағы қалам» әдісімен тоқату қажет. / осы уақытта ең көп әрі қатесіз жазу керек./ Ескерту: айта кетуге болады. Бәрін толық жазып отырмай есте ұстау үшін ортадағы ломинатталған қағазға қысқаша жазып алуларыңа болады –деп ескерту қажет.

мүшелері төртбұрышқа қатысты барлық кез-келген теоремаларыды айтуы керек.

Төртбұрыштардың теоремасы

  1. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.

  2. Параллеограмның қарама-қарсы қабырғалары тең,

  3. Егер дөңес төртбұрыштың қарама-қарсы екі қабырғасы тең және параллель болса, онда ол параллелограмм болады.

  4. Төртбұрыштың диагональдары тең болады.

  5. Диагональдары тең параллелограмм төртбұрыш болады.

  6. Ромбының диагональдары өзара перпендикуляр және олар бұрыштардың биссектрисалары болып табылады.

  7. Егер параллеограмның диагональдар перпендикуляр болса, онда ол ромб болады.

Үшбұрыштардың теоремасы

Бұл бөлім бойынша осы топ мүшелері үшбұрышқа қатысты барлық кез-келген теоремаларыды айтуы керек.



1.Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын орта сызық үшінші қабырғаға параллель және оның жартысына тең болады.

2. Үшбұрыштың үш медианасы бір нүктеде қиылысады және ол нүкте әрбір медиананы оның табанынан бастап есептегенде бөлікке бөледі.

3.биссектрисаның кез келген нүктесі бұрыш қабырғаларынан бірдей қашықтықта жатады

4. Үшбұрыштың биссектрисалары бір нүктеде қиылысады.

5.Кесіндіге орта перпендикулярдың кез келген нүктесі осы кесіндінің ұштарынан бірдей қашықтықта жатады.

6. Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлар бір нүктеде қиылысады.

7.Кез келген үшбұрыштың биіктіктері бір нүктеде қиылысады.

Шеңбердің теоремалары

Бұл бөлім бойынша осы топ мүшелері шеңберге қатысты барлық кез-келген теоремалар мен анықтамаларды айтуы керек.

1. Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі үшбұрыштың орта перпендикулярларының қиылысу нүктесі болады.

2. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер центрі үшбұрыш биссектрисаларының қиылысу нүктесі болады.

3.тікбұрышты үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі гипотенузаның ортасында жатады.

4. Шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан (барлық шеңбер үшін бірдей) болады.

6. Шеңбердің кез-келген екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады.



1-Жүргізуші:1. Әдебиеттегі сандар былай дейді екен.

Қазақ халық мақалында бір құмалақ бір қарын нені \майды\ бүлдіреді?

2-Жүргізуші: (май, масло, butter /батер/ )
4-бөлім «Формулалар сөйлейді» өз топтарының атына байланысты білетін формулаларын берілген 5 минут жазады. Уақыт біткенде «Ортадағы қалам» әдісімен тоқату қажет. / осы уақытта ең көп әрі қатесіз жазу керек./

8-сынып

  1. c2= a2+b2

  2. sin2α+cos2α=1

  3. x= ; y=

  4. AB2=(x2- x1)2+(y2-y1)2

  5. tgα=

  6. ctg=

9-сынып

1.

2.1800(n-2)

3. S= - тең қабырғалы үшбұрыштың ауданы

4. s=


2-Жүргізуші:Cайыстың нәтижесін шығарғанша әр топқа қызықты сұрақтар: Топтар жайғасқанша көрермендермен сұхбаттасып, сұрақ қоя отырайық. Себебі осы залға математикағы қызығушылығы бар адамдар жиналған сияқты.

1-Жүргізуші: «Ойлан, тап»
1. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850) 
2 .Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
3. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
4.
Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар , мысалы: 5 пен 7)
5.Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады?
(натурал сандар)
6.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
7.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөлінетін)
8.Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)

9 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар 14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды?
10. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)

2-Жүргізуші: «Ойлан, тап»

11. Сандар .Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта:
30
0, 450, 600, 900

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!