400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Геометрия еліне саяхат 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету,есептеу қабілеттерін арттыру,дамыту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика

Күні:

Сынып:

Мектеп: №41 ом

Мұғалімнің аты-жөні: Смағұл А. Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Геометрия еліне саяхат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету,есептеу қабілеттерін арттыру,дамыту; 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: логикалық есептерді шеше алады.
Көптеген оқушылар: Есептеуді жазбаша орындай алады.
Кейбір оқушылар: геометриялық фигураларды ажырата алады

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика-қызықты тоймайтұғын- дегендей «Қызықты математика» сабағын бастайық.Олай болса,тапсырмалар орындай отырып«Геометриялық фигуралар еліне»саяхат жасаймыз,таныса
мыз,үйренеміз,меңгереміз.

дәптер

Сабақтың ортасы

25 минут

Ойлан, таны,біл» танымдық тапсырма

1.Геометрия деген сөз нені білдіреді? (Жер өлшемі)

2.Қағазбен жазу құралының түйісетін ізі қалай аталады? (Нүкте)

3.Екі жағынан нүктемен шектелген түзу сызықтың бөлігі (Кесінді)

4.Жазық бейнесі дөңгелек болып табылатын көлемді фигура (Шар)

5.Түзу сызық жүргізуге арналған қарапайым құрал (Сызғыш)

6.Барлық нүктесі ортасынан бірдей қашықтықта болатын тұйық сызық

қалай аталады? (Шеңбер)

4.«Ерте,ерте,ертеде»

Балалар , мен сендерге геометриялық фигуруалар туралы ертегі айтып беремін, мұқият тыңдаңдар.

Ерете,ерте,ертеде геометрия патшалығының фигуралар көшесінде сиқырлы геометриялық фигуралар тұрыпты.Күндердің күнінде олардың арасында дау болыпты.«Кім күшті?» деп бір-бірімен дауласады.

Шаршы айтады:-Мен ең күштімін,менің барлық қабырғаларым тең және мен барлық жерде мықтымын.

Оның сөзін Дөңгелек бұзып:-Бекерден бекер сөйлеме,кімге керек сенің тік бұрыштарың? Міне,мен ешқандай бұрышсызбын,дөңгелекпін,көңілдімін.Менде не басым,не аяғым жоқ.

Сөзге Үшбұрыш араласады:- Дауласпаңдар,барлығы біледі,үшбұрыштың күшті екенін.Біз орындарымызды ауытырып әр-түрлі бұрыштармен бірге бола аламыз.Мысалы:сүйір бұрышпен, доғал бұрышпен және шаршаның бұрыштары сияқты бірдей бола аламыз.Дау ұрысқа айналды.Барлығы бір-бірін тыңдамай у-шуға айналды.Тек қана Пирамида оларға қарап үндемей тұрды.Не болып жатқанын түсінбеген пирамида біраз тұрып сөзге кірісті:- Неге ұрысып жанжалдасасыңдар? Сендер барлықтарың жақсы фигураларсыңдар және адамдарға қажетсіңдер.Адамдар біздерді құрылыста пайдаланады.Әрбір үйде шаршы,дөңгелек,тік бұрышты және үшбұрыш тәрізді заттар бар.Біз туралы адамдар зерттейді,балалар да мектепте оқиды.Олар бізсіз еш нәрсе істей алмайды,біз оларға керекпіз.Адамдар бізді жақсы көреді.Фигуралар үндемей тұрып,өздерінің қателескендерін түсінді.Өмірде кімнің күшті немесе мықты екені маңызды емес,ең маңыздысы сен біреуге керексің,біреулер сенің көмегіңе мұқтаж.Осы кезден бастап геометриялық фигуралар өздерінің адамдарға қажет екенін түсінді
Сұрақ-жауап сәті
1.Негізгі геометриялық фигура қалай аталады? Нүкте
2.Үшбұрыштың неше бұрышы бар? 3
3.Бұрыштарды атап бер.Доғал,сүйір,тік бұрыш
4.Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз? Р=а+в+с
5.Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? Р=а+в+а+в
«Кім тапқыр?» логикалық тапсырмалар
1.Үстелдің 4 бұрышы бар.Егер бір бұрышын кесіп тастаса,неше бұрыш болады? 5
2.Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр.Үйде неше мысық отыр? 4 мысық
3.Шаршының сол жағында үшбұрыш,оң жағында дөңгелек орналасқан.Шаршы қай жерде? Ортасында
4.Бір жағынан нүктемен тұйықталған түзу сызық қалай аталады? Сәуле

Кесте плакат










Сабақтың соңы
5 минут

- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет.

Жұмыс дәптері

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұлбөлімдеоқушылардыңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазасыз

Денсаулық сақтау
технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет
түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздіктехникы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:



2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
1032
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі