"Геометриялық денелер тобының проекциялары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Геометриялық денелер тобының проекциялары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ оқушылар деңгейіне қарай ұйымдастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелер тобының проекциялары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: геометриялық денелер тобын кескіндеп, олардың проекцияларын түсіруге, логикалық ойлауға қалыптастыру.
Дамытушылық: геометриялық денелермен таныстыра отырып,оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі, құралдары: геометриялық денелер макеттері, сызбалар, А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен сәлемдесіп, танысу, сызу құралдарын тексеру, сабаққа назарларын аудару.
2. Өткен тақырыптарды еске түсіру, сұрақ қою, тест тепсырмаларына жауап беру.
- қандай геометриялық денелерді білесіңдер?
- пирамида, призма, цилиндр, конус, шар.

Тест тапсырмалары:

1. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің біреуінен айналдырғанда шығатын айналу денесі қалай аталады ?

а. Конус б. Тіктөртбұрыш в. Шар

2. Сызбадағы барлық жазулар, цифрлар және белгілер жиыны қалай аталады?

а. Сызба сызықтары б. Сызба қаріптері в. Сызба өлшемдері

3. Аксонометрия гректің «ахсо» – ось, «metreo» - өлшеудеген сөзінен шыққан. Қандай мағынаны береді?

а. Осьтер бойынша өлшеу б. Координаталық осьтер в. Осьтік сызық

4. а сызығынан б сызығына үшінші с сызығының көмегімен біртіндеп өтуі қалай аталады?

а. Қиылысу б. Жанасу в. Түйіндесу

5. Сызбада көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылатын сызық түрі

а. Үзілме сызық б. Тұтас сызық в. Ирек сызық

6. Барлық нүктелері бір жазықтықта жататын фигураны қалай атайды?

а. Доғал фигура б. Көлбеу фигура в. Жазық фигура

7. Центр деп аталатын нүктеден бірдей қашықтықтағы жазықтық нүктелерінің геометриялық орнын қалай атайды?

а. Төртбұрыш б. Шеңбер в. Үшбұрыш

8. Қиылыспайтын жазықтықтарды қалай атаймыз?

а. Өзара перпендикуляр б. Өзара параллель в. Өзара тік

9. Қандай сызбада радиустың өлшемі дұрыс белгіленбеген?

А) В) С) D)

10. R белгісі нені көрсету үшін қолданылады?

А) фасканың өлшемін; В) шеңбер диаметрінің өлшемін;

С) шеңбер радиусының өлшемін; D) еңісті.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


3. 35 - суретте бірнеше геометриялық дененің үш проекциясы (фронталь, горизонталь және профиль) кескінделген. Кескіндеріне қарап неше дене және қандай денелер берілгенін анықтай аласыңдар ма? Басқаша айтқанда, берілген кескінді оқи аласыңдар ма? Суретке зер салып қарап шығып, онда үш дене: алтыбұрышты пирамида, төртбұрышты призма және цилиндр берілгенін айтуға болады. Олар проекциялар жазықтықтарына және бір - біріне қатысты түрліше жағдайда орналасқан. Пирамида горизонталь проекциялар жазықтығында тұр, орналасуы орнықты. Призма мен цилиндр горизонталь проекциялар жазықтығында көлденең жатыр, олардың орналасуы орнықты болмайды.
Призманың горизонталь проекциялар жазықтығымен ортақ қыры бар. Егер призмаға қол тигізсек, ол қозғалып, горизонталь жазықтыққа бір жағымен барып түсер еді. Цилиндр горизонталь проекциялар жазықтығына өзінің жасаушысы бойымен жанасады. Цилиндрдің оң жақ табаны профиль проекциялар жазықтығында жатыр. Призманың бүйір қырлары, бүйір жақтары және цилиндрдің жасаушылары профиль проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан. 
Берілген денелердің фронталь проекциялар жазықтығымен ортақ нүктелері жоқ. Енді берілген денелердің бір - біріне қарағандағы орналасуын қарастырайық. Призма пирамида мен цилиндрдің арғы жағында жатыр. Сондықтан призманың пирамида мен цилиндрдің тасасындағы бөліктері фронталь проекцияда үзілме сызықпен жүргізілген. Цилиндр пирамиданың оң жағында орналасқан. Мұның өзі профиль проекцияда оның бір бөлігі пирамиданың тасасында қалатынын көрсетеді. Профиль проекцияда цилиндрдің көрінбейтін бөлігі үзілме сызықпен кескінделген. 

Призма мен цилиндрдің қалай орналасқанын фронталь және горизонталь проекцияларына қарап ажыратуға болмайды. Профиль проекцияларына қарап цилиндр мен призманың өзара жанаспайтынын көреміз.
3. 36 - суретте де геометриялық денелер тобы кескінделген. Параллелепипед горизонталь проекциялар жазықтығында жатыр. Оның үстіне цилиндр қойылған, ал цилиндрдің үстінде конус тұр. Фронталь проекциядан конус пен цилиндрдің орналасуын анықтауға болмайды. Горизонталь проекциядан да берілген денелердің орналасуын ажырату мүмкін емес. Сондықтан кескінді түсіну үшін берілген нәрселердің проекцияларын бір - біріне байланыстыра отырып талдау керек.


ІІІ. Машықтық жұмыс

Машықтық жұмыс кезінде оқушылар үлестірмелі тапсырмаларды орындайды. Берілген изометриялық проекцияда салынған денелердің үш көрінісін табу. Оларды қадағалау бағыт – бағдар беру.


ІҮ. Сабақты қорытындылау және бағалау.

Сабақты қорытындылау бағытында жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

Оқушылардың үш тапсырма бойынша қорытынды бағаларын шығарып бағалау.


Үйге тапсырма беру: 3. 37 - суретте берілген геометриялық денелердің профиль проекцияларын сал.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
865
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі