400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Геометриялық денелерден құралған натюрморт.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды нұсқауға қарап сурет салуға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

СҚО

Уалиханов ауданы

Кулыкөл ауылы

«Әуезов орта мектебі» КММ

Пән мұғалімі: Самерова Алия Ахметовна


Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелерден құралған натюрморт.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды нұсқауға қарап сурет салуға баулу. Бейнелеу өнері заңдылықтарын дұрыс меңгеруге үйрету. Әр түрлі геометриялық денелерді бейнелеуге, әрбір геометриялық денелерге ұқсас заттардың суретін салуға бағдар жасау.

Сабақтың түрі: Нұсқаға қарап сурет салу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Дидактикалық көрнекі құралдар, қосымша әдебиеттер, диафильм, слайд, бейнетаспа, т.б.

Сабақтың барысы: Оқушылармен сәлемдесемін, түгіндеймін, тақырыптың атын айтамын.

1.Графика дегеніміз не?

2. Графиканың түрлері?Жауабы:

1. Бір түсті бояу, қарындаш, көмір т.б. бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма.

  1. Линогравюра, литография, офорт т.б. түрлерге бөлінеді.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Белгілі бір нәрселердін суретін салғанда олардың геометриялықденелерге ұқсас жерін салыстырып қарау керек. Яғни әр түрлі геометриялық денелерді жеке-жеке салу арқылы оқушылардың оларды дұрыс бейнелеуіне негіз қаланады. Кез келген нәрселердің барлығы дерлік жай геометриялық денелерден тұрады. Қарапайым нәрсе бір ғана геометриялық денеден тұрады. Мысалы, банка – цилиндірге, қорап-кубқа ұксас болып келеді. Ал күрделі заттар құрылысы бірнеше геометриялық денелерден тұрады.

Затқа қарап сурет салғанда қағаз бетіне нәрсенің жоғарғы және төменгі шекараларын белгілеп алу керек. Суреттің шекараларын белгілегенде нәрсенің негізгі пропорциялары белгіленеді.

Нәрсені қағаз бетіне ұқыпты, белгілі тәртіппен орналастырғанда қағаздың жан-жағынан аздап ашық орын қалдырған жөн. Сонда ғана бейнелейтін заттар әдемі болып, кеңістікте көріне алады.

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

І-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

ІІ-кезең. Суретті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымына табылған соң жарық пен көлеңкенін шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

ІІІ-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Меншікті көлеңке дегеніміз – заттың сәулет түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз – жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны және жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз – нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз – меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз – заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс.

ІV-кезең. Бұл бейнеленген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз.

Сыныптағы жұмыс: Балаларға геометриялық денелерден құралған натюрморт салғызамын.

Үйге тапсырма: Альбомда үйдегі 2-3 ыдыс-аяқтарды салып келу.Келесі сабаққа қағаз, акварель краскасын және қылқаламды алып келу.



Бағалау парағы.

Р/с

Оқушылардың

аты-жөні:

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Теориялық

білім сызбаға

Тапсырмаға.

Тест

сұрақ-жауап

Бағалау

1







2






3






4






5






6





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1391
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі