400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Геометриялық фигуралар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың геометриялық фигуралар (шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тік төртбұрыш) жайлы білімдерін кеңейту. Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару. Жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушының танымын, ойлауын дамыту. Дидактикалық ойын арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күнделікті сабақ жоспары

Сабақ: дефектологтың түзету сабағы

Тақырыбы: Геометриялық фигуралар

Мақсаты: Оқушылардың геометриялық фигуралар (шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тік төртбұрыш) жайлы білімдерін кеңейту. Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару. Жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушының танымын, ойлауын дамыту. Дидактикалық ойын арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың назарын үстел үстіндегі сиқырлы қалтаға аударып:
«Балалар дыбыс осы қалтадан шығып жатқан сияқты, сиқырлы қалтада не бар екенін білгілерің келе ме?» - деп сұрайды.
Ендеше қазір біз сиқырлы қалтаны ашып көреміз.
Жасұлан келе ғой, енді сен көзіңді жұмып сиқырлы қалтадан қолыңа түскен заттың не екенін қолыңмен сипап біліп бізге айтасың. Сиқырлы қалтадағы қалған геометриялық пішіндерді басқа балалар да алады да, бір қатарға орналастырады. Ал енді балалар, біз геометриялық пішіндерді санап шығайық.
Балалар біз геометриялық пішіндерді қалай санадық?
Енді қалай санауға болады?
1 - ден 4 - ке дейін тура және кері санау.


Д/ойын: «Есте сақтау қабілетіне арналған» Үлгіге қарап геометриялық пішіндердің орналасуын мұқият көріп алып, есінде сақтағанын қағаз бетіне қойып шығу. Үлгіге қарап өз жұмыстарын тексеру. Геометриялық пішіндерді қай жерге орналастырғанын өз бетінше айта білуге ынталандыру.

Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы. Бұл геометриялық фигуралар балаларға бұрыннан таныс. Олардың айнала дүниеде қолданысы салыстырмалы түрде түсіндіріледі.
Кіріспе әңгіме "Көшеде жүру ережесі". Көше қиылыстарында жолаушылар мен көліктердің жүрісін реттеп тұратын бағдаршам. Олардың үш көзі бар (қызыл, сары, жасыл). Көздері неге ұқсас? (Дөңгелекке). Әр көзінің өз сыры түсіндіріледі. Жол бойында "Жол белгілері" дөңгелектің ішінде көрсетілген. Әр белгінің мәні ашылады. Сондай - ақ, балалардың өздері ойнайтын қарапайым доптар, спорттық ойындарға арналған волейбол, футбол, баскетбол доптары, шарлар, олардың түрлері т. б. дөңгелек пішінді.
- Сонымен, жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі болады
- Бірінші шеңбер сызамыз. Сол шеңбердің ішкі бөлігін қиып аламыз.
- Екінші суреттегі дөңгелек. Балалар трафаретті пайдаланып шеңбер сызып, оның ішкі бөлігін бояйды.
- Үйлердің суретінен үшбұрыштарды табады.
"Жол белгілері", олардың мәнін ұғындыру. Берілген үйшіктерге ұқсас жапсырма жұмыстарын жүргізіледі. Үшбұрыштың үш қабырғалары болады. Шаршы мен тік төртбұрышты төрт қабырғалары болады. Алайда, шаршының барлық қабырғасы тең, ал тік төртбұрыштың қарама - қарсы қабырғалары ғана тең.

Дидактикалық ойын
Үшбұрыштарды сарымен, дөңгелекті қызылмен, тік төртбұрышты жасылмен, шаршыны көк түспен бояп көрсет.

Сергіту сәті

Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.

Қорытынды. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
2023
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі