15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-сыныпта өткенді қайталау |
Мектеп:А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия Пәні: математика |
|||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||
сынып: 4 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
Сабақ тақырыбы: |
Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан. |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
. Оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімін, геометриялық фигуралардың периметрін және ауданын есептеу тәсілдерін жетілдіру. |
|||
Сабақ мақсаттары |
Бастауыш сыныптар үшін Барлық оқушылар: аудан туралы ұғыммен танысады. Көптеген оқушылар: Ауданды есептеп береді. Кейбір оқушылар: логикалық тапсырмамен жұмыс жасайды. |
|||
Тілдік мақсат |
Периметр, см, км |
|||
Бағалау критерийлері |
1.Көбейту кестесін дұрыс қолдануы. 2.Фигуралардың ауданын есептеуі 3.Мәселе есептермен жұмыс жасауы. |
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір- бірін сыйлауға үйрету. |
|||
Пәнаралық байланыс |
дүниетану |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
компьютер |
|||
Бастапқы білім |
Оқушылар периметрді көбейту кестесін пайдаланып, есептей алады. |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
ресурстар |
||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы/сабақтың негігі бөлімі
Сабақтың соңы |
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. № 2, 7. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) Оқушылар ауызша орындайды ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру: 1). Ауызша жұмыс. а). Фигураларға қара. Аттарын ата. ә) Ауызша есептеулер. 1. Сөйлемнің қайсысы дұрыс? А). Тіктөртбұрыштың ауданы – бұл оның қабырғаларының ұзындығының қосындысы. Ә). Тіктөртбұрыштың периметрі – бұл оның өзіне сыйғызатын аудандар бірлігінің саны. Ү. Сабақтың тақырыбымен жұмыс. 1). № 1. Ауызша орындау. 2). Геометрияның даму тарихынан үзінді: «Геометрия» сөзі грек тілінен шыққан. «Гео» - жер, «метео» - өлшеймін. «Геометрия» Ежелгі Мысырда біздің дәуірімізге дейін 2000 жылға жуық бұрын, яғни 4000 жыл бұрын туған. Египет перғауыны әрбір мысырлыққа азғантай жер бөліп берген, олар перғауынға жер үшін салық төлеп отырған. Бірақ Ніл өзені ылғи тасып, жер телімдерін басып қала бергеннен кейін, перғауын жер телімін қаншалықты кішірейіп қалғанын, соған сай енді қанша салық салу керектігін білу үшін жер өлшегіштерді жіберіп отырды. «Геометрия» Мысырда осылай туып, одан басқа елдерге тараған. № 2. Ауызша талдау. - Тіктөртбұрыштың ұзындығын а, ал енін в деп белгілеңдер. Әріптердің көмегімен тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тауып, жазыңдар. Р = (а + в) ∙ 2 S = а ∙ в № 3. Түсіндіріп шығару. Ауданы белгілі тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің мүмкін нұсқаларын тап. Р = (25 + 5) ∙ 2 = 100 (см) S = 25 ∙ 5 = 125 (см2) № 4. Есепті шығару. 6 жәшікте – 108 кг Ш: 162 : (108 : 6) = 9 ? жәшікте – 162 кг Ж: 9 жәшік керек. (кері есеп құрастыр)
Қостық біз, көбейттік біз, Қатты шаршап кеттік біз. Кәне, тұра қалайық, Қимылдасын қол-аяқ. Кірпікті де қағайық,терең демді алайық, Орнымызға отырып, Сабаққа назар салайық. Оқушылар тақпақты жатқа айтады 1). № 5. Ауызша. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оларды шығар. 2). № 6. Тақтада түсіндіріп. Белгісіз санды х-пен белгілеп, теңдеу жаз және оны шеш. Х + 25 = 725 х ∙ 7 = 84 Х = 725 – 25 х = 84 : 7 Х = 700 х = 12 700 + 25 = 725 12 ∙ 7 = 84 1). Жұптық жұмыс. № 7. Тапсырманы орында. Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз. 911, 508, 704, 457, 694, ... 911 – 9 жүздік 1 ондық 1 бірлік. 2). - Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер? - «Геометрия» туралы не білетін болдық? - Периметрді, ауданды қалай табамыз? № 8, 13 бет. Оқушылар күнделіктеріне жазады Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады |
Таратпалар
Суреттер
оқулық |
||
Саралау:-оқушаларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Көбейту кестесін жаттаудың әдісін үйретемін. Ол үшін көбейту кестесіне байланысты таратпа таратамын. Логикалық жұмбақ есептер айтамын. Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? жеткізбесе,неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,неліктен? |
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Оқушылардың білімін анықтау үшін қойылған критерийлерге сай бағалау парақшасына белгілеп отырамын.
.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сергіту сәтін қолданамын.
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген