400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Геометриялық фигураларды түсі мен пішіні бойынша салыстыру» Сабақ жоспары 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтың сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: 26.02.2021

Сыныбы: 1ә – сынып

Пәні: Математика

Оқушылар саны: 2 Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық фигураларды түсі мен пішіні бойынша салыстыру»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімін жетілдіру, геометриялық фигуралардың қасиеттерін, түстерін атап көрсетеді, заттармен ұқсастықтарын көрсету.

Түзету-дамытушылық: Геометриялық пішіндерді (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек) өмірде қолдануды қалыптастыру. Ойлауын, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ауызбіршілікке, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, қалам, презентация, тақырыпты түсіндіруге арналған плакаттар, жабыстыруға арналған пішіндер, ұсақ қол моторикасына арналған тапсырма, геометриялық фигураларды ажыратуға арналған тапсырмалар.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, көрсету, түсіндіру, ойын.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

«Менің көршім» шаттық шеңбері арқылы сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастырамын. Оқушылар көршісіне мінезінің жақсы қасиетін атау арқылы оған қошемет көрсетеді.



ІІ. Негізгі бөлім.

 - Суретте берілген заттарды ата.

  - Суреттегі геометриялық фигураларды ата. Олар қандай түспен боялған?

Picture 3



ІІІ. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма.

«Толымсыз фигуралар».

Оқушыға геометриялық фигуралардың бөліктері (шеңбер, квадрат) бейнеленген суреттермен танысу ұсынылады. Әдістемені жүргізу кезінде нұсқаулық берілді: «Осы параққа қараңыз! Мұнда фигуралардың бөліктері салынған. Толық сурет шығу үшін осылай сал!»

Picture 8



2-тапсырма.

Сәйкес келетін фигураны тауып, сол түспен боя.

Shape1

3-тапсырма.

Заттарды қай фигураға сәйкес екенін анықта..



ІV.Сергіту сәті.

Берілген үйлерді көрсетілген бағыты бойынша штрихта.

Picture 6



4-тапсырма.

Геометриялық фигураларды ажыратуға арналған тапсырманы орында.

Picture 3



5-тапсырма

«Фигураларды анықта».

Оқушыларға келесі нұсқаулықпен бірге бейнеленген суреттер ұсынылады:

«Сіздің алдыңызда 5 сурет қатарымен орналасқан. Сол жақтағы сурет бөлінген, қалған екеуі тік сызықпен бөлінген және одан оң жақта қатар орналасқан төрт суреттің біріне ұқсас. Дәл осындай суретті тезірек тауып, көрсету керек».

6-тапсырма

Түрлі түсті құтыға түстеріне сәйкес заттарды сал.



V. Кері байланыс

Кері байланыс жасауға арналған сұрақтар:

1.Геометриялық фигураларға нелер жатады?

2. Төртбұрышты қалай сызамыз?

3. Шеңбер неге ұқсайды?

4. Өмірде геометриялық фигуралар неге қажет?



VІ. Қорытынды

  1. Біз осы сабақтан не үйрендік?

  2. Қандай жаңа мәліметтер алдық

  3. Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  4. Бүгінгі сабақта Сіз түсінбеген мәселелер болды ма?

- Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!









Жетекшісі: Дефектолог: Ғиниятова Н. Т.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
12.03.2024
575
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12