Сабақтың
тақырыбы: Геометриялық
пішіндер.
Сабақтың мақсаты
: Балаларға бір түсті заттарды
көлеміне сәйкес топтауға, салыстыруға, геометриялық пішіндерді
ажырата білуге үйрету. Ойын арқылы балалардыі ой- өрісін,ойлау
қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде сөздік
қорларын молайту.
Коррекциялық
түзету: Сөздегі дыбыстарды айқын
естіп, дұрыс айтуға үйрету.
Көрнекі
құралдар: Үлгі материалдар: геометриялық
пішіндер, суреттер.
Әдістемелік
әдістер: Түсіндіру, ойын,
сұрақ-жауап.
Әрекет
кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы
күш.
Мұғалімнің
іс-әрекеті: Балалар көңіл- күйлерің
қалай?.
Балалардың іс –
әрекетті: Балалар көңіл- күйлерінің өте
тамаша екенін айтады. Олай болса шаттық шеңберін құрайықшы. Әдептен
озбай бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесіп
алайық.
Үлкенге де
«сіз»,
Кішіге де
«сіз».
Баршаңызға
құрметпен,
Бас иеміз
біз.
Сабақтың
барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
Балалармен амандасып,
түгендеп, сабаққа көңілдерін аудару.
Өткен сабақты еске түсіру:
Балалар біз сендермен өткен сабақтардан 1-5 ке дейінгі сандармен
танысқан болатынбыз. Кәне еске түсірейікші.Балаларды 0 ден 5 дейін,
5 тен 0 ге дейін санатамын.
-Енді «көршілес санды тап»
деген ойынды ойнайық. 34 23 ойын
ойналады.
Жаңа
сабақ:
Мұғалім:
-Бәріміз, бері
қарайықшы.
-Мына, сиқырлы қапшықтың ішінде
неше түрлі пішіндер бар екен. Қане, кім маған пішіндерді атап
береді?.
-Дұрыс айтасыңдар,ұшбұрыш,
төртбұрыш дөңгелек екен.
-Балалар, осы пішіндерді ауада
жасап көрейікші.
-Үшбұрыш, ал мынау төртбұрыш,
ал мынау –дөңгелек.
Тапсырма: «Құстың
ұясы».
Шарты: Қағазды қиып балалар құстарға
ұя жасайды.
Дидактикалық
ойын:«Мынау қай
пішін?».
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап
анықтау арқылы айта білу.
Шарты: «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі
затты ұстап көріп, қандай геометриялық пішін екенін анықтайды,
түсін айтады.
Логикалық
есеп:
Табақта 3
алма.
Қолымда 1
алма,
Қосқанда
барлығын,
Болады неше
алма?,
Тапсырма: «Өз ұяшығына
орналастыру».
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді өз
ұяшығына орналастыру.
Сергіту
сәті:
-Ал енді балалар орнымыздан
тұрайық, сәл демалып алайық.
Ормандағы
аюдың,
Құлпынайы көп
екен.
Теріп- теріп
аламыз,
Қалтамызға
саламыз.
Тапсырма: Кедергілерден
өту.
А) Геометриялық пішіндеріне
қарай.
Ә) Түстеріне қарай
(қызыл,жасыл, сары)
Дәптермен
жұмыс:
Сызғышты қолданып үшбұрыш,
дөңгелек, төртбұрыш геометриялық пішіндерді
салу.
Шырша
құрастыру: Балаларды қатыстыра отырып
,үлгі ретінде шыршаны құрастырамыз.
-
Биназар, үшбұрыштардың ішінен
ең үлкенін алып ең астына қойшы. Енді үлкенірек үшбұрышты алып,
жоғарырақ орналастырады, ең кішкентайын алып оны үстіне қояды.
Сонымен, жұмыс аяқталды.
-Ал қане біз не
құрастырдық?
-
Шырша.
- Шыршаның түсі қандай
?.
-
Жасыл.
Балалар менің сендерге қоятын
жұмбағым бар, соны шешейік:
Тікен- тікен тік
пісте
Қысы- жазы бір
түсте.
Ол не
?
Балалар :
Шырша.
Тапсырма: Геометриялық пішіндерден кез-
келген зат құрастыру.
Сабақты
қорытындылау:
-Балалар, бүгін біз немен
таныстық?.
-Дұрыс айтасыңдар, пішіндер
туралы білімдерімізді кеңейте түстік.
-Пішіндер неше түрлі
болады?.
- Үш түрлі көлемдегі
үшбұрыштан не құрастырдық?.
Мұғалімнің қойған сұрақтарына
толық жауап бере отырып, ұйымдасқан оқу- іс әрекеті
қорытындылайды.
Үйге тапсырма: Геометриялық
пішіндерді бояп келу.
Күтілетін
нәтиже:
Білу немесе хабарлар болды.
Пішіндер туралы жалпы түсінік.
Қалыптасқан әдеті: Пішіндердің
түсін , көлемін ажырату.
Істей
білуі:
Геометриялық пішіндерді
біледі, әр түрлі пішіндер құрай алады.
Оханова Багила Нускабеккызы
, Түркістан облысы Түлкібас ауданы
«Психологиялық-
педагогикалық түзету кабинеті»
Олигофренопедагог