400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

геометриялық пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша ұстаздарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:



Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер елінде»

Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндер туралы түсініктерін тиянақтау, пішіндер жайлы балалардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілетерін, зейіндерін дамыту.
Көрнекі құралдар: геометриялық пішіндер, карточкалар

Полингвалный компонент:  Ұшбұыш – триугольник- triangle

Шеңбер – круг- circle

Шаршы - квадрат - square


Оқу қызметінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық  

қозғаушы


Шаттық шеңбер

Үлкенге де «Сіз»

Кішігеде «Сіз»

Сәлем бердік сіздерге

СӘЛЕМЕТСІЗДЕРМЕ!


Балалар бүгін бізге бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері көмек сұрай келіпті. Олар бауырсақтарының пішіні өзгеріп кеткенін айтып, жабырқаулы келіпті. Сиқыршы бауырсақтың пішінін сыйқырлап тастапты, мына әрбір кейіпкерге тапсырма беріпті, егер осы тапсырманы орындап берсеңдер ғана бауырсақтың пішінін қалпына келтірем деген екен.


Ал, ендеше кейіпкерлерге тапсырмаларды шешуге көмектесемізбе?





Шаттық шеңберді тәрбиешінің айтуымен орындайды.


Келген қонақтарға қуанышты.




Көмектесуге қарсы емес екендіктерін айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

















































Рефлексиялық- 

түзетушілік

Апа мен ата №1 тапсырма

Жұмбақтардың жауабын шеш.

1. Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,
Менің атым-  (дөңгелек)
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
3. Теледидар таныс екен баршаға,
Ал, пішіні ұқсайды ғой (шаршыға).


Жарайсыңдар!


Қоян №2 тапсырма

Геометриялық пішіндерді атау және сипаттау,(дорбада геометриялық пішіндер жатады)

Балалар мынау қандай пішіндер, сендер білесіңдер ме?

Балалар: Төртбұрыш  ( оның төрт бұрышы бар).

Балалар мынау үшбұрыш ( оның үш бұрышы бар).

Мынау шеңбер (ол домалақ болады)    


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық.


Қасқыр № 3 тапсырма

«Ойлан тап» Дидактикалық ойын

Қоршаған ортадан қандайда бір затты атаймын, балалар оның қандай пішінге ұқсайтынын табу керек.


Түлкі №4 тапсырма

Дидактикалық ойын «Сиқырлы пішіндер»
Түлкі өзі ұсынған пішіндерден үй құрастырып беруін сұрайды.


Осымен барлық кейіпкердің тапсырмаларын орындадық. Енді қараңдар бауырсақ негізі қандай геометриялық пішнге ұқсас болу керек.(домалақ бауырсақ шыға келеді)


Сұрақтар қою арқылы қорытындылайды:
- Бүгін бізге қонаққа қай ертегілерінің кейіпкерлері келді?
Олар бізге қандай өтінішпен келіпті?
- Дорбада не бар екен?
- Олардан біз не құрастырдық?
- бүгін орындаған тапсырмаларың өздеріңе ұнадыма?



Жұмбақтардың шешімін табады.











Сұрақтарға жауап береді.













Сергіту сәтін орындайды.







Қоршаған ортадан геометриялық пішінге ұқсайтын заттардың атын атайды.



Алдарында жатқан геометриялық пішінен үй құрастырады.



Шеңбер.






Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі:  Әр  түрлі  пішіндерден заттар құрастыруды, заттардың ішінен түстерді табуды
Игереді: Геометриялық пішіндер, түстер туралы түсінік
Меңгереді: Геометриялық пішіндерді ажырата алуды, салыстыруды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі