400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Геометриялық пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топтарына арналған қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу қызметі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:___ 2019ж. 26. 09

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: _ Геометриялық пішіндер

Мақсаты: Геометриялық пішіндермен таныстыру. Заттарды пішініне байланысты атауға дағдыландыру. Балаларды дұрыс тыңдауға, дұрыс отыруға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбері, жалпылай және жекелей жұмыс, ойын

Қажетті құралдар: Суреттер, карточкалар, қарындаш.

Сөздік жұмысы\Билингвальдік компонент: геометрические фигуры -геометриялық пішіндер, прямоугольник - тіктөртбұрыш, треугольник - үшбұрыш, круг - шеңбер, овал - сопақ.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс –әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Армысың, асыл Күн!

Армысың, асыл Жер!

Армысың, жан досым!

Жылуыма –жылу қос,

Міне, менің қолым.







Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қалдарың жақсы ма?

Онда осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды басталық. Бүгін біз геометриялық пішіндер әлеміне саяхат жасаймыз.


Өлең жолдарын қайталап, соған сай қимылдарды орындайды. Жоғары созылып Күнмен амандасады, төмен иіліп жермен амандасады, бір –бірлерінің қолдарынан ұстап жылуларымен бөліседі.



Сәлеметсіз бе!

Жақсы.

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Жақсы, бүгін біз осы сендер білетін геометриялық пішіндерді қазақша атап үйренеміз.

«Тыңда, қайтала, көрсет»

Мақсаты: балалардың жаңа сөздерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Шарты: мұғалім көрнекілік арқылы геометриялық пішінмен таныстырады. Сөздік жұмысын жүргізеді.Балалар тыңдайды, қайталап айтады, алдарындағы пішіндердің ішінен сол пішінді тауып көрсетеді.

«Қай геометриялық фигура жоқ?» ойыны

Мақсаты: балалардың есте сақтау, ойлау, көру қабілеттерін арттыру.

Шарты: мұғалім тақтада қойылған пішіндерді балалардың көзін жұмғызып, кезегімен жасырады. Балалар көздерін ашып жоқ пішінді атайды.



Карточкамен жұмыс.

Қандай геометриялық фигура жетіспейді, толықтыр. Осындай мағынадағы түрлі карточкалар.

Shape1



Shape2

Shape3

Shape4

Shape5

Shape6




Shape7



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

Аяқтармен топ – топ басып,

Орнымызға барамыз.



«Пішіні бойынша заттарды топта» ойыны

Мақсаты: балалардың ойлау, айыра білу қабілеттерін арттыру.

Шарты: балалар төрт топқа бөлінеді. Алдарында пішіндердің суреттері салынған конверттер мен суреттер. Балалар суреттерді пішініне байланысты конверттерге топтап салады.

Балалар сұраққа жауап береді.





Жаңа сөздер үйренеді.















Ойын ойнайды. Ойын барысында күтілетін жауаптар:

Шеңбер жоқ.

Үшбұрыш жоқ.

Шаршы жоқ.

Тіктөртюұрыш жоқ. т.б.







Алдарындағы карточкаларында жетіспейтін геометриялық пішіді салып толықтырады, атайды.





Сергіту сәтін орындайды.















Заттарды пішіні бойынша топтайды.











Рефлекциялық-түзетушілік

Сұрақтар қою:

  1. Бүгін біз сабақта не жайлы үйрендік?

  2. Геометриялық пішіндерді атаңдар.

  3. Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Геометриялық пішіндер туралы түсініктері бар, геометриялық пішіндерді қазақша атауды біледі;

Сөздерді байланыстыра сөйлеуді игереді.

Күнделікті қолдану дағдыларын меңгереді.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
1132
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі