400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Геометриялық пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ











Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»


Мектепалды даярлық тобы.








Тәрбиеші:Қ.Т. Абдрахманова.



2017-2018 оқу жылы.











Тақырыбы

Геометриялық пішіндер

Сабақтың мақсаты

Жаңа білімді түсіндіру, алған білімін өмірде қолдана алуға бейімдеу.


Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат, слайд т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Шаттық шеңбері. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.
Тәрбиеші: – Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, сондықтан балалар шуағын төккен «күнмен», «мейірімді аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық:
Сәлем деймін достарға
Сәлем деймін құстарға.
Сәлем деймін құрдасқа,
Сәлем деймін ұстаздарға..


Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


 Балалар математика Патшайымнан хат келді, оны Патшайымның достары Дөңгелек пен Үшбұрыш әкеп менің қолыма берді.(тақтайға пішіндердің бейнесін ілу)
- Геометриялық Пішіндер қаласында қиын жағдай болыпты – сол қаладағы компьютерлік желіге вирус түсіпті дейді. Ол құпия сөзді ұрлап алыпты. Компьютерлердің бәрі тұрып қалған, керекті ақпараттарды көрсетпейтін көрінеді.Егер біз осы вирустың тапсырмаларын орындасақ ғана ол бізге құпия сөзді беретін көрінеді. Бірақ қу вирус құпия сөзді тек буындарға бөліп жібермекші сондықтан сол үшін бізге 4 тапсырмасын жолдапты әр дұрыс орындалған тапсырма сайын әр буынынбізге жіберіп отырады. Ал кейін біз сол құпия сөзді патшайымға жіберуіміз керек. Қалай көмектесеміз бе? Олай болса тезірек асығайық. Геометриялық Пішіндер қаласына поезбен баруды ұсынамын. Ол үшін, поезды алдарындағы жатқан үлкен геометриялық пішіндерден құрастырып алайық.

- Міне дайын, поезд құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық. Ал тез вагондарға орналасайық. Сақ болыңыздар, есік жабылды, поезд жолға шықты.
- Балалар жолда ішіміз пыспас үшін сендермен «Сұрақ-жауап» ойынын ойналық, жауабын ауызша емес, карточкамен көрсетеміз.
Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»
Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Әр баланың алдында 1-ден 10-ға дейін цифрлар.
1. кемпірқосақта неше түс бар? (7)
2. бағдаршамда неше көз бар? (3)
3. қолғапта неше саусақ бар? (5)
4. адамда қанша көз бар? (2)
5. жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6. аспанда неше күн бар? (1)
7. бір жылда неше ай бар? (12)
8. бір аптада неше күн бар? (7)
9. адамда қанша саусақ бар? (10)
- Балалар, міне біз аялдамаға келдік. Бұл көңілді пішіндердің қаласы.Ең алдымен сендерге мен геометриялық фигуралар туралы түсініктеме беріп өтейін (Тақтаға әр түрлі түсті пішіндерден салынған үйлер, ағаштар ілінген).

1 - тапсырмамыз: «Салыстырып толықтыр» ойыны. Кейбір геометриялық фигуралар жоғалып қалыпты, біз оларды тауып орындарына орналастыру керекпіз. Ол тапсырма орындау үшін алдарыңдағы қызыл үшбұрышы бар конвертті алыңдар, ішіндегі карточкадағы тапсырманы орындап, бір-біріңді тексеріңдер.
Мақсаты: талдау арқылы пішіндерді орналастыру, пішіндер туралы білімдерін бекіту.

Керемет балалар құпия соөздің бір бөлігі шықты «ЖА»

Мұнда көңілді болғанымен біздің уақытымыз жоқ, кетуіміз керек, сондықтан бізге тапсырмаларды орындауға қажет.
2-тапсырма: «Сиқырлы пішіндер»


Пішіндерді пайдалана отырып қиялдарын көрсету ( үй , мысық, шарша т.б)
Мақсаты: пішінін бір сипаттамасын терістеу мүмкіндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, пішіндерді бір сипаттамасы арқылы топтастыру.


Өте жақсы міне екінші буыны шықты

РАЙ

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Күн мен түн».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.

Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

3-тапсырма: Бұл тек топ басшыларына арналған « Денсаулық жолдарымен» жүрейік. « аяқ табанының массажы»

Тапсырма:          Түс пен пішінді ажырата білу.

                              Сары шеңберге секір.

                              Қызыл төртбұрышқа аяқ қой.

                              Көк ұшбұрышты атта.

- Балалар, керемет!

-Үшінші буыны СЫҢ


-4 тапсырма «Шартты белгілеушілер» ойыны

Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді мына жасалған кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық! Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемшелер жасадыңдар.

Енді мен осы толықтай құралған құпия сөзіміз қандай екен?

  • Иа, ЖАРАЙСЫҢДАР

суретке түсіріп электрондық пошта арқылы математика патшайымына жіберемін. Егер ол біздің жіберген кілтіміз арқылы есігін ашатын болса, телефон арқылы хабар жібереді. Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді


(телефон шырылдайды).
- Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін.

-Шаршадық па балалар?

-Патшайым бізге тік ұшақ жіберіпті сонымен қайтайық. Кәне орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық. Міне қондық.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Өте керемет! Қане кері байланыс жасап жіберейік.











Білу

Алған білімдерін естерінде сақтайды.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Математикалық тапсырмаларды орындай алады.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі