400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Геометриялық пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бөлімі бойынша ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Геометриялық пішіндер


Алтынай Токтаганова І санатты тәрбиеші

«Ғарышкер» балабақшасы Маңғыстау обылысы,

Қарақия ауданы. Жетібай ауылы.


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика

Тақырыбы: Геометриялық пішіндер

Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы білімдерін тереңдету. Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой – өрісін кеңейту. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: шаттық шеңбері, сұрақ – жауап, түсіндіру, сергіту.

Көрнекіліктер: Мозайкалар, түрлі түсті қағаздан қиылған пішіндер, таяқшалар, слайд тақта.

Оқу қызметінің кезеңдері


Педагогтің іс - әрекеті


Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

1.Ұйымдастыру.

Сәлем бердік, алтын күн!

Сәлем бердік, ашық аспан!

Сәлем бердік, жер –ана!

Сәлем бердік баршаңа!

Шаттық шеңбері.

Балаларды екі топқа «Қызғалдақ», «Жауқазын» топтарына бөлу, топбасшыларын сайлау.


Амандасады.




Шеңберге тұрып бір – біріне жылы лебіздерін айтады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

2.Өткенді қайталау.

Слайдтан геометриялық пішіндерді (сопақша, дөңгелек, текше, тіктөртбұрыш, үшбұрыш).




1 тапсырма – Нүктелерді қосу.



2 тапсырма - Заттарды санау, таяқша арқылы көрсету.

3 тапсырма – «Моншақты тізу» жапсыру.




Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста,

Емін – еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қол босқа тұрмасын.

4 тапсырма – Санды бояу. Тура және кері санау



5 тапсырма - Мозайкадан пішіндер жасау.


6 тапсырма – Логикалық сұрақтар.

Айшада екі өрік,

Сәуледе бір өрік.

Барлығын қосқанда,

Болады неше өрік?


Әлиханда екі алма,

Әлімжанда бір алма.

Санашы, санашы

Барлығы неше алма?


Бір торда үш тотықұстан болса, екі торда қанша тотықұс болады?

Бөлменің төрт бұрышы бар, әрбір бұрышта 1 мысықтан отырса, барлығы неше мысық?

Топбасшылар сайысы.»Нешеу?» деген сұраққа жауар береді.

«Қызғалдақ» тобының топбасшысына:

1.Аспанда күн нешеу?

2.Бағдаршамның көзі нешеу?

3.Жыл мезгілдері нешеу?

4.Сенің көзің нешеу?

5.Құстың қанаты нешеу?

6.Жаз айлары нешеу

«»Жауқазын» тобының топбасшысына:

1.Көліктің дөңгелегі нешеу?

2.Кемпірқосақтың түсі нешеу?

3.Бір қолда саусақ нешеу?

4.Бір аптада неше күн бар?

5.Отырғыштың аяғы нешеу?

6.Аспанда неше ай бар?

Топтардың ұпай сандары саналып, «аз», «көп» деген баға беріледі.

Сопақша,дөңгелек, текше, тіктөртбұрыш, үшбұрыштың аттарын атайды.

Балалар екі топқа бөлінеді.

«Қызғалдақ», «Жауқазын».

Балалар белгіленген нүктелерді қосады. Қандай пішін шыққанын айтады.

Заттарды санайды және таяқша арқылы көрсетеді.

Берілген геометриялық пішінді белгіленген сызықтың бойымен жапсырады.


Өлең жолдары бойынша қимыл жасайды.






Белгіленген сандарды бояйды. Оларды тура және кері санайды.

Мозайкадан пішіндер жасайды.

Балалар жауап береді.


-3 өрік.





-3 алма.




-6 тотықұс


-4 мысық.


Топбасшылар жауап береді.


-Бреу.

-Үшеу.

-Төртеу.

-Екеу.

-Екеу.

-Үшеу.


-Төртеу.

-Жетеу.

-Бесеу.

-Жетеу.

-Төртеу.

-Бреу.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Балалар, сонымен біз геометриялық пішіндерді еске түсірдік. Айналамызда, қоршаған өмірде барлық нәрсенің өз пішіні бар. Күн – дөңгелек, терезе – төртбұрыш, шатыр – үшбұрыш т.б.

10 – ға дейін тура және кері санай білесіңдер.

Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге.





Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек:Геометриялық пішіндерді ажырату, тура және кері санай білуді.

Қандай түсініктерді игереді:Айналадағы пішіндерді ажырату, пішіндерді кезектестіріп жапсыру, нүктелерді қосу.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ұжымдасып жұмыс жасай білу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
596
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі