ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
ШОТ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: Геометриялық пішіндер

Мақсаты : Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Дидактикалық ойындар арқылы ой-өрісін, ойлау   қабілетін дамыту, тіл байлығын жетілдіру. Бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.Өзін жеке тұлға ретінде сезініп,берілген тапсырманы орындап,өз ойын еркін айтуға жетелеу Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: слайд, әр түрлі пішіндер

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу - ояту

Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.

Балалар бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, қане амандасайық.
- Балалар, бәріміз ортаға шығып ,шаттық шеңбер жасайық.

Шаттық шеңберге тұру.


Армысың ,алтын күн!

Армысың ,көк аспан!

Армысың ,туған жер!

Армысың ,жан досым !

Жылуыма жылу қос

Болайықшы бірге дос


Ұйымдастыру- іздену

- Балалар, біз өткен Ұ.о.қ -де геометриялық пішіндер дерді өткенбіз.

Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

Жарайсыңдар ,балалар ! Енді бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде ғажайыпстанға саяхатқа барамыз.

Бірақ біз өзіміз барсақ көңілсіздеу болады, өзімізбен бірге достарымызды ала кетейік. (Экраннан үзінді)

Балалар, Аяжан мен Қайсардың сұрақтарына біз жауап берейік. Білімпаз ата риза болсын!






Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш

Рефлекстік түзету

Мен сендерге жұмбақ жасырамын.

1.Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, 
Менің атым- (дөңгелек)

Дөңгелек- дөңгелектің түсі қандай? Ол неге ұқсайды?
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, 
Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш) Үшбұрыш- үшбұрыштың 3 бұрышы бар, ол неге ұқсайды?

3.Теледидар таныс екен баршаға, 
Ал, пішіні ұқсайды ғой (шаршыға). 
Шаршының неше бұрышы бар?
 Төрт бұрышы бар. Ол неге ұқсайды ?

Үшбұрыш пен шаршы домалай ма? .

Ал, енді балалар ойын ойнайық.

Д/о: «Құстарға үйшік »

ТShape1 аратылып берілген геометриялық пішіндерден «Құстарға үйшік» құрастырамыз. Жарайсыңдар балалар!

Shape2 - пен ұяның несін құрастырдыңдар.

Shape3 - пен ұяның несін құрастырдыңдар

- пен ұяның несін құрастырдыңдар



Д/о: «Айырмашылығын тап ?»

Ойынның шарты: 2 суреттің айырмашылықтарын табу


Сергіту сәті

Д/о: «Пішіндерді толықтыр»

Тапсырма: Адасқан кішкентай пішіндерді сәйкес ойықтарға салу.
Күтілетін нәтиже. Түсті , пішінді ажыратады. Сәйкестікті табуға дағдыланады.

Сергіту сәті

Д/о: «Сиқырлы пішіндер ?»
Ойынның шарты:
пішіндерден берілген заттарды құрастыру (шырша, қайық,аққала, балапан)
Жарайсыңдар , балалар !
Балалар , бүгінгі ұ.о іс-

әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге Білімпаз аталарың риза болып, сыйлық беріп жіберді.
Балаларды мадақтап, әр түрлі пішіндегі тәттілер тарату.




Мысалы: сағатқа, машинаның дөңгелегіне, күнге т.б.

Мысалы: үйдің шатырына, айыр қалпаққа т.б.

Мысалы: кубикке, сағатқа ,тақтаға теледидарға т.б

Домаламайды. Себебі оның бұрыштары кедергі жасайды












Балалар жарыса құстарға ұя құрастырады.

Үшбұрыш үйдің төбесі

Шаршы үйдің денесі.

Дөңгелек үйдің терезесі.


Сергіту сәті


Буги,буги билейміз

Айналамыз тағы біз

1,2,3

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Енді екеуін қосайық

Соғып,соғып алайық


Буги,буги билейміз

Айналамыз тағы біз

1,2,3

Оң аяқта бес башпай

Сол аяқта бес башпай

Енді екеуін қосайық

Соғып,соғып алайық







Күтілетін нәтиже :

Білді : Геометриялық пішіндер, түстер туралы түсінік 

Игерді: Г еометриялық пішіндерді ажырата алуды, салыстыруды

Меңгерді: Әр түрлі пішіндерден заттар құрастыруды, заттардың ішінен түстерді табуды 









































Мақсаты: Бүлдіршіндердің білім  қабілеттерін  тексеру. Ойын арқылы ойлана білуге жаттықтыру. Ойлау қабілетін , сөздік қорларын молайта отырып, ұйымшылдыққа баулу , шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, балаларды ойын міндеттерін орындауға және ойын ережелеріне бағына білуге үйрету;

Көрнекілік: слайд, шарлар, суреттер

Құрметті  ұстаздар, бүлдіршіндер. Бүгінгі    шағын топ бүлдіршіндерінің ең  алғашқы  «Ойнайық  та, ойлайық!» атты  сыныптан тыс сайысына қош келдіңіздер.

Сайысқа қатысушы 3 топпен таныстырып өтейін.


І топ - «Сұңқар»тобы

ІІ топ - «Байтерек»тобы

ІІІ топ - «Қыран» тобы

Сайыскерлер, бүгінгі  алғашқы  қадамдарыңызға  гүл  бітсін! Осы  сайыста  өз  білімдеріңізбен   биік  шыңға  жетулеріңізге  тілектеспін.

Бүгінгі ойынымыздың шартымен таныс болайық.

Сайыс  шарттары:

  1. Көп ойла, тез ойла !

  2. Не қайда жасырынған?

  3. Кім жылдам?

  4. Бұл қай мезгіл?

  5. Артық затты тап?

  6. Өз үйіңді тап!

  7. Ертегілер кейіпкерлері қонақта

  8. Дәмін татып, анықта

Әділқазылар алқасымен таныстыру

Әр топ өз ұрандарын айтады. 

1-кезең.  Көп ойла, тез ойла !

Бұл  белесте  сұрақтар қойылады.  Ойланып жауабын  айтады.

2 –кезең «Не қайда жасырынған?»

Ойынның шарты: балалар құмыраның ішіне тығылған , құмыраның артына тығылған аңдарды табады. Суретте аңдардың құлағы мен құйрығы көрсетілген.

Біздің күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшаңдық та қажет.

3 - кезең. Кім жылдам?

Бұл  бөлімде  сайыскерлеріміз  қиылған суреттерді құрастырып,   құрастырылған аңдар бойынша тақпақтар айтады.



4 - кезең. Бұл қай мезгіл ?

Бұл бөлімде сайыскерлерге жұмбақ жасырылады. Жұмбақты шешіп, жасырынған жыл мезгілі бойынша білетін тақпақтарын айтады.

- Балалар кім айтады бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- 4 жыл мезгілі бар.
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса мен қазір сендерге жұмбақ өлең айтамын, сендер қай мезгіл екенін табыңдар?
1. Күн ұзарып,
Қар еріп,

Су сайларға толады. (көктем)

2. Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран борап соғады.
(қыс)
3. Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады.
(күз) 4. Күндер ысып,
Шөп пісіп,
Ел пішенін орады.
(жаз)

5 - кезең. Артық затты тап?

Бұл ойында балалар суреттегі артық заттарды табады.

6- кезең. «Өз үйіңді тап!»

Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті шарлар.
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-түсті шарлар тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар шарларының түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.



7- кезең. Ертегілер кейіпкерлері қонақта

8- кезең «Дәмін татып, анықта» (топ басшысы сайысы)

Бұл ойында топ басшылары ортаға шақырылып, көздері байланады. Себеттен жеміс алып, дәмін татып, атын атайды. Оны тез тауысып қою керек.

Енді сөзді әділ қазылар алқасына берейік.

Сайыскерлерді  марапаттау.

Осымен  бүгінгі  сайысымыз  аяқталды.  Келгендеріңізге көп-көп рахмет.






































Білім беру саласы: қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: көркем әдебиет

Тақырыбы: Мақта қыз бен мысық

Мақсаты : Ертегілер туралы білімдерін күшейту.Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу

Көрнекілік: слайд, суреттер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу - ояту

- Балалар ,дөңгелене тұрып,шаттық шеңбер құрайық

-Бір –бірімізге жақсы лебіздер тілейік


Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Күніміз жарқырасын !

- Денсаулығымыз мықты болсын!

Ұйымдастыру- іздену

- Балалар, енді бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қараңдар.
Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме?
Қандай ертегілерді білесіңдер?

Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, білеміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.Үнтаспадан «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тыңдатып, ертегінің желісі бойынша слайд көрсету.

Балалар ертегі ұнады ма? Ертегі бойынша сұрақтар қою

Сергіту сәті


ия



Бауырсақ, Шалқан т.б







Ұнады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Рефлекстік түзету

Көлбең-көлбең көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем,

Мысық қалай жүреді

Кім көрсете біледі?

Мысық қайда тұрады?

Мысық қалай дауыстайды?

Қане,бәріміз мысық сияқты дауыстайықшы.




Балалар мысықтың жүрісін келтіріп жүреді.


Үйде

Мияулайды

Мяу-мяу



Күтілетін нәтиже :

Білді : Мысық - үй жануары

Игерді: «Мақта қыз бен мысық » ертегісін

Меңгерді: Мысық - адамның досы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
624
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі