Білім беру саласы: Таным
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Мақсаты: Балаларға өздеріне таныс дөңгелек, шаршы
және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір бірінен ажырата
білуге үйрету.
Міндеттері: Геометриялық пішіндерді ажырата
білуге үйрету.
Айырмашылығын және ұқсастығын ажырата білуге
үйрету.
Ой қабілеттерін дамыту.
Мұқияттылықты тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: көрсету, түсіндіру, үйрету, ойын,
сұрақ жауап.
Көрнекіліктер: суреттер
Мотивация:
Шаттық
шеңбер
Тәрбиеші: Кәне, балалар,
шаттық шеңберге тұрамыз
Қуанамын мен
де,
Қуанасың сен
де,
Қуанайық
достарым
Арайлап атқан
күнге
Бәріміз бері қарайықшы. Бүгін
бізге сиқырлы хат келіпті. Сиқырлы хатты ашсақ ішінен не шығар
екен?
- Сиқырлы хаттың ішінде неше
түрлі пішіндер бар екен. Қане, кім маған пішіндерді атап
береді?
- Дұрыс айтасыңдар, үшбұрыш,
төртбұрыш, дөңгелек екен.
- Балалар, барлығымыз ауада
осы пішіндерді ауада жасап көрейікші.
- Үшбұрыш, ал мынау –
төртбұрыш, ал мынау – дөңгелек.
Балалар, міне дөңгелек. Ол
неге ұқсайды? (Допқа)
Дұрыс, допқа ұқсайды және
көліктің доңғалағына. Қараңдаршы: дөңгелек
домалайды.
- Ал мынау ұшбұрыш. Ұшбұрыш
неге ұқсайды? ( Пирамидаға, үйдің шатырына).
Балалар, сендер білесіңдер ме,
Ұшбұрышты неге ұшбұрыш деп атаған? Ұшбұрыштың ұш бұрышы бар. Кәне
санаймыз: бір, екі, ұш. Ұшбұрыш домалай алмайды, өйткені бұрыштар
бөгет жасайды.
- Ал мынау пішін: шаршы.
Терезеге немесе үйге ұқсайды. Шаршының төрт бұрышы бар. Олда
домалай алмайды, өйткені шаршының да бұрыштары бөгет
жасайды
Ал ендеше балалар барлығымыз
бірге геометриялық пішіндерге байланысты ойындар
ойнайық.
Шарты: 3 топқа үш түрлі
тапсырма беріледі
Бірінші топ: Түстеріне
байланысты пішіндерді орналастыру
Екінші топ: жетіспеген
бөліктерін орналастыру
Үшінші топ:
Жарайсыңдар балалар сендер
тапсырманы өте тамаша орындап шықтыңдар
Барлығымыз орнымыздан
тұрып,сергіту жаттығуын жасайық
Бойды сергек тік
ұста
Емін еркін
тыныста
Деміңді ішке тез
алда
Оң қолыңды соз
алға
Қол ұшына
қарада
Үш бұрыш сыз
ауада
Сол қолың да бос
тұрмасын
Шеңбер жасап
тынбасын.
Ал енді логикалық сұрақтарға
жауап беріңдерші.
1) Үшбұрыштың неше бұрышы
бар?
2) Дөңгелекте бұрыш бола
ма?
Д\о: Суреттерге қарап
пішіндерді ажырату
Рефлексивті –
түзетуші
- Балалар, бүгін біз немен
таныстық?
- Дұрыс айтасыңдар, пішіндер
туралы білгендерімізді кеңейте түстік.
Күтілетін
нәтиже:
Білуі: Балалар
геометриялық пішіндерді ажыратып, айыра біледі
Меңгеруі: Заттардың қандай
пішіннен құралатынын меңгерді.
Жасай алуы. Үлестірмелі
материалдардан берілген тапсырманы өз бетінше орындай
алады.