Геометриялық пішіндер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Геометриялық пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
"Геометриялық пішіндер" атты сабақ жоспары 1-сынып мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «№12 ЖББОМ» КММ Күні: Мұғалімнің аты-жөні:: Жаппарова А.Ж

Сынып: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

3.1 Геометриялық пішіндер


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру


Сабақтың мақсаты

Барлығы: Жазық фигуралардың қабырғаларын өлшейді, салыстырады.


Көпшілігі: Геометриялық пішіндердің ұқсастығы мен ерекшелігін топтастыра алады.


Кейбіреулер: Кеңістік фигуралардан жазық фигура шығатынын анықтайды.




Бағалау критерийі

Жазық фигуралардың қабырғаларын өлшеді, салыстырды;

Геометриялық пішіндердің ұқсастығы мен ерекшелігін топтастырды;

Кеңістік фигуралардан тәжірибе арқылы жазық фигура шығарып анықтады.

Тілдік мақсаттар

Оқылым: жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) танысады.

Тыңдалым: Топтық жұмыстарда басқалардың айтқандарын тыңдап, өзі саралап қорытындылайды

Айтылым: Топпен жұмыста тақырыпты бір - біріне түсіндіру арқылы білім жинақтау.

Жазылым:топтық, жеке жұмыста берілген тапсырмалар бойынша дәптерлеріне жазып отырады

Құндылықтарға баулу

- қарым-қатынас жасау қабілеті;

- жауапкершілік;

- зерттеушілік;

- ынтымақтастық;


Пəнаралық байланыс

Көркем еңбек

Алдыңғы білім

1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау;


САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

«Жүректен-жүрекке » психологиялық тренинг арқылы бір-біріне жылы сөздер айтумен сабақ басталады


Үй тапсырмасын «өрмекшінің торы» әдісі арқылы сұраймын.

Орындалу алгоритмі:

Мен жіптің басын ұстап , оқушыдан үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қоямын да, жауап берген оқушы келесі оқушыға жіпті беріп жалғастырады. Осылайша  үй тапсырмасы сұралады.

(ҚБ)

Қолдау, қолпаштау” әдісі. Тамаша! Жарайсыңдар!







жіп







Сабақтың ортасы






















1. Тәжірибе жасау:

(Т)

 Топтарға тапсырмалар беріледі

Тапсырмалар:

1. Конус , пирамида, паралепипед сияқты кеңістік фигураларын беріп, ақ қағазға табанын сызғызу

2. Шыққан фигураны қиып алу

3. Суретін салған фигурамен салыстыру

Оқушылардан не байқағанын сұрау Көргендері бойынша қорытынды жасату. Конустың үстел үстінен жоғары тұрғанын, оның тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын бақылау арқылы қорытынды жасатқызу. Сондықтан конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айтамын.

Олардың негізгі айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, қорытынды жасау.

Оқушылардан тағы да қандай фигура арқылы дөңгелекті салуға болатынын сұраймын. Жауаптарын айтқызып, олардың дұрыстығын тексеруді ұсынамын. Оқушылар шар мен цилиндрді айтуы мүмкін. Цилиндрді қолданып, тәжірибені қайталап көруге болады және сызғаннан пайда болған дөңгелекті көрсетемін. Ал шарды бастырып сызудың мүмкін емес екенін, бірақ ол да кеңістік фигурасына жататынын айтып қорытындылау. Сонымен шар мен цилиндр — кеңістік фигуралары, ал дөңгелек — жазық фигура екеніне тәжірибе арқылы көз жеткізеді.

2. Орындап көр. Берілген тапсырмада оқушыларға айналасын зерттей отырып, пішіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды табуды ұсынамын.

3. Шығарып көр. Оқушыларға тапсырмада көрсетілген суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құрайтынын анықтайды. Тапсырманы орындау барысында оқушыларды кеңістік және жазық фигуралар туралы алған білімдерін талдай біледі.

Дәптермен жұмыс:

Фигураларды топтастыр. Тапсырма фигуралардың типтерін ажырату дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар фигураларды топтарға бөліп, әр топты өзіне тән тұйық сызықпен айналдырып сызу керек.

Фигуралар мен заттардың пішіндерін салыстыр. Тапсырма оқушылардың қандай жазық геометриялық фигура берілген заттың бейнесіне сәйкес келетінін анықтай білу дағдысын тексеруге арналған. Оқушылар кеңістіктегі заттың пішінінің жазық геометриялық фигураның қайсысына сәйкес келетінін анықтап, фигураны заттың түсіне сәйкес бояумен бояуы тиіс.

Қосымша тапсырма: Сіріңке таяқшалары мен ермексазды пайдаланып, жазық фигураларын жасау.

(ҚБ)

Топтар бір-бірін «От шашу» әдісімен бағалайды.







А4 қағазы,

қайшы,

фигуралар













Сабақтың соңы

Кері байланыс беру «Табыс сатысы »

«Рефлексиялық шеңбер» әдісі сұрақтарына жауап

- Осы сабақ барысында көңіл- күйің қандай болды? Неліктен?

-Бүгін сабақта сен нені үйрендің ? Сен үшін не жаңалық болды?

бойынша не білдің ?

-Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың?





«Табыс сатысы» кері байланыс парақшасы

«Рефлексиялық шеңбер» сұрақтары жазылған парақшалар

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау


Тапсырмаларды іріктеу, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, материалдар мен ресурстарды әзірлеуде оқушылардың жеке қабілеттерін ескеруді қамтиды.

Қолдау ретінде тапсырманың орындалысы туралы

бағыт- бағдар беріледі.

Оқу ортасында тәжірибе жасайды, орындап көр, шығарып көр тапсырмаларын орындайды. Фигураларды топтастырып, салыстырады және мұғалім толықтырады.



Shape1







Бағалау критерий бойынша тапсырмалар дескрипторлары бойынша ҚБ жүргізіледі.


Оқушылар бір -біріне кері байланыс береді және бағалайды.


Қалыптастырушы бағалау түрлері арқылы:

Қ/Б: «Қолдау», «Өрмекші торы»,

«Отшашу » әдісі, «Рефлексиялық шеңбер» әдісі.


Сабақта үнемі түрлі әдістермен бағаланып отырады, қажеттілігіне қарай ілгері жылжу үшін , сенім білдіру бағдар беру қолпаштау әдістері қолданылыды.











Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар денсаулығына зиян келтіретін заттар қолданылмайды.


Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары негізге алынады.


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма? Иә.

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Иә.

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

  • Егер сабақ мақсатына жетпеген болса, оқытудың белсенді тәсілдерін дұрыс таңдамауында әрі

  • тапсырмалардың мақсаттарға бағытталмауында деп ойлаймын. Оқушылардың сол күнгі көңіл- күйлері

  • мен сабаққа дайындықтары, қызығушылықтары , жауапкершіліктері де әсер етеді.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Иә. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар бойынша оқушы білімін

саралау негізге алынды.

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Иә.

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен? Жоқ.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. «Өрмекші торы » әдісі.

2. «Рефлексиялық шеңбер» әдісі


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Сабақта тапсырмалардың уақытын қадағалап, оқушының жұмыс жылдамдығын қадағалау (әрдайым)

2. Нәтижесінде барлық оқушылар өзара бір - бірін бағалауға сабақта жүзеге асыру.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары

туралы нені анықтадым, келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?

Келесі сабақта алдыңғы сабақта кеткен кемшіліктерді қалпына келтіруге назар аудару қажет.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2018
1671
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі