400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Геометриялық пішіндер әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиеленушідерінің іс-әрекет қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы

Кербұлақ ауданы

«Ай-Сана бөбекжай балабақшасы» .













Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер әлемінде»

МАД тобы









Логика жетекшісі: С.М.Тойлыбаева.







2022-2023 оқу жылы







Тақырыбы: Геометриялық пішіндер әлемінде
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тексеру. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету. Заттардың кеңістіктегі орналасу орнын айта білуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін арттыру.
Қолданылатын материалдар: Сиқырлы қалта, геометриялық пішіндерге ұқсас заттар, тапсырма орындау үшін қағаз, қарындаш, геометриялық пішіндер әр балаға, үлгілер.

II кезең
Ұйымдастыру - іздену Балалар бізге келген бүгінгі қонақтармен амандасып алайық!
Балалар қонақтармен амандасады.
Шаттық шеңбер.

Кел достарым, келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер .

Шаттық толы шеңберге ,

Қуанышпен еніңдер.

Толтырайыққа шаттыққа ,

Дөңгеленген шеңберді.
Бір дыбыс естіледі.
Тәрбиеші балалардың назарын үстел үстіндегі сиқырлы қалтаға аударып:
«Балалар дыбыс осы қалтадан шығып жатқан сияқты. Қанеки балалар қалтаға қолымызды салайық қалтадан қолыңа түскен заттың не екенін қолыңмен сипап біліп бізге айтасың. Сиқырлы қалтадағы қалған геометриялық пішіндерді басқа балалар да алады да, бір қатарға орналастырады. Ал енді балалар, біз геометриялық пішіндерді санап шығайық.
Балалар біз геометриялық пішіндерді қалай санадық?
Енді қалай санауға болады?
1 - ден 4 - ке дейін тура және кері санау.

Д/ойын:Шеңбер дегеніміз не?
Біздің тобымыздың ішінде шеңберге ұқсас заттарды атаңдар.
Шеңбердің бұрышы бар ма?
Ендеше балалар орнымызға отырып, достарымызға шеңберді қалай сызу керектігін көрсетейік. Бізге шеңберді сызу үшін көмекке қалам келіпті:
Қаламды қайсы қолға ұстау керек?
Ал енді балалар алдарыңдағы қағазды сол қолдарыңмен басып, қағаздың сол жақ бөлігіндегі салынған затты санап, оң жақ бөлігіне сонша шеңбер саламыз. Балалардың жұмысы. Тәрбиеші қиналған балаға жеке көмек көрсетеді. Енді жанымызда отырған достарымыздың жұмысын тексеріп шығамыз.

Ал енді балалар орнымыздан тұрып, шеңбер құрайық:
Айтыңдаршы үшбұрышқа ұқсас заттарды білесіңдер ме?
Ойын: «Күн мен жаңбыр»

Ойынның мақсатымен таныстыру.
Бұл ойында барлығымыз неге үшбұрыш деп атаймыз?
Ендеше құстарым мұқият тыңдаңдар, Мен қазір, «Күн шықты!» - деген кезімде сендер не істеулерің керек?
- Жаңбыр жауды деген кезде не істейсіңдер?
- Жарайсыңдар
- Үйдің шатыры неге ұқсайды екен?
Көк аспанға қараймын(қолды көлегейлеп аспанға қарау)
Кеткен құсты санаймын (саусақпен санау)
Үшбұрыш боп тырналар(үшбұрыш етіп төбесіне қолын ұстау)
Жылы жаққа оралар! (қанаттарын қағып, айналып ұшу)
Д/ойын: «Жоғары, төмен»
Ал, балалар орнымызға отырайық! Алдымыздағы қағаздағы сызыққа мән берейік, қағаздың ортасынан бөлінген

Сондықтан қағаз екі бөлімнен тұрады.
Қане кім, осы бөліктерді атайды?
Балалардың жұмысы. Жеке көмек.

Д/ойын: «Есте сақтау қабілетіне арналған» Үлгіге қарап геометриялық пішіндердің орналасуын мұқият көріп алып, есінде сақтағанын қағаз бетіне қойып шығу. Үлгіге қарап өз жұмыстарын тексеру. Геометриялық пішіндерді қай жерге орналастырғанын өз бетінше айта білуге ынталандыру.
Сәлеметсіздер ме!
Санамақты саусақтарын дұрыс көрсетіп, барлығы бірге сөзіне сай жатқа айта білді.

- Иә, білгіміз келеді.
Сиқырлы қалтаны көріп, ішінде не бар екенін білуге қызығушылықпен келісті.

- Біз пішіндерді тура санадық.
- Кері санауға болады.

Алма, доп, апельсин, мандарин, Бағдаршамның көздері, Шәйнектің қақпағы, Машинаның доңғалағы, Шкафтың тұтқасы, шарлар,
Шеңбердің бұрышы жоқ, ол дөңгелек, домалап та кетеді.

- Қаламды оң қолмен ұстау керек.
Берілген тапсырманы тыңғылықты орындауға тырысты.

- Ия, үйдің шатыры, шырша, қайтқан құстар т. б.
- Үш бұрышы болғандықтан

- Құстарға
- Сыртқа ойнауға, серуенге шығу керек.
- Жаурамас үшін үйге кіреміз.
- Үйдің шатыры үш бұрышқа ұқсайды.
- Жоғары, төмен
Балалар қай дыбысты дұрыс атады.
Ойын кезінде балалар өздерін еркін сезінді. Тапсырманы орындағанда бір - біріне көмектесті.
Жоғарғы, төменгі бөліктер

ІІІ кезең
Рефлексивті - түзету

Бүгін біз не үйрендік, достарына айтып беру.
Сабақта не үйренгенін өз бетінше айту. Ерекше көзге түскен балаларды марапаттау.
Өз ойын жеткізіп айта алды.
Күтілетін нәтиже:
Білді: Геометриялық пішіндерді дұрыс атауды
Игерді: Геометриялық пішіндердің орналасуын өз бетінше ажыратуды
Меңгерді: Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды дұрыс атауды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24.05.2023
269
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі