жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Геометриялық пішіндер туралы ертегі
«Геометриялық пішіндер туралы ертегі»
Білім беру саласы:
"Таным"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
түрі: ҚМТҚ
Тақырыбы:
"Геометриялық пішіндер туралы
ертегі"
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау;
дөңгелектенген және бұрышты пішіндер туралы түсінік
беру;
Дамытушылық:
балалардың заттарды санау арқылы логикалық ойлау
қабілеттерін, қиялдарын дамыту; геометриялық пішіндер туралы
білімдерін бекіту;
Тәрбиелік:
балаларды ұжымшылдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Оқытудың
әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, бақылау, ой
қозғау, деңгейлік тапсырмалар, дидактикалық
ойындар.
Көрнекті құралдар:
геометриялық пішіндер (сопақша, төртбұрыш,
тіктөртбұрыш, шеңбер немесе дөңгелек), санау таяқшалары, суреттер,
сандар.
Үлестірмелі
материалдар: санау таяқшалары, геометриялық
пішіндер.
Сабақтың барысы:
Шаттық
шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы таң, қонақтар!
- Көңіл күйлерін қалай?
- Өте тамаша!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Атап беріңдерші?
- Көктем мезгілінің айларын
атаңдаршы?
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Атап беріңдерші?
- Бүгін қай күн?
- Жарайсыңдар, балалар!
Ал енді балалар, біз сендермен
«Көршілерін тап » ойынын ойнайық
Енді тақтаға аялдайық!
Балалар "Жоғалған сандарды тауып беріңдерші", "Көрші сандарын табыңдаршы" - Балалар қимылмен көрсетіп, орындайды.
- Жақсы!
- Көктем мезгілі.
- Бір жылда 4 мезгіл бар.
- Жаз, күз, қыс, көктем
- Наурыз, мамыр, сәуір.
- 12 ай бар.
- Бір аптада 7 күн бар.
- Апта күндерін атап береді: дүйсенбі,
сейсенбі...
1,.3..,5
Ұйымдастырушылық-ізденістік - Ертегі
(көрініс)
"Ерте, ерте, ертеде шеңбер мен үшбұрыш болыпты. Олар
бір күні серуендеп жүріп, белгісіз фигураны көреді. Шошып кетіп,
ағаш арасына тығылып қалады да, "бұл кім екен?" деп ойлайды.
Шеңберге ұқсай ма? Жоқ. Неге? (Бұрыштары бар). Үшбұрышқа ұқсай ма?
Жоқ. Неге? (Бұрыштары бар). Үшбұрышқа ұқсай ма? Жоқ. (Бұрыштары
бар, санаңдаршы). - (4). "Жүр, атын сұрайық", - дейді шеңбер. Олар
осылай танысып.
- Мен шеңбермін, менің бұрыштарым жоқ, мен Күнге, тәрелкеге,
құймаққа ұқсаймын. Мен дөңгелек сияқты домалай аламын.
- Мен үшбұрышпын, менің үш бұрышым, үш қабырғам бар, мен шатырға
ұқсаймын.
- Сен шатырға ұқсасаң мен қабырға бола аламын.Екеуміз бірге
үй жасай аламыз.
- Балалар тағы қандай үйлер болады?
-Бір қабатты үй мен көп қабатты үйдің
айырмашылығы қандай?
Ойын «Қай пішінді жоғалттым» Суреттер: геометриялық пішіндер (атау,
жоғалған геометриялық пішіндерді табу). Балалар орындарына
отырады
Сергіту сәті.
Бойыңды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер сызып зырласын.
Балалар геометриялық пішіндерін тауып
береді.
Ертегіні мұқият тыңдайды.
Балалардың жауабы
- Пәтерлер, қабаттар, терезелер көп болады.
Көп қабатты үйлер
Балалар өлең шумағына сәйкес қимылдар
жасайды.
Балалар меніңмен бірге санамақ айтқыларың
келеме?
Санамақ
1 дегенім - білеу,
2 дегенім - егеу,
3 дегенім - үскі,
4 дегенім - төсек,
5 дегенім - бесік,
Дидактикалық ойын: «Көңілді пішіндер».
Балалар геометриялық ішіндерден әр түрлі пішіндер
құрастырады.
Мысалы: «Гүлдер», «Ою - өрнек», "Балық",
"Қоян".
Балалар санамақты
қайталады
- Осымен бүгінгі сабағымыз
аяқталды!
Қонақтарымызға арнап
балаларымыздың қолдан жасаған сыйлығын қабыл алыңыздар!
Ал, енді қонақтарымызбен қоштасамыз!
Сау болыңыздар, балалар!
Сау болыңыздар, қонақтар!
Тақырыбы: «Елін сүйген – елбасы»
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпаққа Елбасының өмір жолын,ерен еңбегі, тұлғалық тұғыры жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Балаларымызға Отанымыз жайлы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы қарапайым ұғым бере отырып, Қазақстан қалалары, ұлты, ана тілі туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз Отанын, туған жерін сүюге,өз халқын ана тілін құрметтеуге, рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Елбасы суреті, рәміздердің суреті, Астана қаласының көрікті жерлерінің суреті, слайд.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Қане балалар орнымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайық.
Шаттық шеңбері: Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейікші жараса
Сәлем саған Жер Ана
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман-есен болайық
Бейбітшілік халайық!
- Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Осы Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
- Ендеше балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз елін сүйген, елі сүйген елбасымыз, еліміздің алғаш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы обл. Қаскелең ауданында дүниеге келген. Мектепте жақсы оқыған. Ата-анасын құрмет тұтты. 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ ҚСР-нің Президенті болып сайланды. Енді балалар елбасына арнаған тақпақтарын айтып берсін.
Нұрислам: Нұрсұлтан атам Елбасы
Ел ағалары қолбасы.
Тәуелсіз елін сүйетін
Бар адам оның жолдасы.
Айкөркем: Жастарға ол сенеді
Біз жастар құр жатпаймыз
Үмітін елбасының
Шынында біз ақтаймыз
Нұртас: Сенің атың Нұрсұлтан
Туған елің Қазақстан
Мен сізден үлгі алам
Қазақстаныммен мақтанам.
Қарақат: Қазақтың тұңғыш Елбасы
Пана боп Алла қолдашы
Тіл менен дінді сақтаған
Бар қазақ сіздей болсашы.
Аяна: Орындалып арманы
Халқымызда ажарлы,
Осының бәрі әрине
Елбасының арқасы.
- Балалар осы Қазақстан Республикасы біздің туған еліміз, туған жеріміз, оны біз басқаша қалай айтамыз?
- Отанымыз
- Өте дұрыс. Отан туралы кім тақпақ біледі?
Ақжарқын: И красива и богата
Наша Родина, ребята.
Долго ехать от столицы
До любой её границы
Осы Отанымызға Елбасымыз президент болғаннан кейін 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді.
- Ал осы рәміздерімізге не жатады балалар?
- Ту, Елтаңба, Әнұран.
- Осы рәміздерімізге кім тақпақ айтып береді.
Абдуллах, Айшагүл: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
-Рахмет. Балалар біздің елордамыз қай қала?
-Астана қаласы.
-Ал осы Астанаға арнап кім тақпақ айтады?
Сабина, Айда:
Астананың аспаны
Ашық сондай әдемі.
Күннен күнге құлпырып
Жайнап өсіп келеді.
- Олай болса балалар, біз Астана қаласын тамашалауға барамыз.
(Ұшақпен Астана қаласына келеді)
Слайдтан Астана қаласының басты басты ғимараттарымен таныстырады.
- Міне балалар, мынау біздің елордамыз Астана қаласы. Астана қаласы сондай көркем. Мынау Елбасы отыратын Президент резиденциясы, одан кейін ақ мешіт, мынау Хан шатыр ойын-сауық орталығы, ал мынау болса Астана қаласының символы Бәйтерек. Осы Бәйтеректің ең жоғары қабатында Президентіміздің қол таңбасы бар. Сол таңбаға қолымызды қойып тілек айтсақ тілегіміз орындалады.
-Балалар, ұшаққа мініп балабақшамызға қайтайық.
(Ұшаққа мініп балабақшаға қайтады)
-Балалар, сендер серуендейміз деп шаршаған боларсыздар. Сергіту сәтін жасайық.
«Мен қазақпын» сергіту сәті.
-Енді балалар, біз ұлттық ойынымыз «Тақия тастамақ» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шартымен таныстырады.
-Жарайсыңдар балалар.
Бүгін біз қайда бардық?
-Қандай ғимараттарды көрдік?
-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге балалардың барлығы жақсы қатысты. Мен сендерге өте риза болдым. Жарайсыңдар, балалар, рахмет!
-Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.
Сау болыңыздар.
МКҚК №56 «Жұлдыз» бөбекжайы
Бекітілді:
Әдіскер: Бексейитова А.Е
«Геометриялық пішіндер туралы ертегі»
Тәрбиеші: Жумабаева А.А
Ақтау 2017 ж.
МКҚК №56 «Жұлдыз» бөбекжайы
Бекітілді:
Әдіскер: Бексейитова А.Е
«Елін сүйген – елбасы»
Тәрбиеші: Жумабаева А.А

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген