Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Геометриялық пішіндерді топтастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 

Геометриялық пішіндерді топтау

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндерді топтау»

Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Методикалық әдіс: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтау.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер, үлестірмелі текшелер, күн, үй, доп, гүл, пирамидалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырушы, ынталандырушы кезең (теледидардан математика Патшайымның достарының суреттерін көрсету)
Шаттық шеңбері

Армысың,алтын күн!

Армысың,көк аспан!

Армысың жер-Ана!

Армысыңдар қонақтар!


Здраствуй,солнце золотое!

Здраствуй, небо голубое!

Здраствуй матушка-Земля!

Здраствуйте гости дорогие!


Good morning , Good morning ,

Good morning to you!

Good morning , Good morning ,

 I m glad to see you




-Балалар математика Патшайымынан хат келді,оны Патшайымның достары Дөңгелек пен Үшбұрыш әкеп менің қолыма берді.

(Хатты оқу)

Сәлем достар! Мен математика Патшайымымын сендерді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне қонаққа шақырамын .Мен сендерге шақыру билетін беріп жібердім. Егерде жауабын дұрыс шешсеңдер сиқырлы меніің пойызым сендерді алып келеді.

Тәрбиеші:

-Барғыларың келе ме?
Балалар: Иә, барғымыз келеді.
Тәрбиеші:

-Балалар шақыру билетіміз жәй ғана билет емес екен ол геометриялық пішіндерден екен.(балалардан қандай пішінін,түсін сұрау,поезда кім қайда отыратынын түсіндіру пішініне ,түсіне қарай отырғызу)

«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.
Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Жүрісті үдеттік.
Гу - гу, гу - гу гуілде,
- Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.

- Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.

Тәрбиеші:.
Міне керемет! Мынау
орман алаңқайында гүл осудің орнына не өскен? Математика Патшайымы бізді қайда шақырған.

-Балалар алдымызда тұрған «Дөңгелектер әлемі». Сендер бұл жерден нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Күнді, гүлді, допты, шарды.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар. Бұның бәрі қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Дөңгелекке.
Тәрбиеші: Мынау келесі «Үшбұрыштар әлемі» мұнда нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Таулар,пирамидалар,үйдің төбесі.
Тәрбиеші: Осы көріп тұрған таулар, пирамидалар, үйлердің төбесі қандай пішінге ұқсайды?
Балалар: Үшбұрышты пішінге ұқсайды.
Тәрбиеші: Ал енді балалар мынау «Төрт бұрыштар әлемі» Бұнда нелер бар екен?
Балалар: Үйлер, есік, терезе, кітап, дәптер, текшелер, кірпіштер.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз енді осы «Сиқырлы пішіндер» әлеміне келіп тұрып қалайша бір ойын ойнамай кетеміз?

Біз поезда кележатқанда геометриялық пішіндерімізді Мыстан кемпір сиқырлап суретке айналдырғанғой. «Пішіндерді топтау» ойынын ойнайық!

Ойын: «Пішіндерді топтау».
Мазмұны:балалар суреттерді топтастырып қай сурет қандай пішінге ұқсайтынын жинайды. Осылайшы іс-әрекеттің мақсатына жетеміз.

Тәрбиеші:

-Енді балалар сергіп алайық:

Сергіту сәті:

Бойыңды сергек тік ұста,

Емін еркін тыныста,

Сол қолыңды соз алға,

Үшбұрыш сыз ауада,

Оң қолыңды сөз алға,

Дөңгелек сыз ауада.

Ойын: Гараж

Тәрбиеші:

- Жарайды, балалар, математика Патшайымен қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.

Балалар:
- Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Гу - гу, гу - гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.


Тәрбиеші: Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
Балалар: « Сиқырлы пішіндер» әлеміне.
Тәрбиеші: Онда қандай пішіндер бар екен?
Балалар: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Пішіндерді дұрыс айтып, дұрыс топтай білген балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Пішіндерді ажыратып атауы.
Түсінуі: заттардың бір-біріне ұқсас болуы.
Қолдануы: Әр түрлі заттармен, ойыншықтардан топ құрай алуы.

Қалып қойма біріңде.

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
1147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12