Gerund.Nature

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Gerund.Nature

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары 10 және 11 сыныптарға арналған.Жоспарда герундийдің ережелері қарастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақсукент Гуманитарлық техникалық

колледж директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

__________________ Ш.Давлетова

"____"_______________ 2025 ж


САБАҚ ЖОСПАРЫ № _____





АКЖ 241-топ " " 2025ж


Модуль /пән атауы: Шетел тілі

1.Сабақтың тақырыбы:Gerund.Nature

2.Сабақ түрі:Жаңа сабақ

3.Сабақтың мақсаты, міндеттері: Пән бойынша білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау. материалдардың құрылысы мен қасиеттерін зерттеу жəне олардың құрамы, құрылысы мен қасиеттері бойынша негізгі жұмыстарымен таныстыру;

4.Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызықушылығын арттыру, студенттердің дайындығын жүзеге асыру және жаңа материалдар жасау қажеттігі туралы көзқарастарын қалыптастыру;

5.Сабақтың дамытушылық мақсаты:Студенттердің есте сақтау логикалық қабілетін дамыту және сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

6. Сабақты жабдықтау : ПК, интерактивті тақта, презентациялық материалдар, үлестірмелі материалдар, плакат,оқулық.

6.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:- Ағылшын тілі кітабы,ағылшын тілі сөздігі,слайд,компьютер...

7. Сабақ бойынша рефлексия : Енді «Бағдаршам» әдісі бойынша рефлексия жасап, үш түсті стикерлерді пайдаланамыз: қызыл, сары, жасыл. «Қызыл»-маған тақырып бойынша бәрі түсінікті емес,ұнамады, «Сары»- маған тақырып бойынша бәрі түсінікті емес,бірақ ұнады,

«Жасыл»-маған бәрі де түсінікті,бәрі де ұнады (стикерлермен оқушылар белгі береді).

8. Үй тапсырмасы

Сабақ жоспарының берілген тармақтары міндетті болып табылады.


Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Оқытушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Аудиторияның дайындығын тексеру. Студенттермен амандасу:

- Good morning students!

-How are your feelings today?

-I'm good thanks !

-Sit down!

Техникалық қауіпсіздік ережелері және тәрбие жайлы түсіндіру

  1. мин)







Техникалық қауіпсіздік ережелері және қауіпсіздік талаптары:

  1. Оқытушының рұқсатынсыз сыныптағы құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға,сымдарға,розеткаларға тиісуге тыйым салынады;

  2. Оқытушының рұқсатынсыз сыныптан шығуға болмайды;

  3. Оқытушының рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды;

  4. Үстелде тек қана дәптер мен қалам ғана жатуы керек;

  5. Келушілер келгенде студенттердің орнынан тұруының қажеті жоқ;

  6. Студенттер көзді демалдыру жаттығуларын білуі керек;

  7. Қажет болса,электр тоғымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білуі керек;

  8. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек;

  9. Оқытушының рұқсатынсыз телефонмен сөйлесуге,өзара сөйлесуге болмайды;

  10. Қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтау керек.

Тәрбие туралы қысқаша мағлұмат беру (10 мин)













Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

Үйге тапсырма Өтілген тақырыптар бойынша ережелерді жаттап келу болатын.Мен үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы сұрадым.

What is a style? How many types of styles did you know?

What is a reported speech?Which difference between direct and indirect speech?

What is an official-business style?

What are a scientific and fiction style?

Өткен сабақты қорытындылау

(10 мин)

Студенттер өткен тақырыптар бойынша деңгейлік сұрақтарға жауап беріп,өтілген тақырыптар жүйеленді.Ағылшын тіліндегі стильдердің ережелері,атқаратын қызметі және түрлері,төл сөз және төлеу сөздің айырмашылықтарын,монолог және диалогтың ережелерін ,олардың айырмашылықтарын ,атқаратын қызметын түсініп,өз білімдерін жетілдірді.


Жаңа сабаққа түсіндіру

(20-мин)

Жаңа тақырып:Gerund.Nature

Герундий - өздігінен баяндауыштың қызметін атқара алатын мағынасы мен қызметі жағынан зат есім мен етістікке ұқсас жақсыз етістіктің бір түрі. Оның етістік сияқты шағы, етіс категориясы бар. Сыртқы түрі жағынан Participle I ұқсас, негізгі етістікке –ing жалғауы жалғану арқылы жасалынады. Герундий үстеумен анықталады.

Сөйлемде бастауыш, есім сөзді баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қызметің атқарады.

Герундий 2 шақта беріледі: Indefinite Active voice (reading), Passive voice (being read) және Perfect Active voice (having read), Passive Voice (having been read).

Герундий төмендегі етістіктермен қолданылады: to finish, to go on, to remember, to stop, to suggest, to mind, to give up, to be proud of, to object to, to get used to, to insist on, to think of, to succeed in, be fond of.

Tұйық етістік – инфинитив етістік пен зат есімнің қызметін атқаратын етістіктің жақсыз формасы. Әдетте инфинитив to демеулігімен қолданылады.

Tұйық етістік сөйлемде бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштың қызметін атқарады.

Тұйық етістікке тән шақ және етіс категориясы бар.

Tұйық етістік 4 шақта беріледі: Indefinite Active voice (to ask), Passive voice (to be asked), Continuous Active voice (to be asking) және Perfect Active voice (to have asked), Passive Voice (to have been asked), Perfect Continuous Active voice (to have been asking).Герундий – бір уақытта болып жатқан процесті көрсететін етістіктің бір формасы. Оған етістіктің қасиеті және зат есімнің қасиеті тән. Етістіктің түбіріне – ing жалғануы арқылы жасалады.

Мысалы: to read – reading.

We like sleeping. – Біз ұйықтағанды жақсы көреміз.

Герундий арқылы көрсетілетін іс-әрекет адам немесе затқа ара қатынасын білдіреді. Қазақ және орыс тілдерінде герундий жоқ. Мағынасы жағынан оған оглаголенные зат есімдер сәйкес келеді, мысалы, оқу (чтение), күту (ожидание) және т.б.

I go in for swimming — Мен жүзумен айналысамын.

Go on doing your exercises — Жаттығу жасауды жалғастырыңыз.

Ол сөйлемде зат есім және етістік қызметін атқарады. Бұл екі қасиеттерді герундий жиі атқарады. Етістік сияқты герундий де үстеумен анықталып, өзінен кейін тура толықтауышты қажет етеді:

Thank you for helping us with our work. — Біздің жұмысымызға көмектескеніңіз үшін сізге рахмет.

Ал зат есім сияқты демеуліктермен қолданылып, тәуелсіздік есімдіктермен немесе зат есімнің тәуелсіз формасымен анықталады.

I am fond of reading travel books. — Мен саяхат туралы кітаптарды оқығанды жақсы көремін.The Indefinite forms – негізгі етістіктегі іс-әрекетпен қатар болып жатқан іс-әрекетті білдіреді. Мысалы: We think of going there in the summer. — Біз онда жазда баруды ойластырып отырмыз.He likes being invited by his friends. — Ол достары шақырғанды ұнатады.

The Perfect forms – негізгі етістіктегі іс-әрекеттен бұрын болған іс-әрекетті білдіру үшін қолданылады.Мысалы: He denied having done it. — Ол оны істегенін мойындамады.

I remember having been shown the letter. — Менің хатты көрсеткендері есіме түсті.



Noun Characteristies of the Gerund

Сөйлемдегі қызметі

1) Subject (бастауыш): Going in for sport is useful.— Спортпен шұғылдану пайдалы.

2) Predicative (баяндауыш): My hobby is reading books. – Менің хоббиім кітап оқу.

3) Object (толықтауыш):

  1. a) non- prepositional object (предлогсыз тура толықтауыш): I like reading— Маған кітап оқыған ұнайды.

  2. b) prepositional object (предлог бар жанама толықтауыш): I am found of reading. — Мен кітап оқығанды ұнатамын.

4) attribute (анықтауыш)- of, for, in предлогтары қолданылады. I have pleasure of reading books. – Мен кітап оқығаннан лаззат аламын.

5) adverbial modifier (пысықтауыш) мынадай предлогтардан кейін қолданылады:

а) adverbial modifier of manner: by, without: You can’t take your skirt tighter by taking in a little at one seams. -Сен юбкаңды 1 тігіспен біріктіріп тіге алмайсың.

  1. b) of time (уақыт пысықтауыш): on, upon, after, before бұл предлогтардан кейін герундийдің I nd формасы: After reading I went for a walk – Оқып болғаннан кейін қыдыруға шықтым.

с) of reason (себеп-салдар пысықтауыш): through, because – ofWe were ashamed because of coming so early. – Біз соншама ерте келгеніміз үшін ұялдық.

  1. d) of concession (уступки): in spite of: In spite of being diligent pupil this time he couldn’t cope with the task. — Ол ұқыпты оқушы бола тұра бұл жолы бұл тапсырманы орындай алмады.

е) of circumstances (сопутствие): without: She crossed the room without looking at us. — Ол бізге қарамастан, бөлмені кесіп өтті.

6) Complex verbal predicate (күрделі баяндауыш): He stopped reading.- Ол оқуды тоқтатты.

Модальдық етістіктерден кейін герундий қолданылмайды.

Төмендегі етістіктерден кейін герундий күрделі баяндауышта қолданылады:

to finish, to beep on, to go on, to stop, to give up, to leave off – бәр нәрсе істеуді тоқтау

to burst out – қатты айту

to continue- жалғастыру

to begin, to start – бастау

to result in – нәтижесі болу

to spend in – уақытын кетіру

to succeed in – табысқа қол жеткізу

to look forward to – сүйсіне күту

to be found of – қатты жақсы көру

to be pround of – тәккаппарлану, мақтан ету

Ситуациялық

сұрақтарға жауап беру (5-мин)






Қорытынды бағалау:

(3-мин)

Қорытындылай келе,студенттер Герундийдің ағылшынша ережелерімен танысып,оның атқаратын қызметін,мысалдарын түсінді.тақырыпқа байланысты жаңа сөздермпен танысып,Nature атты мәтінде оқыды және оны қазақ тіліне аударды.Тақырыпқа байланысты деңгейлік тапсырмалар орындап,деңгейлік сұрақтарға жауап берді.Сонымен қатар,сабақ барысында барынша белсенділік танытп,баллдық шкала арқылы бағаланды.


Рефлексия

(3 -5мин)


Сабақтың соңында білімгерлер рефлексия жасайды:

- нені үйренді;

- немен қайта жұмыс жасау керек;

Бағалау (3-мин)

Көрсету режиміне қоюға болады

Студенттерді жеке-жеке бағалау-журнал.

Үйге тапсырма

(2ин)

Howework:Герундийге арнап 10 ағылшынша сөйлем жазып келу




Дайындаған оқытушы: Мирзахматова М.Ё












































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2025
113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі