Ғғ - дыбысы және әрпі.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғғ - дыбысы және әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашу негіздерінен ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақмола облысы білім баскармасының

Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі

Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»









Ашық сабақ

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Ғғ дыбысы және әрпі. Ғарыш әлемінде.





Тәрбиеші: Каримова А.Е.







2022-23 жыл




«Ақмола облысы білім баскармасының

Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі

Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»

Мектепалды сынып мұғалімі: Каримова Айжан Еслямгалиевна

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Ашық сабақ тақырыбы: Ғғ дыбысы және әрпі. Ғарыш әлемінде.

Ашық сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ғғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, «Ғғ» дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту.

Дамытушылығы: Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасату, жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелілігі: Ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. Smart технологиясы. СТО технологиясының стратегиялары.

Көрнекіліктер: Үлестірмелі суреттер, карточкалар, буклет,слайд т.б

Іс-әрекет кезендері: Тәрбиеші әрекеті. Балалардың іс — әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру.

-Балалар кәне, орнымыздан тұрайық, шаттық шеңбер құрайық, амандасып алайық.

Алақанды ашайық,

Күннің көзін жасайық.

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын шашайық.

Күлкімізді әдемі,

Қонақтарға шашайық. Сәлеметсіздер ме!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру іздестіру

-Балалар,қазір қандай оқу қызметі? Өткен сабақты еске түсіру.

-Балалар ,өткен сабақта қандай әріптермен танысып едік? Өткен әріптерді еске түсіріп, дауысты, дауыссыз екенін ажыратады.

«Сөз ойла ,тез ойла» ойыны. Ойында балалар өткен әріптер кездесетін сөздерді тауып айту керек.

Аа, Нн, Тт, ,Рр Ана,Ата, Ара Тамаша!

Жаңа сабақ

Өлеңді оқу. Балалар өлеңді тыңдайды.

Ғарышқа сапар

Ғаламат ерлік көп қандай,

Ғажайып неткен ел еді!

Ғарыштан келген Тоқтардай

Ғарышкер болғым келеді. Е. Дүйсенбайұлы.

Өлең кім туралы ,не туралы?

-Дұрыс айтасыңдар Ғарыш. Ғарышкер.

Ға –рыш, Ға-рыш-кер сөзінде неше буын бар?Алақанымызбен шапалақтап көрсетеміз. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбысымыз Ғғ дыбысы, Ғғ әріпі. Ғғ дыбысын тақтаға іліп таныстыра отырып қасиетін сипаттау. Ғғ дыбысы мен әрпі сөздің басында немесе ортасында кездеседі.Сөздің аяғында мүлдем кездеспейді .Ғ дыбысы кедергіге ұшырап қысқа айтылады.Олай болса қандай дыбыс екен?

-Қазақстанның алғаш ұшқан ғарышкерлері -Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып аспан әлемін зерттеді.

-Аспанда нелер болады ?

Күн,ай,жұлдыз,жер тағы басқа аспан денелері (планеталар) болады. Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

-Сендер ғарышқа ұшқыларың келе ме? Балалар ғарышқа ұшпас бұрын біз топтасып, топ құрып алайық.

-Сендердің алдарыңда қима суреттер бар ,сол суреттерді құрастыра отырып, топтың атын білетін боламыз.

Балалар сурет қиындыларын құрастыру арқылы топтарының атын айтады.

1- Күн тобы

2- Ай тобы

3- Жұлдыз тобы

Жарайсыңдар ,балалар!

Ғарышқа ұшу үшін сендерге көп білім алып, көп үйрену керек. Ал біз бүгін ғарыш әлемінде көп нәрсені білетін боламыз. Әр топқа сұрақ.

1.Күн тобына сұрақ: Зымыран бізге не үшін қажет? Ғарышқа ұшу үшін.

2.Ай тобына сұрақ: Зымыранмен кімдер ұшады? Ғарышкерлер ұшады.

3.Жұлдыз тобына сұрақ: Зымыран ұшатын жерді не деп айтамыз?

Ғарыш айлағы деп аталады.

Олай болса ғарыш айлағына кеттік. Ғарышқа ұшуға дайынбыз ба? Басымызға скафандрамызды киейік, белбеуімізді тағамыз. Балалар біз аспан әлемінде әр түрлі ғаламшарларға кездесетін боламыз және әр ғаламшарда әр түрлі тапсырмалар бар екен. Сондықтан тыныш отырып,мұқият тапсырманы орындаймыз. Ғарыштың қызықты тапсырмаларын орындап, ғарыш туралы білетін боламыз. Бізге сол тапсырмаларды жақсы етіп орындау керек . Олай болса кеттік.

-Ұшып келеміз, міне бір ғаламшарға да жақындап қалдық. Қараңдар алдымызда жарқыраған үлкен ғаламшар көрінеді. Балалар қонуға дайындалайық. -Біз қандай ғаламшарға тап болдық?

-Жарқырап тұрған күн екен. мұнда біреулер жүр.Олар кім болды екен?

-Роботтар.

1- Роботтың тапсырмасы: Топтарға сұрақ қою

Күн тобына -Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Ай тобына -Дауысты,дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Жұлдыз тобына -Дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді? Жарайсыңдар!

Робот ағамыз сендерге өте риза болды.

Келесі Марс ғаламшары.

2-Марс тапсырмасы: Әр топқа карточкалар беріледі. Балалар сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Ғарыш, ғарышкер, ғаламтор. Тапсырманы әр топтан бір бала тақта алдына орындайды.Ал қалған балалар өз орындарында орындайды.

Келесі Ай ғаламшары.

Сергіту сәті «Көңілді күй»

3- Ай тапсырмасы:

Суреттегі сөздерді атап буынға бөлеміз. Ағаш, торғай, қарға, қарлығаш, шағала,таға т.б сөздерін буын санына байланысты лэпбук вагондарға буын санына қарай орналастырады. Екі буынды сөзді екінші вагонға, үш буынды сөзді үшінші вагонға орналастырады. Мысалы: «Ғарыш» деген сөзде екі буын бар деп толық айтады.

Келесі Сатурн ғаламшары.

4- Сатурн тапсырмасы. Тіл ұстарту жаттығуы .

Ға-ға-ға, аға

Ға-ға-ға ,киімде бар жаға.

Ға-ға-ға, таға

Ға-ға-ға алдым жақсы баға. Тамаша!

Келесі Жер ғаламшары.

5- Жер тапсырмасы.

Үйреніп ал «Ғ»-ны,

Сұра, болса ағаң.

Көріп пе ең шалғыны,

Аумайды ол содан. Ж.Әбдірешов.

Тақтадағы суреттерге қараңдаршы Ғ әрпі неге ұқсайды. (Тақтадағы суреттерді Ғ әрпімен салыстырып, шалғыға ұқсайтынын табады) Берілетін ұғым: Ғ әрпінің таңбасымен танысады, Шалғының суретімен таныстырып кету. Ауада балалармен бірге жазып көрсету. Тақтаға бормен жазу.

Рефлексивті - түзетушілік

Дәптермен жұмыс. Сендер үлкен болғанда ғарышкер болам деген балалық армандарың үлкен азамат болғанда орындалады деп сенемін, ол үшін білімді болуымыз керек. Білімімізді әліппе - дәптер тапсырмасын орындаумен сынап көрейік. Дәптерде Ғғ дыбысын бастырып жазу.

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? Қай әріпті жаздық?

-Ғ дыбысы дауысты дыбыс па,әлде дауыссыз дыбыс па?

Аспан, аспан арайлым,

Аспанға көп қараймын.

Көк аспанды зерттейтін

Мен ғарышкер боламын. Керемет!

Балаларды мадақтау.

Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін нәтиже:

Берілетін ұғым: «Ғ» дыбысы келетін сөздермен танысады, буынға буын қосу арқылы ғ дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін үйренеді, дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратады

Өзіне үйренгені. Тақтаға шығып орындайды. Шалғыға ұқсайтынын айтады. Ауада жазады. Мұғаліммен бірге қайталайды. Топтық жұмыстарын орындайды.

Үйрену: Сұрақтарға толық жауап беруге үйренеді.







Picture 14

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2025
29
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі