Ғғ дыбысы және әріпі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғғ дыбысы және әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу түрлерін буындап оқу, тұтас оқу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС «KEMENGER» жалпы білім беретін мектеп

Қысқа мерзімді жоспар

     

Әліппе 61-сабақ


Бөлім

Әліппе кезеңі

Педагогтің аты-жөні

Джаримбетова К.У

Күні:

17.11.2025ж

Сынып:1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

61 Ғғ дыбысы және әрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады; ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына

тиісті тыныс белгіні қояды.

Сабақтың мақсаты

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізеді

Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады

Мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап береді

Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтыңбасы 5мин

Психологиялық ахуал орнату.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!.

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін

Құндылық: отбасының құндылығын түсіну;

Ай құндылығы: әділдік және жауапкершілік айы

Апталық дәйек сөз:«Тура биде туған жоқ

«Үш қадам» әдісі

1.Көңіл – күйіміз қалай?

2.Сабақты бастауға дайынбыз ба?

3.Сабақты сәтті аяқтаймыз ба?

Өткен сабақты қайталау Ғ дыбысына берілген сөздерді оқиды

Оқушылар сабаққа назар аударады.

Оқушылар шарлардың қозғалысына қарап,сабаққа дайындықтарын көрсетеді

Бағалау парақшасы

«Айға ұшамын»



Сабақтың ортасы

10 мин


ФС 1-тапсырма Топтық жұмыс

ОДД:білу,түсіну,қолдану

«Тез оқы » әдісі ОДД:білу,түсіну,қолдану

Мәнерлеп оқу әдісі арқылы буындап оқу

2.Бағанда берілген сөздерге «ы» дыбысын жалғап оқуды қадағалау. Өзгеріске түскен дыбысты анықтау, дыбыстық талдау жасау.


тарақ – тарағы

тауық – тауығы

моншақ – моншағы

3.Сызба бойынша сөздерден сөйлем құрау. Құраған сөйлемдерін дәптерге көшіріп жазу.


.Талғат шаңғы алды. Ағам шалғы тартты.


ЕББҚ ететін(ойлау деңгейі төмен ) балаға тапсырма сөздерді оқиды


  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

Жетістік критерйиі

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізеді

Дескриптор:

- сөздерді буындап, қосып оқиды

-сызба бойынша сөздерді оқиды

-қорытынды жасайды









10 мин

ҚБ 2-тапсырма Жеке жұмыс

ОДД:білу,түсіну,қолдану

«Көркем жазу» әдісі

Нұсқау: Жазылым.

  1. Оқулықтағы «ғ» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Ғ» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  1. «Ғ» әрпін ауада жазып көрсету.


ЕББҚ ететін(ойлау деңгейі төмен ) балаға тапсырма Ғ әріпін жазады


Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Берілген сөздермен сөйлем құрап жазады, сөздерді сызба-модельге

сәйкес буынға бөледі, мәтін құрайды

Жетістік критерийі:

Сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзетеді


Дескриптор:

- жазу жолын, жол аралық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтайды

- әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады.

Тиісті түспен бояп, буынға бөледі


5 мин

Сергіту жаттығуы


Балалар бірге орындайды

Жарайсыңдар


10 мин


3–тапсырма

Жұптық жұмыс

«Құрастыр және сәйкестендір» әдісі

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Буындардан сөздер құрап, оқы (соғым, сағым, сағыз, тоғыз, тоғай). Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

  1. деңгей:

Сөздерден сөйлемдер құра.

  1. деңгей:

Сөйлемдермен шағын мәтін құра.



Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


Жетістік критерийі:

Сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзетеді

Дескриптор:

саралау тапсырмаларын орындайды.

Дәптер





Сабақтың соңы

5 мин

«Білім заряды» әдісі (Бағалау)

Бүгінгі сабақты толық түсіндім (8,9,10 заряд)

Бүгінгі сабақты түсіндім, сұрағым бар(5,6,7)

Бүгінгі сабақты түсінбедім (1,2,3,4)

Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинаған білім зарядтарының саны арқылы анықтайды.

«Комментарий»

арқылы

Зарядтар,

«Білім заряды» таратпасы















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2025
79
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі