400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғғ дыбысы мен әріпі ҚМЖ даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғ дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ғ дыбысының орнын ажыратады. Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері

ТАҚЫРЫБЫ: Ғарышқа сапар.

Ғ дыбысы мен əрпі

Күні: 23.01.2021

ҰОҚ-ның мақсаты

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сурет желісі бойынша сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды.

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Ғ дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс, ғ дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ғ дыбысының орнын ажыратады.

Ғ əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Ғ дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ғ дыбысының орнын ажыратады.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ғ əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Ғ дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :

Сұраққа жауап бере отырып, əңгіме құрастырады. Сөйлем сызбасын салып, сөздердің санын анықтайды. Сөздерді буынға бөліп дыбыстық талдау жасайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Ғаламат, ғарыш, ғарышкер.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Өлеңді тыңдап, мазмұндайды.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Сөзге дыбыстық талдау жаса.

Ғ дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұр?

Алдынғы оқыту

Сөйлем құрастыр. Заттардың атын ата. Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді?

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылық ояту 0-3 мин






Негізгі бөлім 4-12 мин










13-27мин

Педагог балалардың оқу қызметіне ынтасын тарту

мақсатында шаттық шеңберге тұрғызып, өлең жолдарын

қимылмен айтқызады.

Қайырлы таң, балалар!

Арайлап таң атты.

Алтын сəуле таратты,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы таң достарым!

(Ұ) Педагог балаларға қазақтың алғашқы ғарышкеріТоқтар Əубəкіров, Талғат Мұсабаев жəне АйдынАйымбетовтың суреттерін көрсетіп əңгімелейді.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма

Өлеңді оқиды. Тоқтар Əубəкіров суретін қайталап балаларға көрсетеді. Сурет бойынша балалар өз ойларын айтады.

Педагог сұрақ қояды.

Ғарышқа кім ұшып барады?

Сұраққа жауап бере отырып, балалар əңгімелеседі.

2-тапсырма

Сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Ғ дыбысы сөздің қай жерінде тұр?

Ғарыш суретіне қарап, не көргендерін айтады.

Ғарыш, ғарышкер сөздерін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Ғ дыбысымен танысады. Сөздің бірінші буынында алдында естілетін дыбыс Ғ дыбысы екенін табады.

Ғ – ұяң дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысының артикулияциясымен таныстырады.

3-тапсырма Ұшатын, ұшпайтын қасиеттеріне қарап, заттарды бір-бірімен

қосады.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Шағала, ағаш, таға, шаңғы, торғай, қарға, қырғауыл сөздерін буынға бөліп, оларды қатыстырып, сөйлем құрайды.

Сөздердегі Ғ дыбысы естілген буынды табады.

(Ұ) Сергіту сəті.

Балалар «Ұшты-ұшты!» ойынын ойнайды.

Педагог ұшатын затты айтса, қолдарын жайып ұшқанды көрсетеді, ұшпайтын затты айтса, қолдарын төмен түсіріп билейді.

Ойын 2-3 рет ойналады.

4-тапсырма

Педагог тақтадағы Ғ əрпінің бейнесімен таныстырып шалғының суретімен салыстырады. Балалар Ғ əрпінің бейнесімен таныс болады.

Ғ əрпінен басталатын сөз ойлап айтады. Буынға бөледі.

Ж. Əбдірашовтың ғ əрпі туралы өлеңін оқып, ғ əрпінің шалғыға ұқсайтынын айтады, суреттен көрсетеді.

5-тапсырма

Ғ əрпінің бейнесін пішініне қарап отырып, домино тастарынан жасайды. Ғ əрпінің баспа түрін жазады.


Ғарышкерлер

портреттері.







Əліппе-дəптер.








Қызыл, көк

дөңгелектер.






Баяу музыка

жазылған

үнтаспа.





Əліппе-дəптер.






Домино

тастары.





Əліппе-дəптер.

Қорытынды бөлім

28-30

Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктерін бақылауы бойынша талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды

Əліппе-дəптер.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі