|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балалар,
қазір жылдың қай
мезгілі?
-
Көктемде
кандай
өзгерістер
байқадыңдар?
-
Ағаштардан қандай өзгерістер
байқадыңдар?
-
Құстар
жайлы не
байқадыңдар?
-
Сендер көктемнің өзгерісін
жақсы біледі екенсіндер. Енді көктем айларын кім атап
береді?
-
Наурыз, сәуір,
мамыр.
-
Бүгін қай күн екенін еске
түсірейік.
-
Балалар, сауат ашу сабағын мынандай
жұмбақ, шешуден бастайық.
Жұмбақ
Көп әріп
ішінде,
— Шалғы
пішінде.
Тап, мұны түсін
де.
(Ғ
әрпі)
-
Балалар ғ
дыбысын
айтып көрейік.
-
Ғ қандай
дыбыс ?
-
Неліктен
дауыссыз?
-
Қандай текшемен
белгілейміз?
-
Ғ дыбысына байланысты
кім тез
сөздер тауып
айтады?
-
Қане кім "балға" сөзін тақтаға
текшелер арқылы жазып береді? (Бір бала
тақтаға балға сөзін жазып
береді, буынға бөледі, қалған
балалар орындарында отырып
дауыстап айтады шапалақ ұру арқылы буынға
ажыратады).
-
Енді,
Ғ дыбысына
байланысты жаңылтпаш
үйренейік.
Жаңылтпаш:
Ағабай
ағасын,
Ағатай
ағасың!
Аға деп
бағалар,
Ағаның
бағасын.
(Хормен. топтап айтып
үйретіледі.)
Сергіту
сәті:
Солға, солға түзу
тұр.
Оңға, оңға түзу
тұр.
Алға
қарай
бір
адым
Артқа
қарай
бір
адым
Жоғары
төмен
қарайық
Орнымызды
табайық.
Сендер орындарынды қарап
жүргенде мен бір жұмбақ тауып
алдым.
Жұмбақ: Жоқ
өзінде бас
та,
Қас та мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр
бойында.
(Сызғыш)
Сызғыш сөзіне дыбыстық
талдау жасайды.
- Екінші буын қай
дыбыстан
басталады?
- Дыбысты біз айттық, естідік, енді Ғ дыбысынын
таңбасымен танысайық. (Баспа және
жазба түрі көрсетіледі).
- Ғ
әрпін ауада жазып көрсетелік (балалар бірге ілесіп
жазады).
- Дәл
ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап үзік
сызықтарды қосып, F
әрпін жазамыз.
Ойынның шарты: Балаларға қағаздан сәндеп
жасалынған ракета
үлгісі көрсетіледі де кім
ғарышқа ұшқысы келсе, мұндағы тапсырмаларды дұрыс орындау керектіп
ескертіледі. Бір-бірден ала
отырып, өткен әріптерге жұмбақ
жаңылтпаш, санамақтар айтады. Ойын мақсаты балалардың білімге
құштарлығын арттырып, өткен әріптерді есте сақтауға
дағдыландырады.
Ребус
шешу:
Ж +
аға (аға бейнесін салу)=
Жаға
Шешуі: (сандық, жаға,
таға)
Ойын: "Сөйлемді
толықтыру"
1.
Өзімнен үлкен
бауырым........(аға)
2.
Қыз құлағындағы әшекей......
(сырға)
3.
Атам
ат.........(тағалады)
"Орамал
тастамақ" ойыны,
ойын кезінде өтіткен әріптер
бойынша басқа
дыбысты айтып,
балаға орамал
лақтырады.
Бала
сөз ойлап, қайта тәрбиешіге
лақтыру керек. (б, а, л, ғ, а
дыбыстары
айтылады.) Осы
дыбыстардан сөз құрап, тақтаға кеспе әріптер
арқылы жаздырады. "Балға, аға,
алға".
|
Сұрақтарға жауап
береді.
Жұмбақтарды шешеді. Жауабын
тауып айтады.
Ғғ дыбысын хормен айтады.
Дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін анықтап, қызыл немесе көк
текшемен белгілейді.
Жаңылтпашты тәрбиешімен бірге
қайталайды.
Ғғ дыбысы кездесетінін
сөздерді айтады.
Ғғ дыбысының кездесетін орнын
айтады.
Әліппе- жұмыс дәптерінде
берілген сөздерді дыбыстық талдау
жасайды.
Әріптің баспа және жазба
түрімен танысады. Баспа түрін ауада жазып көреді. Әліппе- жұмыс
дәптерін толтырады.
Сергіту сәтін
жасайды.
Берілген оқу жолын хормен
оқиды.
Бір-бірден ала
отырып, өткен әріптерге жұмбақ
жаңылтпаш, санамақтар
айтады.
Ойын кезінде өтіткен
әріптер бойынша басқа
дыбысты айтып,
балаға орамал
лақтырады
|