400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гиббс фазалар ережесі тақырыбында ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал химия пәнінің мұғалімдеріне арналған. ЖОО студенттеріне де қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

16.

Гиббстің фазалар ережесінің теңдеуін бір компонентті, екі компонентті жүйелер үшін өрнектеп көрсетіңіз.


Термодинамиканың екінші заңының негізінде, Гиббс фаза (Ф), компонент (К) және еркіндік дәреже саны (Е) арасындағы байланысты анықтайтын әйгілі теңдеуін қорытындылады.

E=K-Ф

Бұл теңдеу фазалар ережесі немесе фазалар тепе-теңдігі заңы деп аталады.

Фазалар ережесі былай оқылады: жүйенің еркіндік дәреже саны компоненттер санынан фазалар санын алып тастап, айырмасына екіні қосқанға тең. Яғни бұл жерде :

Е-еркіндік дәрежесі (хусайнов китабында С деп келеди)

К-компонеттер саны

Ф- фазалар саны

Жүйенің еркіндік дәреже саны деп жүйедегі тепе-теңдікті (фазалар санын) бұзбай отырып өзгертуге болатын термодинамикалық параметрлердің санын айтамыз. Компоненттердің көбеюімен еркіндік дәреже саны өседі, ал фазалардың көбеюімен азаяды.

Еркіндік дәреже саны әрқашан оң сан болатындықтан жүйедегі фазалардың саны К-2-ден аспайды.

Фазалар ережесін 1876 ж. америка ғалымы Дж.Гиббс қорытып шығарған. Бұл ереже фазалар тепе-тендігі туралы ілімнің негізі болып табылады. Гетерогенді жүйелердің тепе-теңдігін зерттеу Н.С.Курнаков және басқа ғалымдардың еңбектері нәтижесінде Я.Вант-Гофф, Б.Розебом, одан әрі дамытылды.

Жүйенің тепе-теңдік күйіне температура мен қысымға қоса тағы басқа сыртқы факторлар (электр не магнит өрістері, гравитация өрісі, т.б.) әсер ететін болса Е=К-Ф-тендеуі былайша жазылады:

E=K-Ф+n,

мұнда n - жүйеге әсер ететін сыртқы факторлардың жалпы саны.

Егер тепе-теңдікке сыртқы факторлардың ішінен қысым не температура ,

әсер ететін болса фазалар ережесінің теңдеуі былай жазылады:

E=K-Ф+1

(XII. 20)

Соңғы (XII. 20)-теңдеу бойынша жүйенің варианттығын шартты варианттық (Eшарт)

атайды.

Температура мен қысым екеуі тұрақты болған жағдайда:

Eшарт. =К-Ф

Егер тепе-теңдіктегі екі фазаның (мысалы, сұйық және қатты фаза) құрамдары бірдей болса, олардың концентрацияларының теңдiгi С(c) =С(қ) ескеріліп, Гиббстің фазалар ережесі былай жазылады:

Eшарт = K - Ф + 2 – 1

Сыртқы факторлардан тек температура мен қысым әсер ететін бір компонентті системаның тепе-теңдігі үшін Гиббстің фазалар ережесі мына формула түрінде бейнеленеді:

С = 3 – Ф (3.54)

Бұл (3.54) – теңдеу бойынша, бір компонентті системада тепе-теңдікте болатын фазалардың (максималь) саны үшке тең, яғни бір мезгілде тепе-теңдікте үш фазадан артық фазалар болмайды.

Екі компонентті (немесе бинарлы) жүйелер үшін Гиббстің фазалар ережесі жалпы түрде былай жазылады:

E=2-Ф+2=4 - Ф

(XII. 47)

Бұдан екі компонентті жүйелерде тепе-теңдікте болатын фазалардың ең көп саны төрттен аспайтынын көреміз. Тепе-теңдікте бір мезгілде төрт фаза болатын болса

(XII. 47)-теңдеу бойынша жүйе инвариантты болады (Ф= 4; Е= 0). Төрт фазалы тепетеңдікті көрсететін нүктені төрттік нүкте деп атайды. Жүйеде үш фазаның тепе-теңдігі болса, ондай жүйе моновариантты (Ф= 3; Е= 1); екі фазалық тепе-теңдікте дивариантты (Ф= 2; E = 2); бір фаза болса тривариантты (Ф = 1; E = 3) болады.

Е-еркіндік дәрежесі (хусайнов китабында С деп келеди)

К-компонеттер саны

Ф- фазалар саны



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
1236
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі